Қазақ әдебиеті | Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр
Мазмұны
КІРІСПЕ
І Тарау
1.1. Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі
1.2. Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі
ІІ Тарау
2.1. Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы
2.2. Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.
Тақырыбы пен көркемдік шешімі және де шеберлік мәселелелері туралы кеңінен сөз қозғалды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, филологтарға көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады. Зерттеудегі ашылған мәселелерге сай, алынған нәтижелерді жоғары немесе арнайы орта оқу орындарында филология факультеттерінде өтілетін арнайы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының дерек көздері: Жұмыста әртүрлі дерек көздері қолданылды. Негізгі деректердің бөлігі Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-2003ж, Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, “Мектеп” 1986ж, Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж, Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді, Батырлар жыры ІІ том. Алматы, “Жазушы” 2000ж. Батырлар жыры, “Бөген батыр” Алматы. 2000ж, Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. “Ана тілі”, 1991ж, Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. “Ана тілі” 1991ж, Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005ж, Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ) Түркістан 2004ж, Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Қазақ университеті. Алматы, 1992ж еңбектері негіз болды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және екі тараудан, сонымен бірге қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау
1.1. Күлтегін жазбаларындағы эпикалық дәстүр
“Күлтегін жырындағы эпикалық дәстүрді қарастыру мақсатында Көне түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды өзара салыстыра отырып, Күлтегін жәдігерліктер жылнамасы емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдеби үлгілер деген түйін жасаймыз”1,51 Н.Келімбетов. Осындай ойдан кейін мына пікір соның дәлелі шынын айтқанда, - деп жазды А.Н.Веселовский, батырлардың ерлігін жазған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалар төңірегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде бүтін цикл жасалған деп атап көрсеткен. Бұл көрсетілген циклдар бойынша топтаманы түрколог ғалым Н.Келімбетов үш циклға бөліп көрсетеді.
Қазақ эпосының тууы жайында академик Қ.Жұмашевтің мынандай пікірін келтірейік: “Қай елдің эпосы болмасын, белгілі бір оқиғаның ізін баса туғанға ұқсайды және ол бір жылдың бір күннің жемісі емес, халықтың басынан өткен талай заман, талай ғасыр, талай тартыстың нәтижесі” 2,10.
Қазақтың осы күнгі рулық құрылысы кезінде: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ заманында әр рудың өз істерін ерлікке айналдырып жыр еткен қысқа көлемді жырлар екені сөзсіз.
Демек, А.Веселовский айтқандай, ерлік жырлары халықтың қалыптасуымен бірге қатар туған болса, “Күлтегінге арналған жыр, дәл осылай түрік халқының қалыптасу кезінде жазылған. ҮІ-ҮІІІ ғасырлардың түрік қағанаты астына топтасқан үйсін, керей, қаңлы, найман, жалайыр, алшын руларының мұралары еді деген тұжырым жасайды”- М.Жолдасбеков 3,48.
Сол себепті біз қазақ эпостарының әдепкі арналары түрік қағанатының кезінен басталады дейміз. Қырғыз әдебиетіне қатысты бұл пікірді академик М.Әуезов баяғыдан-ақ айтқан болатын.
“Түрік рулары мен қағанатының тілсіз таста қалдырған осынау жорықтары қырғыздың сол кезіндегі эпостық аңыздарының тууына ықпал жасаған. Егер мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жазылған болса, сол жырлардың ауызша айтылып таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болуы мүмкін. Егер мұндай жыр аңыздарды оғыздар, түргештер және басқа да тайпалар шығара алмаған болса, сондай аңыздарды сол дәуірде, тіпті ІХ ғасырда емес, ҮІ-ҮІІІ ғасырда соншалықты бұғауда болған, халықты қорғаушы батырға әсіресе, ділгір болған қырғыздар қайтіп шығармайды? ...Эпостың туу дәуірін айқындап, анықтағанда осындай жәйттерді ескерту қажет” деп атап көрсетті М.Әуезов “Уақыт және әдебиет” атты еңбегінде. Бұл пкірге біздің жылдардың берер бағасы құнды.
