Қазақ тілі | Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаты
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда лингвистика саласында тақырыпты зерттеу өте маңызды мәнге ие болып отыр. Себебі, мәтінді тану үшін, ең алдымен, тақырыпты білудің қажеттілігі туындап отыр. Тақырып кейін кенжелеп дамыған тіл білімінің саласы емес, оны зерттеу өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолға алынған болатын. Мұнда ең басты мәселе, публицистикалық стильдің, яғни газет тақырыптарының лингвистикалық тұрғысына сипаттама жасалды. Орыс тіл біліміндегі тақырып мәселесіне арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты жұмысын атауға болады [1]. Бұл жұмыста тақырыптың көркемдік-ұйымдастырушылық қызметіне жан-жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері елеп-екшеліп, талқыға салынды. Бұл еңбек, сонымен бірге тақырып туралы алғашқы іргелі еңбектердің бірі болуымен де құнды. Орыс тіл білімінде тақырыпты зерттеу, оның мәтіндегі қызметін ашып таныту осы кезден бастап белең алды. Бұл зерттеулер кейіннен аталмыш салада көптеген диссертациялық еңбектердің, монографиялардың жазылуына себеп болды. Негізінен газеттегі мақалалардағы тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктерін қарастырған Қожабекованың еңбегі қазақ тіл білімінде ең алғашқы тақырыпты зерттеу нысанына айналдырған жұмыс ретінде маңызды болып табылады. Ғалым мұнда газет мәтініндегі тақырыптардың неше түрлі үлгіде беріліп, әсіресе тұрақты сөз тіркестері түрінде келу үрдісін сөз етеді [2]. Сонымен қатар тақырыптардың, газет тақырыптарының стереотиптілігін айқындайтын прецеденттік атауларды да ғылыми түрде дәлелдеп, оған мысалдар келтіріп, оның тақырыптағы арқалап тұрған жүгін айқындап көрсетеді. Мұндағы прецеденттік атаулар дегеніміз, оқиғаны бұрын болған басқа бір оқиғамен ұқсастыра отырып, сол тәріздес тақырып қою.
Тақырыптардың зерттелуіне қарап отырып, олардың түрлі-түрлі бағыттарда жүргізілгендігін байқауға болады. Оның ішінде газет тақырыптарының құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер де, көркем мәтінннің тақырыптарының астарын қазбалаған жұмыстар да бар. Тақырыпты зерттеу мәселесі бүгінгі кезге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ғалым Л. Дүйсембекова тақырыптардың үш түрлі қызметі бар екендігін өз еңбегінде атап көрсеткен болатын: ақпараттық, прагматикалық, танымдық [3,116]. Бұл үш қызмет арқылы көркем шығарманың болсын, ғылыми стильдегі шығармалардың болсын, публицистикалық стильдегі еңбектердің (мақала, фельетон) болсын, негізгі мәні анықталады.
Газет тақырыптарының зерттелу межесіне қарап отырып, олардың барынша өскелең сипат алғаны белгілі болды. Қазақ тіл білімінде де тақырыпқа байланысты біршама зерттеу еңбектер, диссертациялық жұмыстар жазылған. Мәселен, Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» [4] атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) [5] атты орыс тілінде жазылған диссертациялық сипаттағы ғылыми жұмыстары. Осыларды қарастыра отырып, жалпы тақырыптың мәтінге не үшін керектігі жөнінде біршама мағлұмат алдық. Жалпы тақырыптың зерттеу нысаны мәтіннің ең басты лингвистикалық тұлғасы ретінде тақырыптардың құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін талдау, олардың ақпараттық ұйымдастырушылық қызметіне назар аудару.
