Қазақ тілі | Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдістері
Мазмұны
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ЖАСАМ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Түбірлер мен қосымшалар арасындағы сабақтастық
1.2 Сөздердің сөз жасам жүйесі
ІІ ТАРАУ. ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ НЕГІЗГІ СӨЗЖАСАМ ӘДІСТЕРІ
2.1. Түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісі
2.2 Аффикстер арқылы сөзжасам әдісі
2.3 Қытай тіліндегі басқа да сөзжасам әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді.
Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған.
Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық.
Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы.
Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады.
Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету.
Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер жүктелді:
– түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды - семантикалы сабақтастықты анықтау;
– сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету;
– сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау;
– синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау;
– түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау;
– аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан, тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ, қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің « Қытай тілінің лексикасы» атты еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С « Сөзжасам» еңбегінен сөзжасам процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ, ал, Семенас Л,А «Қытай тілінің лексиколгиясы», Хаматова А:А «Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы» еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай үлес қосты.
Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлімнің екі тарауынан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеті көрсетіліп, қолданылған әдебиеттерге жалпы шолу жасалынды.
I тарау « Қытай тіліндегі сөзжасам жайында жалпы түсінік» тоқталып өтсек, түбір мен қосымшалар арасындағы тығыз байланысты және сөзжасам жүйесінің негізгі ғылыми ұғымдары – сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек және туынды сөзге ғылыми анықтама беріліп, талданды.
«Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдәстері» атты II тарауда сөзжасам процессінің орындалу жолының негізгі тәсілдері ұсынылып, осы тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздің құрылымын тұлғалық жағынан мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы талқыланды.
Диплом жұмысымыздың қорытынды бөлімінде мақсаттарға жету мен міндеттерді орындау барысында алынған нәтижелер мен ой түйінделеді.
Қорыта келгенде, қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі саласы.

Сөзжасам дегеніміз – зерттеу заты мен объектісі және бірлік пен құрылым арасында байланысы бар тіл білімінің дербес бөлімі, ол тіл білімінің де салаларымен тығыз байланыста болады. Әр тілде сөз жасам мен тіл білімінің салаларының байланысы түрлі формада болуы мүмкін және сан алуан деңгейдегі сіңісу де болуы ықтимал. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығаның бірі ол тілдің барлық сөздерін қарастырмайды, тек туынды сөздерді зерттейді.
Сөзжасам – сөздердің жасалу әдістерін зерттейтін, тілдің сөз жасамдық жүйесін бейнелейтін лексикологияның бір бөлігі. Сонымен қатар, сөз жасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм және тілдің номинативті әрекет өрісі.
Жалпы сөз жүйесінің процессінде, сөзжасам – күрделі сөз және туынды сөз болып екіге бөлінеді. Е.С. Кубрякованың пайымдауынша, “туынды сөз” терминіне әдеттегіден әлдеқайда кең мазмұнды енгізеді: туынды сөз құрамына күрделі сөз және аббревиатуралар, яғни қысқарған сөздер, конверсияланған бірліктер және сөз жасам құрылымындағы басқа да барлық қосымша түрлері кіреді. Туынды сөз ең кем дегенде бір толық мағыналы морфема мен аффикс немесе бірнеше толық мағыналы морфемалардан құралуы тиіс [10,58 бет].
Қытай лингвисі Цюй Фуюань туынды сөзге сөздерді қосу және түбірлерді біріктіруді жатқызып, тарихи (диахронды) және сипаттамалы (синхронды) сөз жасамды ажыратты. Синхронды сөз жасам қарым – қатынаспен қатар жүрген бірліктерді зерттесе, диахронды – бір бірліктің басқа бірлікке айналу процессі [27,121 бет].
Қазіргі қытай тілі сөздерінің көп бөлігі дәрәжесі төмен бірліктерден, яғни, өзара бір-бірімен байланысқан және белгілі бір ара қатынаста болатын морфемадан тұрады. Сонымен қатар, сөздің құрылымы, жасалу негіздері сөз жасамның негізгі мәселелерінің бірі болып есептеледі.
