Қазақ әдебиеті | Бекежан Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары

 Қазақ әдебиеті | Бекежан Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары

Мазмұны


Кіріспе 3

І-тарау.
1.1.“Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі.”

ІІ-тарау.
2.1. «Б.Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі».
2.2. «Б.Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі».

ІІІ-тарау. «Қазақ халқының мәдениеті тарихы
3.1. Б.Сүлейменовтің еңбектерінде».

Қорытынды.
Сілтемелер тізімі:
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де өзектілігі және маңызы зор.
Белгілі қазақ тарихшысы Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Б. С. Сүлейменов ғалымның көрнекті қайраткері деуге толық негіз бар. Оның атымен республика халқы 1917 ж. қазан революциясына дейінгі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелерін зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырды. Тарихшы – ғылымның қоғамдық, ғылыми – шығармашылық қызметін талдап сараптап баға беру, оның маңыздылығын арттыра түседі. Өйткені, Б. С. Сүлейменов сияқты зерттеуші – тарихшылардың тиянақты ғылыми өмірбаяндары Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес болады, сондай-ақ, мұндай еңбектер көш бастаушы ғалымдардың тәжірбиесін және үлкен нақты деректі мағлұматтарды зерттеу негізінде өткенді танудың маңызды тұжырымдамаларын атап көрсетеді. Қазақстан тарихшылары туралы, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде жоқтың қасы. Осы орайда бүгінгі күнге дейін кеңес дәуіріндегі үш тарихшының ғана өмірі мен шығармашылық қызметі кандидаттық дисcертация деңгейінде зерттелді. Отандық тарих ғылымы үшін көрнекті тарихшылардың ғылыми өмірбаянын жариялау тіптен маңызды. Өйткені, кең тараған проблеманың тарихнамамен қатар көрнекті тарихшылар туралы ғылыми еңбектер әр елдегі тарих ғылымының берік негізін қалайды. Мұндай ғұмырнамаларда көрініс тапқан тамаша кәсіби тарихшылардың шығармашылық тәжірбиесі бұл ғылымның жас мамандары үшін жақсы мектеп болды.
Егеменді даму жағдайында республикада ұлттық психологияның қалыптасуы, даму және өзгеру тарихының мәселелерін танып білуге қызығушылықтық артуы түсінікті. Осы тұста Б. Сүлейменовтің тоталитарлық режимнің күшіне еніп, қуғын-сүргін саясаты жүріп жатқан кезінде, азаматтық бағыты күшті ғылым ретінде өзінің көзқарастарымен ресми идеологияның негіздеріне сыйыспай, жүргізіліп отырған саясатқа белгілі дәрежеде қарсы шыққанына оның тұлғасына ерекше назар аудартады.
Ғалымның өмірін және тарихи көзқарастарын зерттеу арнайы зерттеу нысаны болуға тұрарлық еңбек. Б. Сүлейменовтің ғылыми мұрасын тарихилық, жан-жақтылық, объективтілік ұстанымдарына сәйкес талдап, әділ баға беріп, дұрыс пайдалана білуіміз қажет.