А. С. Выготскийдің пікірінше, «заголовок является доминантой, которая определяет собой все построение рассказа» [6, 16]. А. М. Пешковский: «заголовок представлят собой намек... на содержание или даже сжатое изложение его» деп жазады [7, 35]. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны және мәтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: «Заголовочный комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного характера разной струкуры и с разным назначением», [8, 135] - деп атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мәтін ішіндегі тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Ал тақырып пен мәтіннің арасындағы байланыс, сабақтастық, тұтастық оның ескерілуіге тиісті ең басты қағидасы. Тақырып саласындағы зерттеу еңбектердің көпшілігі де оның осы қызметіне баса назар аударады. Өткен ғасырдың 50-жылдары «Өнер психологиясы» деген жалпы көркем әдеби мәтін мен оның бөлшектерінің ұйымдастырылуын, құрылымын талдып көрсеткен кітабында Л. С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: «Әңгімеге (мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер» Тақырыптың өзектендірілуі оның «не», «немесе» деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек [6, 35].
Бітіру жұмысында негізінен қарастырылып отырған мәселе, заң мәтіндерінің тақырыптарының лингвистикалық сипаты. Көркем мәтіндерге қарағанда, газет мәтіндеріне қарағанда, мұнда көптеген ерекшеліктердің бар екендігін аңғаруға болады. Біріншіден, заң мәтіндері ресми-іскери стильдің саласында қарастырылатын болғандықтан, екіншіден, заң тақырыптарының құрылымында көбінесе клише мен штамп сөздер қолданылатындықтан, олардың тақырыптары тұрақты, жүйелі, мазмұнды болып келеді.
Диплом жұмысының өзектілігі. Тақырыптарды зерттеудегі жетістіктер оның сан түрлі қырын ашудан анықтала түседі деп тұжырым жасауға болады. Тақырыптардың бұдан да басқа әр түрлі қызметтерін, қолданылу аясын зерттеу бітіру жұмысының өзектілігін айқындай түсетін ең басты фактор. Соның ішінде заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттарын қарастыру бітіру жұмысында сөз болып отырған негізгі мәселе. Ең алдымен, заң тақырыптарын сөз етпес бұрын жалпы заң мәтіндерінің лингвистикалық зерттеудегі маңызын ашып көрсеткен дұрыс.
Соңғы кезеңдердегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық тұрғыдан зерттеп, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі де шындық. Десек те солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай келді. Ал олардың яғни әр мәтін түрінің ерекшеліктерін анықтау, тілдік заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін, өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп, жүйеленіп, нормаланып, онсыз да қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ тілінің анақұрлым кеңірек қолданылуына аз да болса сеп болары сөзсіз.
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып, қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының тілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де маңызы өте зор. Себебі заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдік құрылымын қатты сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын қатаң қадағалауы қажет. Публицистикалық стильдің барлық талаптары заң мәтінінен толықтай табылуы керек. Мұндай талаптар сақталмаса, онда заң құжаттарының прагматикалық-ақпараттық қызметі солғындайды. Заң мәтіндерінің бүгінгі күн талабына сәйкес тіл білімі саласында зерттеу нысанына айнала бастағанының өзектілігі міне осында.
Заң мәтіндері туралы, жалпы ресми-іскер стильдің басқа да салалары туралы қазақ тіл білімінде біршама еңбектер жарық көрді. Бұл салада Л. Дүйсембекова, Д. Әлкебаева өнімді еңбек етіп жүр. Ғалымдардың қазақ тіл біліміндегі ресми-іскери стильдің барлық қырынан танытудағы жемісті ізденістері бұл стильдегі басқа салалардың, әсіресе заңдық құжаттардың зерттелуіне жол ашып отыр.
Заңдық құжаттардың тақырыбындағы тілдік элементтерді, олардың синтаксистік-құрылымдық ұйымдастырылуын зерттеу бітіру жұмысының ең басты қарастыратын өзекті мәселесі болып табылады. Диплом жұмысында заң тақырыптарының басқа да функциялары сарапқа салынды. Бұл қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы үшін қажетті бастама.