Айта кетер бір жәйт, мейлі орыс тілінде, қытай тілінде, қазақ тілінде болсын сөз жасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысына қатысты толық ортақ пікір жоқ. Л.А. Булахова, П.С.Кузнецов, Ф.Ф.Фортунатов, сынды орыс лингвистері мен қытай лингвисі Лян Да сөз жасамды морфологияның бір тармағына жатқызатын болса, А.А.Шахматова, Л.В.Щербы, Г.О.Винокура, А.Л.Реформаторский, Н.Д.Арутюнова, В.В.Лопатина, Гао Яочи, Чжан Цзина сынды лингвистер сөз жасамды морфология және синтаксиспен қатар грамматиканың бір бөлімі деген пікірлерін ұсынады. Ал кейбір орыс және қытай ғалымдарының, соның ішінде К.А.Левковская, Ван Цин, А.И.Смирнидский, Сунь Чаньсуй, У Чжанкунь және Ло Шихон бір ауыздан сөз жасамды лексикологияға жатқыза отырып, морфологиямен де байланысы бар деген де ұсыныстар айтты.
Алайда, соңғы жылдары қанатын кең жайған тіл білімі Ресейде болсын, шет елде болсын мүлде басқа пікірлерді ұсынады, яғни, сөз жасам –фонетика, морфология және лексикология, синтаксис сияқты тіл білімінің үлкен бір тармағы. Бұл көз¬қарас орыстың озық ойлы ғалымдары Е.С.Кубрякова, Б.Н.Головина, Л.В.Сахарн, Н.А.Янко-Тринидский және қытай лингвистері Лу Чживэй, Сюэлян, Чжан Шоукуан және т.б ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты.
Дәстүрлі грамматикада құрылымдық жүйе негізінде бөлінген тіл білімінің салалары бір-бірінен мұлде ерекше бола алмайды. Өйткені негізгі зерттеу нысаны сөз болғандықтан, оның дыбыстық жағы, құрамы, жасалуы, тіркесуі, ойды білдіруі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ғана анықталады.
Сөзжасамдық процесс, жаңа мағыналы сөз жасауға қызиет етеді. Ал кез-келген сөз – лексикологиянық зерттеу нысаны. Демек, сөзжасамның нәтижесі саналатын туынды сөз лексикалық құрамды толықтырады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде туындаған сөздер мағыналық дамудың барысында жаңа мағынаға ие болады. Тіпті дамытып, жетілдіріп отыратын да осы процесс. Яғни лексикология сөзжасамдық процесс нәтижесінде пайда болатын дайын тілдік материалдың сөздік құрамын, мағынасын анықтаумен айналысады. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде барлық жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер, қос сөз бен біріккен сөз, фразеологиялық бірліктер, тіркесті сөздер жасалады.
Сөзжасам мен морфологияның да бір-бірімен байланысы бар. Сөзжасам сөздердің құрамын өзгертіп,оның мағыналық құрылымына өзгеріс енгізсе, морфология сөздердің құрамын, грамматикалық сипатын зерттейді. Морфологияның негізгі зерттеу нысаны – сөздерді сөз таптарына топтастырып жіктеп, олардың құрамын айқындау, грамматикалық категорияларын саралау болса, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атау туғызады. Мұндағы ортақтық негіз сөз бен қосымшаларға байланысты. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындаладыы.
Сөзжасам мен фонетиканың байланысы сөз мағыналарын анықтаудағы дыбыстардың өзгерістерінің болуы арқылы көрінсе, ал сөздердің тіпкесуі арқылы жаңа атау жасалу процессі синтаксиспен сөзжасамның тығыз байланысын танытады. Яғни,синтаксис сөздердің бір-бірімен еркін байланысын зерттесе, осы еркін тіркес мағынасы кейде бірте-бірте шектеле келе, жеке ұғымды анықтайтын дәрежеге жетіп, лексикаланады. Соның нәтидесінде жаңа екіншілік мағыныадлғы атау сөз жасалады.