Мәселенің тарихнамасы. Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми-шығармашылық қызметі жөнінде жарық көрген еңбектерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бұл орайда бірінші топтағы әдебиеттер қатарына Б. Сүлейменовтің ғылымға келу жолы мен ғылыми қызметі туралы шағын мақалаларды, ал екінші топқа ғалымның еңбектеріне берілген пікірлерді жатқызамыз. Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми-шығармашылық қызметі жайлы алғашқы мақалалар ғалымның 1964 ж. ғылым докторы дәрежесін алуына байланысты сол кезде “Социалистік Қазақстан” және “Лениншіл жас”газеттерінде жарық көрді.2 Бұдан кейінгі кезеңде ғалымның 60 жасқа және 70 жасқа толуына байланысты республикалық ғылыми басылымдарда бірқатар мақалалар жарық көрді. “Қазақ Совет энциклопедиясында” да Б. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметіне көңіл бөлінді.3
1980 ж. Б. Сүлейменовтің өз өмірінің түрлі кезеңдерінен мәлімет беретін мақаласында студенттік кезеңінен бастап, өз өмірін халқының қаһармандық тарихын зерттеуге арнағандығы, айналысқан негізгі мәселелері, оның нәтижелері жайлы айтады. Осы мақаланың соңын ала, араға көп уақыт салмай ғалымның әріптестері мен шәкірттері болып табылатын М. Асылбеков, В. Басин, К. Қобыландиннің мақалалары жарияланды. М. Х. Асылбеков “Тарихшы – ғалым ұстаз” атты мақаласында Б. Сүлейменовтің тарих ғылымына қосқан үлесіне, еңбектерінің құндылығына былай деп көңіл бөледі: “Бекежан Сүлейменұлының ғылыми және қоғамдық қызметі республикаға да, Одаққа да белгілі. Қазақ СССР Ғылым академиясының байырғы қызметкері тарих ғылымының дамуына, ғылыми мамандар даярлауға көп үлес қосты. Оның қаламынан 130 ғылыми еңбек туды, оның бесеуі күрделі монографиялық еңбек. Бұлар аграрлық қатынастардың тарихын, революциялық және ұлт-азаттық қозғалысты, мәдениет пен қоғамдық ой-пікір тарихын зерттеп түйіндеген еңбектер Ғылым Қазақстанның революцияға дейінгі тарихи кезеңнің тарихи деректер базасын жасауға да тікелей ат салысты. Ол 5 томдық Қазақ СССР тарихының бас редакциясының мүшесі және белгілі авторы. Оның басшылығымен Ы.Алтынсариннің үш томдық еңбегі баспадан шықты. Б.Сүлейменовтың тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз, сонымен қатар ғалымды біз жаңашыл деп білеміз.”5 Б.Сүлейменовтың ғылыми өмірі жолындағы жетістіктері В.Басин мен М.Қобыландиннің мақаласында да жоғары бағаға ие болды.6 Ғалымның өмірбаяны мен ғылыми еңбектері туралы мақала 1986 жылы “Библиография общества ведов Казахстана” атты жинақта да жарық көрді.
Осы жоғарыда аталған еңбектерде Б.Сүлейменовтің өмір жолы мен ғылыми қызметіне жоғары бағалар берілгенмен, оның өмір жолындағы қиын сәттері, кеңестік жүйе тарапынан көрген қысымшылықтары сол тарихи кезеңнің идеологиялық талаптарына сай айтылмады.
80-жылдардың соңына қарай және еліміздің егемендік алғаннан кейінгі кезеңде Б.Сүлейменовтің өмірінің “ақтаңдақ” беттерінен мәліметтер беретін еңбектер жарық көре бастады.8 “Мысль” журналының 1996 ж. №2 санында сөз қозғаған М.Қ.Қозыбаев “40-50 жылдардың басында ғылым мен мәдениеттің идеологияландырылуы аса күшті жүріп жатты. Атап айтатын болсақ “Правда” газетінің беттерінде қоғамға қарсы әрекет жасады деген айыппен институттың ғылыми қызметкері Б.Сүлейменов әшкерленді. Ол да Б.Бекмаханов сияқты қуғын-сүргінге ұшырады”,- деп аталмыш мәселенің өзектілігіне ерекше мән береді.9
Л.Ахметованың еңбегінде Б.Сүлейменов кеңестік жүйе кезінде қазақ патриотизмін насихаттаған ғалымдар қатарында аталады. Р.Нұржановтың мақаласында Б.Сүлейменовтің саяси қысым көріп, жазықсыз жазаланғанына көңіл бөлінген.10 Б.Сүлейменовтің өміріне қатысты тың мәліметтер Т.Төрехановтың “Қанмен жазылған тағдырлар” атты тарихи – эссесінде, М.Мырзағұлдың “Арғы атасы би еді” атты еңбегінде келтірілген.11