Диплом жұмысының пәні. Қазақ тілінің стилистика саласы, оның ақпараттық-прагматикалық ауқымы, функционалдық лингвистикадағы соңғы кезде қалыптасып отырған тілдік ерекшеліктер диплом жұмысының негізгі пәні болып саналады. Отандық лингвистикада әлеуметтік факторлардың әсерін тіл біліміне байланыстыра, сабақтастыра отырып қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру. Заңдық құжаттардың лингвистика үшін қандай маңызы бар екендігін көрсету. Сонымен қатар ең негізгі мәселе, заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамасын ашып көрсету. Қазақ мемлекеттілігі қалыптасқанннан бері қаншама заң актілері қабылданып, күнделікті қолданысқа енгізіліп жатыр. Солардың барлығының тақырыптық ерекшеліктерін талдау. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері осыларды қамтиды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Алғаш рет заңдық құжаттардың тақырыптары зерттеу нысанына айналды. Заң тақырыптарының құрылымындағы ақпараттық, прагматикалық, танымдық қызмет талданып көрсетілді. Сонымен қатар тақырыптардың басқа да айрықша белгілері диплом жұмысында сараланды.
Диплом жұмысының нәтижелері. Диплом жұмысында мынандай негізгі нәтижелер бөліп алынды:
- Функционалдық стиль саласында ресми-іскер стильдің зерттелуі тіл білімінің көптеген салалары үшін өте қажетті фактор болып табылады.
-Заңдық құжаттардың зерттелуі, тілдік тұрғыдан қарастырылуы заң шығарушы органның қызметін жеңілдетіп, олардың ресми-іскер салада нақты бекітілген талаптар тұрғысынан жазылуына мүмкіндік береді.
- Заң тақырыптарының барлығы анықталған түрде клишелер мен штамптарға қатысты болады. олардың негізгі тілдік бірліктері де осы болып есептеледі.
-Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарынан үлгілер келтіріліп, олардың тақырыптарына, ондағы ерекшеліктеріне назар аударылды.
-Заңдық құжаттардағы тақырыптардың синтаксистік құрылымы, қызметі алғаш рет сөз болды.
Зерттеудің дерек көздері: Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) атты және Р. Т. Қожабекованың «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі» атты диссертациялық жұмысы, Л. Дүйсембекованың «Ресми-іскер стиль» атты монографиясы, Д. Әлкебаеваның «Прагмастилистика» атты оқу құралы, М. Мамабетованың «Ресми-іскери тіл белгісі – клише тұлғалар» атты еңбегі, Қазақстан Республикасында қабылданған заңдық құжаттардың тақырыптары пайдаланылды.
Сонымен қатар А. С. Попованың «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» атты диссертациялық жұмысы, И. Р. Гальперин «Текст как обьект лингвистического исследования» атты монографиясы, С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты еңбегі зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері болып есептеледі.
1 ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ РЕСМИ-ІСКЕРИ СТИЛИСТИКА САЛАСЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тіліндегі іргелі зерттеулер жүргізуді талап ететін саланың бірі тіл білімінде соңғы кезде ғана қолға алына бастаған стилистика саласы. Стилистика саласының жан жақтылығы оны тіл білімінің басқа салаларымен ұштастыра зерттуеге әкеледі. Стилистика саласының теориялық негіздері қазіргі кездері нақтыланып, бұл салада ғалымдар жақсы жетістіктерге жетуде. Ең алдымен Мәулен Балақаев, Ербол Жанпейісов, Мархабат Томанов сияқты ғалымдар «Қазақ тілінің стилистикасы» деп аталатын еңбекті жарыққа шығарды. Одан кейін бұл оқулық кітап жетілдіріліп, тағы бірнеше рет басылып шықты. Стилистика туралы мәліметтер жинақтала келе, басқадай еңбектердің тууына себеп болды. Ғалым, Профессор Мырзатай Серғалиев «Стилистика негіздері» деген еңбекті жария етті. Филология ғылымының докторы Дина Әлкебаева «Прагмастилистика» оқу құралын басып шығарды.
