Қазақ әдебиеті | С.Қирабаевтың шығармашылығы
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Қазіргі әдебиеттің жай-күйі, замандас қаламгер шығармашылығы хақындағы әдеби-сын мақалалары
2-тарау. Ұлттық әдебиетіміздің даму кезеңдері мен әдеби оқулықтар және әдебиетті оқыту әдістемесін қарастыратын әдістемелік еңбектері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сыншы жауапкершілігі хақында ой толғаған бір мақаласында Серік Қирабаевтың былай деп жазғаны бар:
«Қөркем әдебиет табиғатын таныр сезімталдық сыншы үшін жеткіліксіз. Оның үстіне, ол жазушы қаламынан туған образдарды өмір құбылыстарымен салыстыра алатын, көркемдік бейнелеудің сырларын түсінетін әдеби білімдар адам болуға тиіс. Сыншы жазушыдан сәл де болса ілгері отыруы қажет.) Өйткені сыншы, белгілі дәрежеде, қалың оқырманның эстетикалық үғымдарын қалыптастырушы, оның тәрбиешісі. Жазушыға ақыл-кеңес беріп, шығармалары жайлы пікір айтып отыратын қаламдас дос».
Әдемі айтылған сөз. Және бұл — сыншы ретінде ең алдымен өзіне қойған биік талабы.
Сыншы парызы тек сынау емес. Жазушының кітабын қолына алғанда, ол оны, бір нәр іздеп, игі үмітпен оқымағы анық. Шығармадан тек жақсыны дәметіп, алдымен шұғылаға көзі түспек. Шын өнерді көргенде жаны сүй-сініп қуанбақ. Кейде оның қолына нәрсіз кітап та түсіп қалар. Сонда да шығармадағы жарық көмескі тартып, алыстан өлеусірей жылтыраған шырақтай әзер-әзер көрініп тұрса да„ оның көзі әуелі сол сәулені байқамақ. Қалтыраған әлсіз шырақтан, кейін өрши жанып, жарығы молаятындай белгі көріне ме? Әлде бар куаты осы ғана ма? Сыншы абайлап қарамақ.
Абырой-атақ қамы үшін емес, алдымен туған әдебиет мүддесін ойлаған, көркемөнерге шын жаны ашыған сыншыға осы қасиеттер тән болмақ керек.
Қазіргі қазақ әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу ғылымының көрнекті ірі өкілі Серік Қирабаевтың бүкіл жазған әдеби еңбектерінен біз осы талап үдесінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан кең тынысты қаламгер тұлғасын көреміз.
Тақырыптың өзектілігі: Әр дәуір әдебиетте өз тынысын, өз суретін қалды-рады. Өз заманының шындығын шығармасына арқау ете алмаған қаламгер тарих үшін де татымды нәрсе жасай алмайды, өз замандастарына да қадірлі бола алмайды». Міне, сыншының өз өлшемі. Бұл жерде көркем шы-ғарманың қоғамдық мәні жоғары болуы айрықша айтылып отыр. Ол сапа| шығарманың шындыққа қатысынан танылмақ. Және одан жазушының өмір тану дәрежесі мен позициясы да көрінбек. Сыншы сондықтан да көркем шығармада шындықтың дұрыс бейнелеуі мәселесін әр-дайым партиялық принцип талабымен ұштастырады. Сонымен қатар, шығарманың қоғамдық маңызын оның көркемдік сапасының биік дәрежеде болуына нық байланыстырып айқындайды. Серіктің әдеби-сын еңбектерінде қаламгер табысына баға берілгенде, ұлттық әдебиетіміздің даму ерекшеліктері мен жетістіктері көрсетілгенде, әдеби өсудің айғағы боларлық туындының мазмүн тереңдігі мен көркемдік биіктігі тығыз бірлікте алынып сипатталады.