Ғалымның еңбектеріне берілген пікірлер де мәселенің тарихнамасы жүйесінде ерекше орынға ие. Б. Сүлейменовтің 1949 жылы жарық көрген “1905-1907 жылдардағы Қазақстан” атты еңбегіне алғаш Т.Елеуов, А.Якунин сияқты ғалымдар тарапынан сол заманның талабына сай пікірлер білдірілген еді. Оның бұл еңбегі сол кезеңде “Вопросы историй” журналында сынға да ұшыраған болатын. Б. Сүлейменовтің 1963 жылғы “ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе” деген еңбегі жарық көрісімен аталмыш еңбек В.Басин, А.Еренов, Т.Айтиев сынды ғалымдардың жоғарғы бағалауына ие болды. Олар оның революцияға дейінгі Қазақстанның аграрлық мәселесін зерттеуге қосылған еңбек болып табылатындығын ерекше атап көрсетті. Ғалымның жоғарыда аталған еңбектері жайлы зерттеуші Ө.Озғанбай өз пікірін былайша орынды білдіреді: “Мемлекеттік дума туралы Қазақстан тарихындағы мәселеге алғаш көңіл бөлген Б. Сүлейменов болды. Ол еңбегінің бір тарауын толығымен Қазақстан депутаттарының қызметіне арналған. Автор Ресейдің аграрлық саясатын мемлекеттік думадағы партиялық күреспен байланыстырып сипаттайды.”12
1977 ж. Б. Сүлейменовтің “1905-1907 жылдарындағы Қазақстандағы революциялық қозғалыстар” атты монографиясына пікір жазған Ж.Қасымбаев еңбекте қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді басылымдар және архив деректері кең қолданғандығын көрсете келе, онда сол тарихи кезеңдегі қазақ өлкесінің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына тән кейбір ерекшеліктер нақты мағлұматтар негізінде егжей-тегжейлі тиянақты зерттелген дейді. Пікір білдіруші еңбекті қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихын зерттеуге қосылған маңызды үлес деп санайды. Осы жылы ғалымның В.Я.Басинмен бірігіп шығарған “Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс” атты еңбегі де жоғары ғылыми бағаға ие болды. Мұны 1916 ж. көтеріліс мәселесін зерттеген ғылым Х.Тұрсыновтың еңбегіндегі тұжырымдардан да аңғаруға болады. Ж.Қасымбаев пен Н.Кенжебаевтың зерттеулерінде 1916 ж. көтеріліс мәселелері бұл еңбекте кеңінен қамтылғанын ерекше атап көрсетеді.
Б. Сүлейменовтің В.Басинмен бірлесіп шығарған “Қазақстан Ресейдің құрамында” (1981 ж.) атты еңбегі де ғылыми ортада көптеген сын-пікрлермен аталып өтті.
Ы.Алтынсариннің шығармалары тікелей Б. Сүлейменовтің атсалысуымен 1955 ж. қазақ тілінде, 1957 ж. орыс тілінде бір томдық болып, кейіннен 1975-1978 жылдары “Толық шығармалар жинағы” болып басылып шықты. Осыған орай баспасөз беттерінде, Б. Сүлейменовтің ағартушының шығармаларын шығарудағы еңбегіне жоғары бағалар берілді.
Тарихнамалық тақырыптағы зерттеулерден белгілі тарихшы Д.И.Дулатова “Историография дореволюционного Казахстана” 13 атты еңбегінде Б. Сүлейменовтің айналысқан негізгі мәселелерін шолып, талдап өтеді; оның 1867-1868 жылдары Қазақстанда өткізілген реформалар тақырыбына жазған алғашқы мақалаларын және кандидаттық диссертациясына оңды баға береді.
П.Г.Галузо өзінің тарихнамалық еңбегінде аграрлық мәселе бойынша Б. Сүлейменовтің кейбір пікірлерімен келісе бермейтіндігін білдіріп, балама тұжырым айтады. Қоныс аудару саясатының тарихнамасы мәселесін қарастырған Р.Таштемханова Б. Сүлейменовтің қоныс аудару саясатын зерттеуге қомақты үлес қосқандығына тоқталған.14 С.Әсіп “Қазақ қасіреті” еңбегінде Б. Сүлейменовті патша өкіметінің отарлық саясатының бетпердесін ашып талдайды деп атап көрсетеді.14 О.Мұхатова “Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы аграрлық реформалар тарихнамасы” атты еңбегінде 15 Б. Сүлейменовтің бұл селодағы зерттеулеріне жеткілікті назар аударып талдамайды.
Г.Ф.Дахмлейгер, В.Шахматов, А.Нүсіпбеков, М.Ахынжанов, Е.Бекмаханов, Д.И.Дулатова, К.Жұмағұлов, Ж.Мақашева, С.Сүндетов сияқты белгілі зерттеушілерінің тарихнамалық сипатта жазған еңбектерінде тарихшы-ғалымның есімі аталып, Қазақстан тарихының әртүрлі өзекті мәселелерін зерттеуге қатысқаны, кейбіреулерінде қол жеткен жетістіктері туралы айтылады.