Алайда осы аралықта стилистика саласы толық зерттелді, оның қарастыруға тиісті барлық нысандары қарастырылды деп айта аламыз ба? Бұл мәселенің мәнін ашып алуда ғалым Дүйсембаев Аян былай дейді: «Тіл білімінің бір саласы ретінде стилистиканың қалыптаса бастағанына да біршама уақыт өтіп кетті. Дегенмен, стилистиканың қазақ тіл біліміндегі әлі де жас салалардың қатарына жататындығын мойындауымыз қажет. Оған тіліміздегі кейбір маңызды болып есептелетін мәтіндердің өзінің әлі күнге дейін тілдік, стилистикалық тұрғыдан арнайы зерттеу нысанына айналмай отырғандығы дәлел. Шындығына келсек, қазіргі кезде қазақ тіл біліміндегі стилистикалық зерттеулер негізінен әдеби шығармалардың тілі мен баспасөз тілін зерттеу шеңберінен шыға алмай жүргендігі де шындық екенін жасырмауымыз керек.
Дегенмен стилистикалық еңбектерге қатысты пікірлер А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алды десек те болады» [9, 19].
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік маңызға ие заңдық құжаттарды зерттеу – бүгінгі күн талабынан туып отырған мәселе. Заңдық құжаттардың қолданылмайтын жері жоқ. Елдегі саяси-әлеуметтік жағдайларды реттеп, бекітіп отыру үшін оның қажеттігі шексіз. Заң шығарушы орган – аса әлеуетті құрылым болып есептеледі.
Тілдік тұрғыда қарастырылғанына қарай заңдық құжаттар функционалдық стильдік топтарға кіреді. Біз енді функционалдық стильдерге біршама үңіліп, зерттелу дәрежесіне мән бермекпіз.
Функционалдық стиль – ең көлемді жалпы категория. Функционалдық стильге не жатуы мүмкін. Ол көптеген салаларға бөлініп кетеді. «Мәселен, соттағы ақталушының, яғни адвокаттың сөзі, ғылыми мәжіліс, өлең жолдары, мәлімдеме т.б. – барлығының мазмұны әртүрлі, стильдік міндеттері әр бөлек. Сондықтан тілдің формасы, берілу мүмкіндіктері бір – біріне ажыратылады. Тілдік жанрлардың барлық түрінің басын біріктіретін ортақ міндеті (функциясы) бар. Тілдің өмір сүру стадиясы әдетте қарым – қатынас құралынан көрінеді. Сондықтан тілдің ең басты функциясы – қатынас құралы болу. Тілдің өмір сүру аумағы түрлі қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында айқындала түседі. Яғни тілдік функциялары – сөйлеу, өзара түсінісуден бастап, қажеттілік түрлері, басқа адамдармен тіпті мемлекетаралық шарт жасасудан - ресми іс тілі, айналаны танып – білуден ғылым тілі, үгіт – насихат істері нәтижесінде коммуникативті газет – публицистика тілі, эстетикалық өнер түрлерінен көркем әдебиет тілі қалыптасқан. Осыларға қызмет ететін тілден ерекше қасиеттерді, мәселен, дәлдік, қысқалылық, бейнелілік тәрізді функцияларды, міндеттерді талап етеді. Уақыт өте келе қоғамдық қажеттіліктерге тіл өз тарапынан сараланған, қалыптасқан функционалдық стиль түрлерін жұмсайды» [10, 28].
Лингвистикалық әлеуметтануға қатысты функционалдық стиль ұғымы қоғамдық тұрғыдан танылған, мойындалған тілдік құралдардың шоғырлануына негізделеді.
Әдеби тілдің функционалдық стильдерін бір – бірінен ажыратып көрсететін нақты белгілердің болатындығы анық. Әрбір функционалдық стильдің өзіне ғана тән дифференциалдық белгілері бар, олардың бірқатары жетекші, екіншілері қосалқы немесе немесе ауыспалы белгі болуы мүмкін.
«Кітаби - жазба стильдердің бір – бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жоғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, соғұрлым ұлт тілінің маңызы артады...» [11 ,21].
Функционалдық стильдің құрамындағы ресми – іс, публицистикалық, көркем әдебиет стилі қызметтік жағынан ерекшеленетін тілдік стильдер. Функционалдық стильдің салаларының ғылыми стиль түрлері деп те бөлінетіні бар.