“Сөзжасам ерекшелігі – оның байланысының жан-жактылығында, сондықтан сөзжасам процессінің кез-келген бір жақты талқылануы істің шынайы жағын қамтып көрсетуін тоқтатып, сөзжасамның өзіндік мәселелерін елеулі түрде шектейді ”, – деп жазды Е.С.Кубрякова [11,176 бет]. Кубрякованың пікірінше сөзжасамды жеке дара қарастыру пайдасының таң қаларлықтай дәлелі болып – туынды сөз сияқты күрделі жинақты бірліктердің құрылымы мен байланысқан белгілі бір жүйелі ұйымдасқан амал-тәсілдердің жиынтығы болып, сөз жасамның үлгісінің бар болуы жатады. Осыған сәйкес, сөзжасамның заңдылығы мен сөзжасам үлгісінің ерекшелігін және барлық аспектілерде, яғни, формалды және мәнділік, біржағынан генетикалық процессуалды, сонымен қатар, нәтежиелі, стационарлы, құрылымды - функционалды аспектілерін оқып, зерттеу сөз жасамның ең басты мәселелерінің бірі болып табылдады.
Сөзжасам тіл ғылымының дербес саласы болып бөлінуіне қарамай тіл білімінің басқа салалары мен соның ішінде, атап көрсететіні грамматика және лексикология мен өте тығыз байланысты. Сөз морфология, лексикология және сөзжасамның зерттеу объектісі ретінде, біріншіден, сөз тұлғасының лексикалық мағынасы жағынан ұқсастығы мен жиынтығы, екіншіден, әртүрлі мағынаның жиынтығын, морфеманың әртүрлі сападағы бірігу дәйектілігін айқындайды.
Қытай тіліндегі сөзжасамды көптеген ғалымдар зерттеген. Мысалы, орыс ғалымдары А.А.Драгунов, И.Н.Коротков, В.Н. Солнцев, Б.С. Ичаянко, Н.В. Солнцев, С.Е.Яхонтов, А.Л.Семанас. Бұл лингвистер сөздер негізінің мәселесін, сөз таптарын, сөздердің морфологиялық ерекшеліктерін талқылап, қазіргі заманғы қытай тілі сөздерінің теориясын құрды. Сөзжасамды тек орыс ғалымдары зерттеп ғана қоймай, сонымен бірге, қытайдың Лу Чживэй, Линь Юйшань және Сюэлян т.б зерттеп шықты.
Алайда, қазіргі қытай тіліндегі сөзжасамды зерттеу уақыты ұзаққа созылғанына қарамастан, оның көптеген аспектілері әлі де толық зерттелмеген немесе мүлде зерттелмеген деп айтса да болады.
Сөз сөзжасам талдауының объектісі ретінде морфема деп аталатын өте ұсақ бірліктерден құралады. Морфема – тілдің ары қарай бөлшектенуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлік. Жалпы тіл білімінде морфемаға коптеген анықтамалар берілді. Морфеманың басты ерекшелігі оның сөздегі қызметі, яғни интонацияға дейінгі тілдің кез-келген көмекші тәсілі морфема деп аталады.
Блумфильдтің пікірінше, морфеманың басты ерекшелігі оның минималдылығы. Морфема – басқа бірліктерге (жай сөз, көмекші сөз, сөз бөліктері) байланысына және тіл жүйесіндегі рөлі мен орнына қарамастан ең кіші бірлік.[1.214 бет]
Ал Бодэнаның айтуынша, морфеманың басты ерекшелігі болып, оның басқа бірліктермен байланысы және тіл жүйесіндегі олардың орнының көрсетілуімен үйлесе келетін минималдылық.[2.248 бет]
Қытай лингвистерінің морфема түсігіне әр түрлі көз қараста болды. Олар сөзжасамдық қабілеттілігіне басты назар аудара отырып, осы сөз жасамдық бірлікті барлығына қожалық ететін немесе барлығын игеріп отыратын бірлік деп санайды.
Осылайша морфеманың басты үш ерекшелігін атап көрсетуге болады: 1) Cыртқы, материалды, дыбыс шығару немесе айту тұрғысының бар болуы, 2) Онымен мағынасының ара қатынасының бар болуы, яғни мағына тұрғысынан,
3) Өте ұсақ мағыналы бөліктердің қолдануға қабілетсіздігі.