Серіктің сын-зерттеу еңбектерінің дені қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған Сыншының бұл еңбектерінде ұлттық әдебиетіміздің іргетасы қаланған алғашқы жасаң дәуірінен бастап, бүгінгі биіктеп ескен шағына дейінгі өсу кезеңдерінің сан-сала жайына қатысты келелі пікір өрбиді. С.Қирабаевтың шығармашылығына жасалған алғашқы қадам болса да, соншама ауқымды тың мәселелерді көтеруі тақырыптың актуальдылығын тағы бір атап көрсеткендей.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- С.Қирабаевтың шығармашылығына шолу;
- Әдебиеттанушы ғалым С.Қирабаевтың сын әлеміндегі еңбектерін саралау;
- С.Қирабаевтың әдебиеттану ғылымының қалыптасуындағы орнын анықтау;
Ғылыми жаңалығы: С. Қирабаевтың сыршыл сынының ерекшелігі, оның әділ сын айтуында.
С. Қирабаевтың сыни еңбектерін талдаған бұл жұмыстың сыншы тарапына айтылған пікірлерді жинақтап саралау, оның бағалы тұстарына баса назар аударылады. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет сыны саласына, оның ішінде С. Қирабаев шығармашылығын зерделеу, оны жақын тану – жұмыстың негізгі жаңалығы болып танылады.
С. Қирабаевтың сын-зерттеулерінде қазақ әдебиетінің мәселелері ұлттық әдебиет ауқымындағы айғақтармен ғана шектелмей, Бүкілодақтық әдебиет мысалдарына байланысты алынып тексеріледі. Зерттеуші салыстыру әдісін, жетістікті сипаттау үшін ғана емес, кемшіліктің сырын ашу үшін де ұтымды қолданып отырады.
Тақырыптың зерттелу тарихы: С.Қирабаевтың шығармашылық еңбек жолы, әдеби-сыни еңбектері жайлы кандидаттық зерттеу еңбектері бар, жалпы әр жылдары шыққан мерейтойлық мақалалар бар.Әсіресе, Ж.Ысмағұловтың «Әдебиет ғылымының ақсақалы»атты мақаласының шоқтығы биік тұр.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Бірінші тарауда — қазіргі әдебиеттің жай-күйі жайындағы, замандас қаламгер творчествосы хақындағы әдеби-сын мақалалары; екінші тарауда — ұлттық әде-биетіміздің даму кезеңдері, өсу жолының ерекшеліктерін сипаттайтын ғылыми зерттеулері және әдеби оқулықтар және әдебиетті оқыту проблемасын қарастыратын әдістемелік еңбектері қарастырылады.

Қоғамдық өзгерістер мен халықтық ой-пікірдің әр жағдайындағы даму күйіне байланысты бұл мәселеге түрліше көзқарас туды, талас пікірлер де болмай қалған жоқ. Бүгін олардың бәрі — біздің өткен жолымыз. Соңғы жылдар ішінде жалпы қазақ тарихына байланысты жаңа көзқарас туып қалыптасты. Көптеген тарихи деректер қайта қаралып, толықтырылып, оларды нағыз ғылыми шыншылдықпен бағалауымызға жол ашылды. Халық тарихына байланысты жаңаша ойлану - қазір ұлттардың бәрінің басында болып отырған жай. Осы негізде олар елдік салты мен халықтың игі дәстүрлері, оның тарихтың прогрестік жолына бет бұруы, сол істің басында тұрған халық өкілдері мен ұлттық сана-сезімінің оянуы сияқты мәселелерді терең қарастыруға мүмкіндік алып отыр. Осы мәселеге арналған қазіргі қазақ әдебиетінің тәуір туындылары да бұл шындықты растайды.
Орыс-қазақ халықтарының тарихи байланысының түп негіздері мен олардың ынтымақтасу жолының заңдылығын көркем бейнелеуге арналған туындылар ішінде Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары көрнекті орын алады. Бұл — мерзімді баспасөзде шығып жатқан мақалалар мен көптеген оқырмандар конференцияларында айтылып жүрген, республиканың әдеби қауымы мойындап отырған шындық.