Ғылыми тілдің өзінің саласы бар: термин таңдаудағы қаталдығы ойдың екі жақты болып кетпеуінен қатты сақтанады.
Қазақ тілінде функционалдық стиль қалыптасқан кезден бастап, қазіргі қазақ әдеби тіліндегі фунционалдық стиль құрамы туралы мәселе теориялық және практикалық түрде жетілдірілді.
Функционалдық стилдердің ғылыми стилдерінің қалыптасуы ХХ ғасырдан басталады. Қазіргі осы заманғы тіл біліміндегі функционалдық стилдің негізі 20 – 50 жылдары салынған. ХХ ғасырдың әр кезеңдерінде бұл салада В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Б. А. Ларина, А. М. Пешковский, Л. П. Якубинский, Л. В. Щерба, Д. Н. Шмелева еңбек етті.
Жеке функционалдық стильдерді сипаттауға арналған қазақ тілінде көптеген зерттеулердің болғанына қарамастан, [12, 192], [13, 255] бүгінгі күнге дейін функционалдық стилдердің түрлері мен номенклатуралары жайындағы таласты пікірлер басы ашық күйінде қалып келеді; сондықтан функционалдық стилдердің құрамы туралы мәселе әлі нақтыланбай келеді. Дегенмен қазақ тілінде мынадай функционалдық стильдердің бар екені күмәнсіз шындық, олар:
1) ресми іс – қағаздар немесе кеңсе тілі стилі;
2) публицистикалық стиль (газет – журнал тілінің стилі);
3) ғылыми – техникалық әдебиет стилі;
4) оқу – педагогикалық әдебиет стилі;
5) көркем әдебиет тілі стилі [12, 175].
Функционалдық стиль жайлы В. В. Виноградовтың және басқа да зерттеушілердің анықтамаларына сүйене отырып, жалпыхалықтық қазақ тілінде саяси фунционалдық стиль және заңдық-құжаттық функционалдық стиль деп жаңа стильдерді бөліп шығаруға болады деп есептейміз. Себебі, қазіргі кездегі экстралингвистикалық факторларға сәйкес әр салаларға қатысты функционалдық стильдердің жаңа түрлері сараланып шығып, олар өзіндік жеке атауларға ие болуда. Жоғарыда аталған академик В. В. Виноградов маркетингтік функциональдық стиль деген категорияны бөліп алып қарастырған болатын.
В. В. Виноградов функционалды стилді «санада жалпыланған, функционалдық жағынан негізделген, қолданылу жолдарының тұтастығы іштей біріктірілген, жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің өзіндік немесе басқа формалар аясындағы сөйлеу қарым – қатынасына байланысты таңдап алынуы және тіркесуі» [14, 73] деп анықтайды. Сонымен бірге ғалымның осы тұрғыдағы, функционалды стилдерде көп ұшырасатын клишелер мәселесіне берген анықтамасы да назар аударуға тұрарлық: «Қазіргі әдеби тілдің жүйесінде сөздер көбіне еркін кездейсоқ іліккен жеке компоненттерден емес, дәстүрлі формулаларда шартты орын алады, адамдардың көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің көмегімен сөйлейді және жазады» [15,162].
Біздің көзқарасымыз бойынша, тілдің функционалдық әр түрлілігінің тілдік сипаттамасының мамұны экстралингвистикалық, яғни тілдің қоғамдық көрінісі маңызды орын алатын жағдайлардан алшақтап кете алмайды. Функционалдық қалыптасу мен функционалдық аяқталу тілдің өмір сүруінің формасының айрылуы үшін қызмет етеді, В. Д. Бондалетов тілдік стилистикалық жіктелуінің шартына, бірінші кезекте, әлеуметтік факторды, стилдердің міндеті мен олардың қызмет ету жағдайын қатыстырады. Олар тілдің мынандай функционалдық өзгешеліктерге бөлінуінің негізі болып табылады, мысалы: жеке лингвистикалық белгілерге қатысты:
1) ортақ ұжыммен таңдалып, топтастырылып алынған арнаулы лексикалық, семантикалық, грамматикалық құралдар;
2) функционалдық стилдер шегіндегі стиилстикалық нормалардың болуы;
3) қандай да бір мөлшерде жалпы сөйлеу іс – тәжірибесінде анықталған функцияларды жүзеге асыру;
4) фунционалдық құралдардың болуы (лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік)[16, 89].