Кейбір орыс лингвистері сөзжасамды грамматикалық бөлімі ретінде қарастыра отырып, сөз жасау морфемасын оқытуды атап көрсетіп, “сөз жасау морфемикасы” терминін қолданады. Соңғы кездері лингвистер морфемиканы тіл білімінің фонетика, лексикология, сөзжасам және морфология бөлімдері сияқты өзіндік ерекшелігі бар болім ретінде қарастырады.
О.С.Ахматованың анықтауынша, морфемика – ол тілдің морфологиялық үлгілерін бейнелеумен айналысатын морфологияның бір бөлімі, яғни морфема құрылымының бейнеленуімен және олардың аса созылыңқы жүйеліктегі орналасуының заңдылықтарын зерттейді. Әрбір тілдің морфемасы тілдің басқа бөліктерінен, яғни, дыбыстан, буыннан, сөзден, сөз тіркесінен, сөйлемнен ерекшеленеді. Морфологиялық дыбыстардан ерекшеленуі сөз жасамдық және грамматикалық мағынаның бар болуы. Морфемаларды дыбыстық тұрғыда қарастырғанда олар жеке дара фонем немесе жүйелілік фонем болып бөлінеді. Мұндай жағдайда морфема сөз бен немесе буынмен сәйкес келуі де келмеуі де мүмкін.
Н.В.Солнцев Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия тілдерімен қытай тілдерінің морфемасына сипаттама бере отырып, былай деп жазды: “Зерттелетін ареалдағы тілдерде морфема норма ретінде буынмен дыбыс тұрғысында сәйкес келеді, сол себептен, буынға бөлудың морфологиялық маңыздылығы туралы заң түріндегі түсіндірмеге қол жеткізді. Бұл тілдердегі буындарда өте қатаң түрдегі айқындалған құрылым болады. Олар буын құрылымының жазылуын алдын ала айқындайды. Әрбір өзгермейтін буын морфеманың дыбыстық қабаты ретінде қолданылғандықтан әрбір морфемаларда да өзгермейді. Әрбір буын қабаттарының өзгеруі басқа буын тудыратындығы сөзсіз, яғни, басқа морфеманы немесе басқа сөз тудыруы мүмкін” [15,17 бет]. Қытай тілінде немесе онымен типология жағынан ұқсас тілдерде буын және морфема, морфема мен сөз арасында өзіндік ерекшелігі бар иерархиялық байланыс бар.
Қытай тілі морфемасының еуроппа тілідерінің морфемасынан өзгешелігі бар өзіндік көптеген қасиетке ие. Мысалы, қытай тілінде белгілі бір үлгі де болуы мүмкін, ал басқа жағынан тек морфемалық қызметін ғана атқаруы мүмкін. Сонымен қатар, басқа тілдердегі сияқты қытай тілі морфемасы да сөз тіркесінен, сөйлемдерден, ең кіші мағыналық бөліктерге мүшеленбеуімен және сөйлеммен олардың мүшелерінің қызметін атқара алмауымен ерекшеленеді.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әртүрлі болады, яғни, сөз құрылымының мағына мен рөліне орай олар түбір морфема немесе негізгі морфема және көмекші морфема болып бөлінеді. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема деп аталса, ал көмекші сөздер түбір морфеманы өзгертіп анықтайды, яғни, сөздің грамматикалық және сөзжасамдық мағынасын ажыратады.
Д.Е.Земская түбір сөзбен көмекші сөздің айырмашылығын былай деп түсіндіреді: Түбір морфема болмыс элементін білдіру ретінде танылады, сондықтан да олардың мағынасы нақты айғақты болып келеді. Аффикстік морфема ешқандай шындық элементі мен жанаспайды. Түбір морфема кейбір кезде лексикалық немесе атаушы деп аталады. Түбір морфема сөздің әр түрлі лексика - грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы: 感морфемасы, яғни сезу, 感触,感怀- уайымдау, 感动- қобалжу, 感情- сезім деген зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің де түбірі болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема – сөздердің қандай лексика- грамматикалық топқа жататындығына қарамастан, олардың барлығына бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйтқы болатын элемент. Сонымен қатар, түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектенуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін бөлшегі болып табылады. Мысалы: сөздің грамматикалық формаларында қайталанады. 看- көру, қарау, 看过 - көрді, 看着- көре сала, 看了- көрді.