Осы айтылғандардың бәрі де тегі бір түрік тілдес халықтар эпосының, оның ішінде қазақ эпосының тууына қатысты екені сөзсіз. Түрік руларындағы Азман атты Күлтегін, қыпшақтағы Тайбурылды Қобыланды, Қоңыраттағы Байшұбарлы Алпамыс жалпы түркі халықтарының М.Әуезов айтып отырғандай қаһарманы еді 5,41 М.Жолдасбеков. “Тастар сөйлейді” атты еңбегінде “Сөз тапқанға қолқа жоқ” деп, қашанда тұрлаулы сөздің мінін тосып оған төрелік беретін, өлмес-өшпес мол жырлар тудырған қазақ халқы ежелден-ақ шешен сөйлеген.
Халқымыздың осы жыршылық, шешендік қасиетін ғалымдардың көбі тамсана жазған еді. Соның бірі академик В.Радлов былай дейді: “Қазақ, қырғыз шешен болған, олар түркі тектес басқа халықтардың қай-қайсысынан басым сөзге ұста келеді. Сөйлей тұрғанда кідіру, күрмелу дегенді білмейді... Көп уақытта қазақ, қырғыздың сөзі өлең жыр тәрізді болып келеді; сөздері ырғақты, ұйқасты шығады.
Қазақ, қырғыз халқы шешен, өткір көркем сөзді сүйеді. Поэзияны қадірлейді. Сондықтан оларда халық поэзиясы мейілінше өркендеген. Қазақ-қырғыздың мақал-мәтелі болсын, айтыстары мен билік сөздері болсын бәрі де өлең, жыр болып келеді” В.Радлов айтқан пікір біз үшін құнды.
Орхон ескерткішінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі – Күлтегін, білге Қаған, және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ. Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткішті поэзиялық туындыға қатысты барлық белгілер бар, ежелгі түркілердің әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар т.б. арыснда түрлі пікір таластар тудырып келеді. Ал, қазір Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жырлары эпикалық дәстүрдегі көркем туынды екені сөзсіз 7,39 Н.Келімбетов
Орхон ескерткішін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған М.Әуезов руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп Күлтегін жырларындағы жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіптер де бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өмірдегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық барын атап көрсетті.
Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы дәлелдеп шыққан болатын И.В.Стеблева. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі әрі буын әрі екпін екенін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – сол буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірлердің теориялық және практикалық мәні зор еді.
Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы қалай болғанын айқынырақ танып-білу үшін осы орхон ескерткіштерінің бірін айталық, Күлтегіннің үлкен және кіші жазуларына әдеби талдау жасап көрейік.
Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, жырдағы үндестікті, мәнерлікті күшейте түсетін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, жақсы меңгергені анық. Күлтегін жырындағы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжептәуір ажар береді.
Қырық, құрықан, отуз татар,
Қытай, тотабу коп йағы ерміс.
Қоңым қаған бунча...
Қырық артук кіті йолы сүлеміс КТҰ. 14,15
Аудармасы
Қырғыз, құрықан отыз татар,
Қытай, тотабы – бәрі жау еді.
Әкем қаған осынша (жауға)
Қырық жеті рет аттанды.
Мұндай жыр жолдары қазақ жырауларында да жиі кездеседі. Доспамбет жырау (ХҮІ-ғасыр).
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен.
Тобыршыға биік жай салып,
Дұшпан аттым өкінбен.