Жарық көрген әдебиеттерді талдау тарихшы Б. Сүлейменовтің ғылыми-шығармашылық, қоғамдық қызметінің, жалпы оның ғылыми өмірбаянының жеткіліксіз зерттелгендігін көрсетеді. Соның ішінде, әсіресе, ғалым өміріндегі қуғын-сүргінге ұшырау фактісі атап өтілгенмен, оның себептері ашылып көрсетілмеген. Сонымен қатар, тарихшының қалдырған ғылыми мұрасын толық, жан-жақты талдау жасап, баға берген арнаулы зерттеулер шықпаған. Сондықтан да тарихнамалық шолудан көрініп тұрғандай, тарихшы-ғалым Б. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасына жүйелі, жан-жақты талдау жүргізе отыра зерттеу қажеттілігі өз кезегін күтіп тұрған тың мәселе болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – белгілі тарихшы, ғалым Б. Сүлейменовтің өмірін, отандық тарих ғылымын дамытудағы қызметін, одан қалған мол мұраны тарих ғылымының қазіргі көтерілген денгейі тұрғысынан талдап, салалап, шынайы баға беру. Соған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Ғалымның өмір жолын, тарихшы маман ретінде қалыптасуын баяндау;
- Б.Сүлейменовтің ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметін ашып көрсетіп, ғалымның отандық тарих ғылымында алатын орнын айқындау;
- 1905-1907 ж. бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірдің Б. Сүлейменов еңбектерінде көрініс табуын бағалау;
- Ғалымның 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс мәселесіне арналған зерттеулерін тарихнамалық тұрғыдан талдап, қосқан үлесін анықтау;
- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы аграрлық мәселеге арналған Б. Сүлейменовтің еңбектерін тарихнамалық тұрғыда талдау;
- Қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, тілі, салт-дәстүрлері мәселелері туралы, оларды зерттеген оқымыстылар туралы Б. Сүлейменов еңбектерінің мазмұны мен маңызын белгілеу.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Б. Сүлейменовтің қызметін зерттеуде маңызды дерек – ғалымның қаламынан туған еңбектер. Сонымен бірге жұмыстың деректемелік негізін құрайтын материалдар бірнеше архивтерде сақтаулы. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы архивінің 2,74 қорлары, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінің 1142, 1993, 1352, 1871, 1831 қорлары, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің 708 қоры.
Ғалымға қатысты мағлұматтар бірнеше архивтерде орналасқан, сондықтан аталған қорлардағы деректерді былай топтастырғанды жөн көрдік:
- ғылыми еңбектері, мақалалары, олардың қолжазба нұсқалары, оларға арналған еңбектер, деректер;
- өмірбаяндық сипаттағы деректер, (өзі жазған жеке құжаттары, ғылыми қызметі туралы пікірлер, құрмет қағаздары, естеліктер);
- ғылыми – ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы деректер, оларға жататындар Қазақ КСР Ғылым Академиясы Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтындағы, әр түрлі комиссиялар мен қоғамдардағы, Алматы шет тілдер инстутындағы және тағы басқа жерлердегі педагогикалық қызметі туралы деректер, дайындаған баяндамалары мен дәрістері, телевидение мен радиода сөйлеген сөздері;