Іскер адамдардың сұхбатында, ақиқат қарым – қатынасқа түсудің іскерлік тұрғыда жүзеге асу процесінде және іскерлік байланыс барысында қазіргі әдеби тілдің айрықша коммуникациялық жүйесі ретінде маркетингтік функционалдық стилдің стиль жасаушы құралдары қалыптасады, мұнда таңдау механизмдері тілдік құралдарды қолдану кезінде функционалдық және тақырыптық жоспарлармен алдын – ала айқындалады, яғни әрекет түрімен, қарым – қатынас мақсатымен, сөйлеушінің сөйлеуге деген қалауымен, рөлдік эспектациялармен әлеуметтік жағдайлардың басқа да компоненттерімен байланысты болады.
Ресми іс-қағаздар стилі шығу тегі бір және тілдік құралдардың пайдаланылуының айрықшалығымен сипатталынатын оларды нарықтық әрекетпен сәйкес келу мақсатында сұрыптап, іріктеп алумен, сөйлеу нұсқауларымен, сөйлеушілердің қалауымен, әлеуметтік мәртебемен және әрекеттің аталмыш шеңберімен байланысты экстралингвистикалық жақтан келісілген және коммуникациялық жүйеде бағытталған стиль болып табылады.
Ғалым Л. Дүйсембекова ресми іс-қағаздар стилінің жанрларының төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді:
1) ресми сипаты;
2) құжатты шығарушы немесе жазушы сипатының көрінуі;
3) құжат жанрының ресми қатынас жағдайына сәйкес болуы;
4) істің нақты жағдайының көрініс беруі немесе бейнеленуі;
5) мәліметтің сипатына, мазмұнына форманың тәуелді болуы
6) құжаттың аты;
7) мәтіннің құрылымдық-композициялық бөліктері;
8) құжаттың авторы мен адресаты;
9) мәтіндегі мағыналық бірліктердің қолданылуы мен орналасуының құжат мазмұнына тікелей тәуелді болуы;
10) шешілетін мәселе ауқымының шектеулілігі;
11) стандарт тілдік бірліктердің қолданылуы;
12) құрылым тұрақтылығы;
13) ойды жеткізу үшін белгілі бір тілдік бірліктер жиынтығының ғана қолданылуы;
14) прагматикасы;
15) әр құжат типінің жанр ерекшелігін көрсетуі [3, 101].
Заң кодекстеріміздің күнделікті тұрмысымызда қолданылып жүрген, әр түрлі тұлғалар мен мекемелердің түрлі жағдайдағы құқықтарын қорғап, қылмыстық іс әрекеттерін айыптайтын маңызды мәтін екендігін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондай мәтіндердің ішіндегі маңыздыларының бірі заң мәтіндері. Оның үстіне, соңғы жылдары заң жүйесі заң шығару ісіне, сол арқылы заңдық қоғам құруға түбегейлі бетбұрыс жасағандығын аңғаруға болады. Оның да түрткі болған себептері мен ерекшеліктері жоқ емес.
Бірақ бұл пікірге сүйеніп, қазақ тіл білімінде заң мәтіндеріне қатысты еңбектер мүлдем болмады деп айта алмаймыз. Айталық, жекелеген заң ұғымдарының стильдік қолданысы, ұғымдық, мағыналық белгілері жөнінде белгілі тілші Р. Сыздықованың еңбектерінде талданып өткен.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында қоғамымыз заң тілінің қалыптасуына әртүрлі себептермен әсер етіп, көптеген заң жобаларының өмірге келуіне түрткі болды. Дербес мемлекет болғаннан бргі соңғы уақыттарда Қазақстан да осы жағдайды басынан кешіріп отыр. Қазір Қазақстанда жаңа заң жобалары бойынша жұмыс істеліп отырғандығы белгілі.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?