Күлтегін жырында бірыңғай дауыссыз дыбыстары қатар тұратын қайталанатын екі сөз өлең жолының басында да, ортасында да соңында да тұрып қиыса береді. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында мынандай жыр жолдары жиі кезедеседі:
Сучіг сабын, йумшақ ағын ағып... (КТК5)
(Шырын сөз, асыл қазынасын беріп)
немесе Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуында былай делінген:
Қоңун қаған сусі бөрі тек ерміс (Ктү,12)
(Әкем қағанның әскері бөрідей бопты)
Дауыссыз дыбыстары қайталанып, қиысатын екі сөз өлең жолының ортасында тұруы да мүмкін:
Осыған ұқсас жыр дәстүрін ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жауынгер-жырау Ақтамберді де кезінде өз жырларында кеңінен қолданылған:
Балпаң, балпаң, кім баспас,
Басарға батыр шыдамас.
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.
Орхон ескерткіштеріндегі ұйқастың өзіндік ерекшеліктері бар. Қалай болған күнде де өлеңге қойылатын негізгі шарттардың бірі- тармақтағы сөз соңының үндестігі, дыбыстас естілуі болып табылады. Ежелгі жырындағы ұйқас ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген даңқты жырау, Абылай ханның ақылшысы Бұхардың жырларынан айқын сезіледі.
Ай болар күннен соң,
Күн не болар айдан соң,
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Немесе
Қара арғымақ арыса,
Қарға алдын жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тойса,
Бір көруге зар болар.
«Тоныкөк» жырының авторы құбылтудың гипербола, яки ұлғайту әдісін шебер қолдану арқылы сөздегі суретті түрлендіріп жібереді.
Табғаш, оғыз, қутан –
Бұл үшеуі бірге қалса, біз
Өз іші-тысымызды ұстап қона қаламыз.
Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері перифраз секілді болып келеді. Мәселен, «Күлтегін» жырында автор «адамдар» деп айтудың орнына «ел-жұрт», «адамзат ұлдары» деген сөз тіркестерін қолданылады.
Жоғарыда тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса
Ежелгі түркі поэзиясының біз әңгіме етіп отырған үлгілерінде метонимия да, антитеза да, эпитет те кеңінен қолданылады. Мәселен, мынандай тұрақты эпитет сөздер жиі ұшырайды: «мәңгі жас», «пәк қыздар», «көрер көзім», «қасиетті жер-су» (Отан деген мағынада), «көк тәңірі», «қара жер», «шырын сөз», «қызыл қан», т.б. Енді әдеттегі қарапайым эпитетке мысал келтірейік: «боз ат», «торы ат», «жалтақ кісі», «білгір қаған», т.б. [ ]
Сөйтіп, «Күлтегін» жырындағы шығарманың басты қаһармандарының бірі ретінде батырдың жорыққа мінетін сәйгүлік аттары бейнеленген. Күлтегін соғысқа мінген Торы ат, Алып Шаншы мен Арғымақтар туралы Иоллығ-тегін сүйсіне жырлайды.
Түрік қағанатының әскери қолбасшысы мінген сан түрлі сәйгүліктер туралы оқи отырып, қазақтың батырлық жырындағы, әр аяғы келідей, он екі құлаш “Шұбар” тұлпарды, бір өзі он екі биені еміп өскен ат шапқанда бір төбенің шаңын бір төбеге қосатын “Тайбурылды” бір күн шапса, айшылық жолды алатын. Байшұбарды еске түсіреміз. Күлтегін жырындағы сияқты қазақтың батырлық жырларында жорыққа мінетін сәйгүліктің түр-түсіне, сыртқы сипатына ерекше мән беріліп отырады.
Мысалы, “Қамбар батыр” жырында Қосай батыр мінетін Сары аттың түр-түсі егжей-тегжейлі бейнеленген. Сары атқа тіл бітіп, Қосай батырға ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл жырда сары ат мейілінше мадақталады.
Астындағы сары аттың
Көкте екенін білмеді,
Жерде екенін білмеді
Қос қанатын салады 75 (Батырлар жыры А, Жазушы ІІ том. 2000 75-б)
Қазақтың ежелгі жауларымен сан рет шайқасқа шыққан Бөген батырдың астында жер тепкілеп тұрған “он екі құлаш Шұбар атты” көреміз. “Бөген батыр” жырында да “Қарсақ жартас”, “Қара ойдан”, “түлкі жортпас түлейден” желдей ағып өтетін қос қанатты Шұбар ат тек Бөген сияқты алып батырға ғана лайықты болып көрінеді.