Әбіш романдарының бірден қалың оқырман назарын аударуының үлкен бір себебі — оның қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінің оқиғаларын тақырып етіп алуында Алайда тарихтың объективтік дамуы әрқашан алға қараушылар жағында болмақ. Қанша ұзақ тартысқанымен, кері күш қашанда прогрестік бағытқа жол береді. Бұл жолы да солай болғанын көреміз.
Әбіш романдарының тарихилық сипаты (историзмі) күшті. Ол халықтар тарихының даму бағытына әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай дәуірде болса да үміті болашақтан күткенін, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсінеді. Көрші елдердің жан-жақты қыспағына түсіп, көшпелі өмір кешкен қазақтың да ендігі жерде томаға тұйық, оқшау өмір сүруі мүмкін емес еді. Дүние жүзілік әлеуметтік тіршіліктің ірі қозғалысқа түсуі, жаңа жерлердің ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюі, басып алу бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, ізденіс жолына бағыттады. Осы жолда оның іздегені орыс халқының кең қолтығының астынан пана табу еді. Осы бір тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы «Үркерде» үлкен суреткерлікпен және ойшылдықпен бейнелейді. Үркер — маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Үркердің қарсы алдынан туғанын қазақ қашан да жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген үміт оты осыған жетектейді.
Ел билігіндегі азаматтар болғанын тарихи деректерге сүйене отырып, «Үркер» романы бізге кең суреттеп жеткізеді. Ол тек тәуекелге бел буған, даңққұмар билеушілердің ғана емес, жоғарыда келтірілгендей ақылдылық, ойлылық, төзімділік сияқты мінездерге бай характердің ғана қолынан келмек. Әбіш бізге осындай кесек характер ашып берді. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір кұбылыстары — бәрі де оның негізгі қаһарманы Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой елегінен өте көрсетіледі. Осы тұрғыдан Әбілқайыр есімі романның екінші аты болуға да лайық.
Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді, Ең алдымен, ол — хан тұқымъі, сұлтан. Осы тұқымға тән билік-құмарлық, эгоистік сезімдерден де құр емес. Әбіш оның сұлтандық психологиясына да үңіле біледі. Бүгін болмаса, билікке қолы ертең жететінін біледі. Оның көз алдына көкпен таласқан күмбез бен алдында жыртылып-айырылып тұрған қалың қазақ елестеуі де осы сезімнің көріністері. Бұл — заңды да, хан тұқымының бәрінің басында болатын жай. Тұқым қуалаған хандыққа ертелі-кеш ие болатынын білетін олардың психологиясында соған тезірек жетуге құмарлық, өзімшілдік сезім басым болды. Олар қазіргі іс басындағы бауырларына қызғанышпен қарады, реті келсе, сол орынға тезірек жетуді қарастырды. Әкесін, туысын өлтіріп, хан болғандар бұл тұқымдарда аз емес-ті.
Алайда, Әбілқайыр жаратылысы бұлардан өзгешелеу. Ол ішін тырнаған эгоистік сезімдерін баса біледі, бірден көзге түсіп, билікке де ұмтылмайды. Хан түқымына, жалпы билік басындағы адамдарға тән даңғойлықтан, кеудесоқ мінезден де аулақ. Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сез тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, мінез-құлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты. Ол романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді, Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап, дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар атын тартып мінгенде де, ол інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Осыны байқаған Әйтеке би: «Төренің бағы — қарашаның қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен»— депті. Әйтеке сөзі хан тағына отырғаннан кейін де Әбілқайырға сабақ боп қалғаны аңғарылады.
Халық даналығы мен ерлігінің бейнесіндей Мәтіні де Әбілқайыр танып, сыйлай біледі. Оның ақылы, сөзі әрқашан өрелі жастың ойына ой қосқанын, кекірек-көзін ашқанын көреміз.
«Не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі, мал -екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұ заманда абыройдың да аты өзгеріп кетті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын күдіре желке көктөбет сияқты... Күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген, жалыны қайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау деген сөз бе екен? Ол үшін үлкенге ізет, қатарға қадір, ініге ілтипаттан басқа не қажет болушы еді! Бұл жұрттың соңына ереміз бе деп үміттенетін азаматынан бар дәметері сол-ақ қой!»