- Б. Сүлейменовтің жазған хаттары мен оған жазылған хаттар. Тарихшы – ғалымның тұлға ретінде бейнесін жасау үшін А.М.Панкратова, Н.М.Дружинин, Қ.Ү.Үсенбаев, М.Қ.Қозыбаев, С.Қ.Жақыпбеков, Ж.Қ.Қасымбаев, Р.Н.Нұржанов және тағыда басқа тарихшылармен алысқан хаттар және олардың естеліктері бірегей дерек болып табылады. Б. Сүлейменовтің ғылыми қызметкер ретінде “ұлтшылдық” ұстанымын түсіну үшін аталған архив қорларында бар, ғылыми кеңестер, пікірталастар материалдары, сонымен қатар ғалымның жеке архивінде сақтаулы П. Понамаренко, С. Руденко, М. Шкириятовке жазылған хаттардың маңызы зор.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі. Зерттеудің методологиялық негізін тарих ғылымына сондай-ақ, оның негізгі бағыттарының бірі тарихнамаға тән осы замандағы дәстүрлі принципі тарихилық, жан-жақтылық, объективтілік және басқа ғылыми зерттеуде диалектикалық, тарихи салыстырмалық және тағы басқа әдістер қолданылды. Бұл жағдай Б. Сүлейменовтің және замандастарының еңбектерін жүйелілік тұрғысынан талдау олардың орны және мәні жөнінде қалыптасқан нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. Қазақстан тарихы ғылымының жалпы үдемелі дамуы мен проблемалық – хронологиялық байланыста қаралды. Нақты проблемалар бойынша ғылыми ізденістер жүргізуде міндетті маңызы зор аспекті объективтілік принципін қолдану, яғни қоғам тарихындағы жеке тұлғаның орны және қызметі, ғылымының және мемлекеттің өзара қатынасы, белгілі бір нақтылы әлеуметтік жағдайлардағы тарих ғылымының келешектегі даму жолдарын іздестіру сияқты мәселелері болып табылады.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Тоталитаризмнен кейінгі уақытта Отандық тарих ғылымында қалыптасып келе жатқан бағыт тарихтың субъективті факторына ерекше назар аударылып, тарихымыздағы жеке тұлғалардың ролі мен тағдыры туралы ізденістер жандануда. Нақты деректер негізінде көпке дейін белгісіз болып келген Б. Сүлейменовтің өмір белестерінің кейбір тұстары нақтыланып, ретке келтірілді. Зерттеу тақырыбынан туындайтын проблемалар кешенді түрде зерттелініп, алдындағы уақыттағы ғылыми ойдың дамуы мен байланысы да ескерілді.
Зерттеудің осы негізігі ғылыми жаңалығының нәтижелері:
- Б. Сүлейменовтің өмірі, маман тарихшы ретінде қалыптасуы анықталды;
- Ғалымның ғылыми – ұйымдастырушылық педагогикалық және қоғамдық қызметі баяндалды;
- Оның 1905-1907 ж.ж. бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы жұмысын аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыстарының дамуы, ерекшеліктері мен нәтижелерін, зерттеу деңгейін айқындайды,
- Б. Сүлейменовтің 1916 ж. көтеріліс мәселелеріне арналған еңбектері талданды;
- Ғалымның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстанды қалыптасқан аграрлық қатынастар туралы шығармалары сұрыпталды;
- Б. Сүлейменовтің Ыбырай Алтынсарин өмірі, ағартушылық қызметі мен мұрасы туралы жазған еңбектері, оның маңызы анықталды;
- Ғалымның қазақ мәдениеті, тілі, салт-дәстүрлері және оларды зерттеушілер туралы шығармалары талданды.
Жұмыстың басты нәтижелерінің бірі тарихшы-ғалымның сталиндік қуғын-сүргінге ұшырауының әділетсіз екенін және әкімшіл-әміршіл жүйе идеологиясының тарих ғылымына ықпалын көрсете отыра, оның біртуар күшті бейнесіне, ғылыми мұрасына жалпы адамзаттың, объективтілік тұрғысынан баға берілді.

ІІ-тарау.
2.1.Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі

Б. Сүлейменов 1912 жылдың қараша айында Ақтөбе облысы Шалқар ауданының №13 ауылында дүниеге келген. Оның арғы аталары Шонан, Оатаралы, Нияз елді аузына қаратқан беделді би болған адамдар. Сүлейменнің әкесі Нияз Үлкен және Кіші Борсық құмдарын жайлаған Қабақ руының бетке ұстар атақты биі, әрі старшыны болған еді. Сол кезеңде Арал өңірін өз қоластына қосып алуға ұмтылған Хиуа хандығына қарсы күреске халықты көтерген ел мүддесін қорғаған тұлғалардың бірі.