Шұбар аттың бауыры
Қырық кездей созылды,
Шапқан жерін қарасақ,
Жер ошақ болып қазылды. -9 Батырлар жыры А, Жазушы 2000
Сонымен Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы дәстүр жалғастығы екеніне дау жоқ.
Эпостық батырдың бойынан табылатын асқақ қасиеттер: батылдық, адалдық, алыптық сияқты болып келетіні мәлім:
Күлтегін ақбоз (аты) Азманға мініп,
Шабуылға ұмтылды
(Жаудың) алты батырын шаншып
Жекпе-жекте жетіншісін қылыштады (Ктү, 45)
Немесе Күлтегін туралы
Күлтегін боз ат мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Ерттеулі торы атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді. КТү, 32-33
“Күлтегін” жырының ерлікті, елдікті мадақтаған дәстүр қазақтың батырлық жырында өз жалғасн тапты. Батырлық жыр мен шешендік толғаулар соның дәлелі.
Айдын шалқар өзені –
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді –
деп айтқан Абылдың (ХҮІІІ ғасыр) сияқты Бұхар жыраудың толғауларын естіген В.Радловтың таңдана жоғары баға беруі де заңды еді. Енді бұған халық арасында туған есепсіз даналық сөздерді қоссақ, онда байтақ қазақ даласының ән қалықтап, күй төгілген, жыр ағылған аңыздай келбетін елестету қиын болмас еді.
Қазақ халқы осындай ақындық қабілет-дарынды өзінің ата-тегі байырғы түрік тайпаларынан мұра тұтқан.
Олай дейтініміз, соншалықты ерте туғанына қарамастан, Орхон ескерткіштерінде шешендік арнаудың, келісімді ырғақтың, ойлы мақалдың, азалы жоқтаудың, жойқын соғыс суретінің сан үлгілері ұшырасады. Солардың қай-қайсысының да дамыған, жетілген түрлерін әдебиетіміздің әр саласынан қиналмай-ақ тауып жатамыз.
“Тәңірдей, тәңірдей жаралған,
Түрік білге қаған,
Бұл шақта отырдың (таққа),
Сөзімді түгел естіңдер!” 10-5 Хрест А.Қыраубаева Еж дәуір әдебиеті
немесе
“Тоғыз ағыз бектері, халқы!
Бұл сөзімді мұқият тыңда, терең ұқ” 11,6
деген жолдарды қазақ әдебиетінде ерекше дамыған шешендік сөздердің жоралғысын танимыз. Риторикалық сұраққа негізделген шешендік арнаудың мұндай түрлері Орхон ескерткіштерінде көп-ақ. Тағы мысал:
Түрк халқы тыңдаңдар!
Көктен тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса,
Ел-жұртыңды кім қорлайды?! 12,9 (Сонда хрестоматия тексінде)
О, қасиетті Өтүкен қойнауының халқы!
Біресе ілгері шаптың,
Біресе кері шаптың,
Барған жерден не пайда таптың? (КТү)
Осының бәрі де кейде адасып, быт-шыт болған, кейде ес жиып іргелі ел болған түрк халқына, оның ерлігіне арналған.
Осындай арнау түрінде жазылғандығына байланысты Орхон ескерткіштерін ерлік жырына жатқызғандығының өзінде үндеу, үгіттеу мақсатында туған деп есептейміз. Бұл олардың эпостық құнын төмендете алмайды. Өйткені қазақ эпостары да негізінен арнаумен байланысты туған.
“Халық арасында әлдебір батырдың қоштасуы және жоқтауға байланысты өлең жырда алғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық дастанның тууына негіз қалауы ықтимал”-деген еді. М.Әуезов өз зерттеуінде (Уақыт және қаламгер. 35- бет).......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?