Бір әңгімеде Мәті аузынан айтылатын осы сөздер де Әбілқайыр жадында қатты сақталғаны, оның бүкіл ел билеушілік, азаматтық жолының заңды қағидасына айналғаны сұлтанның бүкіл романда суреттелетін іс-әрекетінен анық танылады. Ол бедел үшін күресті. Әлі батырлығымен атағы шықпаған бозбала жігіттің Іле бойында қалмақтармен ұрыста ерлік көрсетуге ұмтылуы осыдан сияқты. Ол бұл жолы жүрек жұтқан батырлығымен көзге түсті. Батырлықтың ар жағында даңққұмарлық та жоқ емес еді. Оны Есет дәл байқапты. «Сабазың қалың ел түгел таңқалып жатқанда кірпігін де қаққан жоқ. Сазарып тұрып алды. Сұмдығына найза бойламас қу болмаса қайтсын»—дейді ол Әбілқайыр ерлігіне таң қалған жұртқа. Дегенмен бұл жолы ол қалың қазақ ілтипатына бөленіп қайтты. «Аруағыңнан айналайын, қазақтан да Қалдаман туған екен ғой» десті қалың тобыр. Ынтымағы аз, көшпелі, жауынгер ат жақ. Шықшыттығы да мынау бет деп аталатын ұлан асыр кеңістікте жымпиып жатып қалғылары келмегендей екі жақтан ереуілдеп бой көтеріп, соқиып-соқиып шығып тұр. Дегенмен мырза құдай осынау мол пішілген кісіге де есебін тауып қытыңқылық жасап бағыпты. Шықшыт сүйектің тасасында бұғып жатқан шұнаққұлақты ешкім көре қоймастай. Дәл мынау шарадай бетке анау келте танаудың да тап онша жарасып тұрғаны шамалы. Бірақ осы бір ұлан-асыр мол дүниені бет-бетімен шашыратып жібермей, бас-аяғын жиып ұстап тұрған әлдебір сиқыр күш бар. Ол алақандай ала көзі сияқты. Қарсы алдынан келгенде, кірпігін қақпай тіке қарайтын үлкен көз қапталынан қарасаң, бір қиығынан сығалай қарайтын сынампаз саңылауға айналып кетеді екен. Сол бір екі сынампаз саңылаудың манадан бері мұның үсті-басын түгел тінткілеп шыққан түрі байқалады» («Үркер», 50-51-беттер).
Әбілқайыр бірінші көргенде әсер қалдырған Мәті портреті ОСЫ. Нағыз — қазақтың, оның ішінде біздің замандасымыз емес, жаугершілік заманның батырының тұлғасы. Сынампаз көз оны шешен де, сыншы да еткен.
Негізінен әдемі, бейнелі тілмен жазылған романдар бетінде кейде түсініксіз сөздер, ұғымдар ұшырасып қа-лып отырады. Сөйлемді жатық құратын, ойы нақты жа-зушының кейде ойын да, сезін де ауырлатып алатын тұстары да жоқ емес. «Үркердің» 10-бетінде Итжеместің өзіне-өзі ризалығын суреттеуге арналған бір сөйлем кітаптың жарты бетінен артық орын алған. «Орта жүзді қамшы беріп дауға қой» деген халықтықі қалыптасқан ұғымын «қалам беріп» (Сонда, 59-бет) деп езгертіпті. Көшпелі қазақтың ойына ол кезде қалам түсе қойды ма екен. Оның үстіне дауға түскен билер қамшы ұстайтын салт та болған.