Түбір морфеманың ерекшеліктерінің бірі – оның сөзде орнының бекітілмеуі болып есептеледі, яғни, сол бір ғана түбір морфема сөзде басқа морфемалар мен байланысы турасында әртүрлі орында болуы ықтимал. Ол мүмкін сөздің басында, яғни, көмекші сөздің аяғында көмекші морфемалардан кейін және ортасында келуі мүмкін. Түбір морфеманы –А, көмекші морфеманы – Б деп белгілеп алып, түбір морфемалардың қытай тілі сөздеріндегі әртүрлі қызметтеріне мысал келтіреміз.
1. А: 风 - жел; 雪 қар
2. А.А: 山洞 - үңгір; 草木 - өсімдік; (ААА) 接力赛 эстафета;
(АААА) :输尿管炎- уретрит
3. А.Б: 木头 -ағаш;
4. А.А.Б: 接生员- аккушер; 箭靶子 - нысана
5. А.Б.Б: 学者们 - оқымысты; 记者们 - журналист
6. А.А.А.Б: 始作俑者 - ұрыс бастаушы
7. Б.А: 老乡- жерлес; 非法 - заңсыз
8. А.Б.А: 男子汉- ер адам; 果子冻 - тәтті тамақ
9. Б.А.Б:老头子 - қарт; 第三者- бөтен адам
10.Б.А.А.Б: 老百姓们 – тұрғындар
Өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында түбір мофемаға жалғанып қолданылғанда ғана, белгілі бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар немесе аффикстер деп аталады.
Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі түрлі келеді. Аффикстің кейбіреуі дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі бар түбір сөзден туынды сөз тудырады. Мысалы: орыс тілінде өз алдына дербес қолданыла алмайтын оч деген түбір морфема -ник деген аффикстің жалғануы арқылы толық лексикалық мағынасы бар сөзге (очник) айналған. Және де осы аффикстің ( ник) дербес сөз ретінде қолданыла алатын түбір морфемаға жалғануы арқылы туынды сөз жасалады. Мысалы : ударник. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір морфемадан сөз жасайтын мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер деп атайды. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық мағына деп аталады. Деривациялық – латынның derivato (меншіктеп бөлу) деген сөзден шыққан. Аффикстің кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, олрдың өзара қарым қатынасын білдіреді. Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір біріне қатынасын білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналарын реляциялық мағына деп аталады. Реляциялық – мағынаның relatio (қарым қатынас) деген сөзінен жасалған термин. Көмекші морфемалар немесе аффикстер осылайша екі үлкен топқа бөлінеді де, әрбір жеке тілде олар сол тілдің грамматикалық құрылысының ерекшелігіне орай бірнеше түрге ажыратылуы мүмкін. Мысалы: 微:微薄 :-мардымсыз, 琥:琥 泊 жақұт Орыс тіліндегі көмекші морфемалар немесе аффикстердің префикс, суффикс, флексия деп аталатын түрлері бар. Орыс тіліндегі суффикс деп аталатын морфема түркі тілдерінде, соның ішінде, қазақ тілінде жұрнақ деп аталатын морфемаға сәйкес келеді де, түбірдің соңынан жалғанады. Орыс тіліндегі суффикстермен барабар қызмет атқартын көмекші морфема – префикс. Суффикстер түбірдің соңынан жалғанса, префикстер түбірдің алдында тұрады. Түркі тілдердің бірі қазақ тілінде беймаза, бейтаныс, бейуақ, бейшара, бейхабар тәрізді сөздердің құрамында иран тілдерінен енген бей- префиксі ұшырасады. Бірақ ол префикстің қызметін атқармай, тек аталған сөздердің құрамында ғана қолданылып, бөшектенбейтін бір тұтас ретіде ұғынылады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?