Ата-анасынан ерте айырылған жетім, 8 жасар бала екі жылдай әуелі ағайындардың қолында жүріп, кейін көрші ауылға көшіп барып, бастауыш мектепте үш жыл мұғалім М.Низамуддиновтен білім алады. Жас Б. Сүлейменов білімге деген талаптылығымен, ұмтылысымен көзге түседі. Сонан соң Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы орталығындағы жетіжылдық мектепте оқуын жалғастырады. Өз естеліктерінде ғалым “Менің еңбек жолым 1929 жылы Алматы қаласындағы Еңбек орталық институтының құрылыс базасына жалданғаннан басталды. 1929 жылдан 1934 жылға дейін мен Алматы қаласында еңбек етіп, алғашқы кезде ұста, аға жұмысшы өндіріс ұйымдастырушы, құрылыс корпорациясының қазақ өлкелік кеңесінің ұйымдастыру бюросының төраға орынбасары және сол уақыттары кешке қарай жұмысшы жастар мектебінде, техникумның дайындық топтарында, жоғарғы оқу орнының дайындық курстарында білім жетілдірдім ”, - деп көрсетеді. Б. Сүлейменов 1934 ж. К.Либкхнет атындағы Молсква мемлекеттік педагогика институтының тарих факультетіне түсіп, студенттік жаңа өмірін бастайды. Онда үлкен зеректігімен көзге түсті. Әсіресе, отар және тәуелді елдер тарихы, КСРО тарихы және жаңа кезең тарихы пәндері қатты қызықтырып, диплом қосымшасынан өте жақсы болғандығы көрініс тапқан.
Оның революцияға дейінгі тарихқа қызығушылығы, терең зерттеуге құштарлығы сол кезде-ақ қалыптасқан болатын.
1938 ж. институтты ойдағыдай бітіргеннен кейін ол Ресей Федерациясының және Қазақ КСР білім министрлігінің жолдамасымен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына аға оқытушы қызметіне орналасты. Бұл институт қабырғасында Б. Сүлейменов шет тілдер институтына 1942 ж. директор болып тағайындалғанға дейін қосымша жұмыс жасайды.
Ғылым академисының Алматыдағы шет тілдер институтындағы қызметі кезінде француз тілі кафедрасын ашуды ұйымдастырып, маман мәселесін біршама орнықтырды. Қазақ жастарын институтқа көбірек тартып, оларға қамқорлық жасады. 1943 ж. қараша айында КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының президиумы Б. Сүлейменовті тіл, әдебиет және тарих институтының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары етіп тағайындайды. Бұл қызметте ол біріккен институттың 1945 ж. екі Тіл мен әдебиет және тарих, археология, этнография институттары болып қайта құрылғанға дейін атқарды. Осы кезеңдегі институттағы ғылыми басшылық жұмысымен қатар, қазақ халқының тарихының күрделі, тың мәселелері бойынша жемісті ғылыми зерттеумен айналысты. Оның басшылығымен “Қарағанды көмір кенінің тарихы”, “Қазақ батырлары” атты еңбектер баспаға дайындалады. Сол кезде КСРО Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі, КСРО ҒА-ның Қазақстан филиалы президиумының төрағасы Қ.И.Сәтбаев ешқандай ғылыми дәрежесә жоқ Б. Сүлейменовтің ғылыми ізденіске деген зор құлшыныс қабілетін жоғары бағалап, “Бекежан Сүлейменов Қазақстан жас тарихшыларының ішіндегі ең қабілеттілерінің бірі және болашағы бар”, - деп, одан белгілі ғалым – тарихшы шығатынын көрегендікпен айтты. Абай атындағы педагогикалық институтының аспирантурасының жұмыстан қол үзбей жүріп бітірген соң, КСРО Кеңес Халық Комиссариаты жанындағы жоғарғы мектеп ісі бойынша Бүкілодақтық комитеттің рұқсатымен, 1945 жылдың 9 сәуірінде ҚазМУ-дың ғылыми кеңесінде “Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа” атты тақырыпта Бекежан Сүлейменұлы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 1945 ж. маусым айынан Бекежан Сүлейменұлы қайта құрылған тарих, археология және этнография институтында “Қазақстанның революцияға дейінгі тарихы” секторының меңгерушісі қызметін атқарып, қазақ халқының революцияға дейінгі тарихының күрделі проблемаларын зерттеуге белсенді ат салысты, өмірінің аяғына дейін 150-ге жуық еңбек жазды. Өмір жолы, ғылыми қызметі осы институттың тарихы мен тығыз байланысты болды. 1964 ж. Ташкент қаласында докторлық диссертациясын қорғаған уақытында Б.Сүлейменов “неге мал шаруашылығымен салыстырғанда жер мәселесіне көп көңіл бөлдіңіз”, - деген сұраққа былай деп жауап берді: “Мен патриотпын, одан қалса өзімнің проблемаларымның дәйекті патриотымын. Көшпелі мал шаруашылығын көп ғалымдар қарады, ал аграрлық мәселе деген берілгендімнің белгісі"......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 875



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?