Әбіш романдары басылғалы көп бола қойған жоқ. Оның үстіне кітап аз күннің мүлкі емес, асықпай, ұзақ оқылады. Оқырманын біртіндеп табады. Әр ұрпақ оған өз пікірін, ойын қосатын болады. Соның өзінде «Үркер» мен «Елең-алаңның» халықтық туынды екені дау тудыр-майды. Олар — ойнап емес, ойлап оқылатын кітаптар. Оларда суреттелетін тарих сабағы негізінен бізге адам-гершілік тағылым ұсынады. Жазушы тарихи фактыны парасатты талдаудан өткізе алған. Сондықтан «Үркер» мен «Елең-алаң»— Әбіш Кекілбаевтың ғана емес, қазақ романының жаңа табысы болып саналады.
Оралхан Бөкеев — алпысыншы жылдар ішінде әдебиетке келіп,| бүгінгі прозаның салмақты жүгін көтерісе бастаған топтың талантты өкілдерінің бірі. Онық шығармалары оқырмандардың жылы ықыласына бөленіп, жазушы есімі қалың қауымға белгілі болған. Кітаптары орыс тіліне аударылып, одақтық оқырмандардың кітапханасынан орын алуда. Оралханның ескі сүрлеуді таптамай, әдебиетке өзіндік үнімен, сырымен, айтар ойымен келгені, өмірді өзінше керіп тануға, өзінше бейнелеуге ұмтылысы, осы жолдағы сәтті ізденістері оның оқырманын тез табуына, оның жүрегінен жылы орын алуына себеп болғаны даусыз. Жазушының «Жалын» баспасынан өткен жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» деп аталатын повестер жинағы бұл айтқанымызға дәлел болғандай.
Оралхан геройлары — біздің бүгінгі замандастарымыз. Кәрісі бар, жасы бар — қайсысы болса да қазіргі дәуірдің азаматтық міндеттерін белсенді атқарып жүрген іс адамдары. Жазушы.солардың әрекеті, мінез-кұлқы, көзқарасы арқылы бүгінгі өмір шындығын, оның алуан түрлі сырларын ғана ашып қоймайды, өткенімізге де ой тоқтатып қарайды, болашағымызға да көз жібереді. Ол характерлерді шебер ашады, солардың көзқарасы, ұғым-түсінігі арқылы дәуірдің өзекті проблемаларын батыл көтереді. Оның біз сөз етіи отырған кітапқа кірген повестері ең алдымен осы проблемалығымен, образдарының ойлылығымен бағалы.
Жұлдыз аулы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына отыз жыл толуын мерекелейін деп жатқанда, Ақан қарт ертемен шағыр қасқа биесін мініп аттанып кетіпті. Оның қайда, неге кеткенін сұрастырған да, керек еткен де ешкім болмапты. Тек кеше кешке қарай шалының әлденеге ренжулі екенін Алма кемпір ғана байқаған. Бірақ әрнәрсені қазбалап сұрап Ақанды мазалап көрмеген әдетімен үнсіз қалған. Жалғыз-ақ шалының ел болып жиналған жерден бөлініп кетпейтінін, тек қаңқу сөзден ғана қашқақтайтынын білетін ол Ақанның бірнәрсеге қырсығып, өкпелеп кеткенін сезгендей еді.
Шынында да, Ақан өкпелеп кетіпті. Ауыл басшылары жеңіс тойын тойлауға соғысқа қатысқандарды ғана шақырыпты да, Ақанға шақыру жібермепті. Оның үстіне Құмырайды шақыра келген баланың Ақанға жолы-ғып, бәрін айтып бергенін қайтерсің?
Ақан ойға қалды. Үлкен тойға шақырылмайтындай жазығы не? Кінәсі — майданға бармағаны ма? Оны майданға емес, еңбек армиясында жұмыс істеуге жіберген өкіметтің өзі ғой. Ол қиын-қыстау жағдайда аянбай тер төккен жоқ па еді. Аурулығына да қарамай еңбек озаты атанды. Партия қатарына кірді. Жұмысқа қыры жоқ Құмырай сияқты жалқауларды майданға жіберіп жатқанда, мұны 1946 жылға дейін босатпады. «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!»— деп еңбек етті олар. Өкінішке карай, осыны бағалаған ешкім жоқ. Сол кездің өзінде «трудармияны» киноға түсірген бір адам көрмепті, «газеттенбіз» деп бір журналист келмепті. Ал, бүгін жұрт назары түгелдей жауынгерлерге ғана ауған.
«Қазірдің өзінде қарт солдаттар соғыс ардагері атанып, «немісті тырқыратып қуып барамыз, жолдасыма оқ тиді, мен аман қалдым»,— деп естелік айтып есінеп отырғанда, «Қүн демей, түн демей, кен қазып, топырақ тиеп жатырмыз»,— деп әңгімеге араласудың өзін әбес санаймыз»,— дейді Ақан.— Бірақ менің, жарылыстың астыңда қалған Бураның, ауылға келген соң көп ұзамай дімкәстік пен жіңішке аурудан қайтыс болған Қожақ пен Қаймақтың жазығы неде? Жазығы — сый-құрмет дәметпей, жанталаса еңбектенгені ме? Жазығы — жауынгерлерге қару дайындап бергені ме? Отыз жыл бойы осы оймен соғысып келемін. Жеңістің отыз жылдығына шақырылмадық. Оны былай қойғанда, «Ата, сенің наградаларың неге жоқ? Әлде, соғысқа қатыспадың ба?»— деген немеремнің сұрағына да жауап бере, алмадым-ау. Ол сұраққа әсте де мен емес, басқа біреулер жауап беруі керек еді!»
Бұл — үлкен қоғамдық проблема. Адамды және оның еңбегін бағалау адамзат тарихында бірінші рет іске асып отырған біздің елде мұндай ұлы істерді ұмыт қалдыруға ешбір жол жоқ. Кеше ғана жеңістің 40 жылдығын атап өту үстінде де майдан мүддесі үшін жан аямай күш жұмсаған тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі атап айтылды. Алайда,, күнделікті тіршілігімізде оны үнемі еске ала бермейтініміз, олардың әрқашан сый-құрметтен, атақ-абыройдан сырт қалатыны да жалған емес. Ақан осыған күйінеді. Жазушы да тыл енбеккерлері мен еңбек армиясында адам төзгісіз қиыншылық жағдайында, жұмыс істеген азаматтардың ерлігін көре білуге, бағалауға шақырады. Сондықтан да ол повесін «Бәрі де майдан» деп атап, Ақанның еңбек армиясындағы, оның әйелі Алманың ауылдағы өмірін, азапты да ауыр еңбек жолын көркем бейнелеуді мақсат еткен. Шығарманың бүкіл идеялық түйіні оның образдары арқылы ашылады: Бұл тұрғыда Ақан, Алма, екінші кезектегі Құмырай, тағы басқалар жазушының үлкен табысы саналуға лайық.
Ақан — жасынан еңбек астында өскен, саналы өмірін жалтақсыз, бұлталақсыз, адал өткізген адам. Намысын ешкімге бермейтін, басқаға қиянаты жоқ жан. Бүгін де ұлғайған жасына қарамай шағын шаруасын жып-жинақы етіп, дөңгелетіп ұстайды. Аурулығы себепті өкімет тағайындаған шағын пенсиясын тәуір болған соң алудан бас тартып, еңбекке қайта араласты: ауыл малшыларына газет-журнал тасиды. Қатардан қалып отырып қалғысы келмейді.
Жазушының негізгі кеңіл аударатыны — Ақанның соғыс кезіндегі еңбегі. Соғыстың төрт жылын ол Орал тауы маңында еңбек армиясында өткізеді. Оралхан оның естеліктері арқылы Ұлы Отан соғысы кезінде майданға қару дайындасқан көпшіліктің адам айтқысыз ауыртпашылық жағдайында жасаған ұлы еңбегін суреттейді, «Біздер, еңбек армиясында болғандар, жаумен мылтықсыз шайқастық, әрине, өлім-жітім аз болды. Сондықтан да қадірсіз болдық,— дейді Ақан.— Дене жарасынан жүрек жарасы әлдеқайда ауыр дегенді ширек ғасырдан бері Құмырайға түсіндіре алмай-ақ келемін... Қайтейін, тағдырдың жазуы шығар»....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?