Мінсіз біздің мінезіміз

 Мінсіз біздің мінезіміз

Бұл өмірге адам туып келгенде
мінез болат әр адамда өзгеше,
Алланың ол бізге берген мінезі
өзгерталмайт оны ешкім өзіңде.

Бір адам бар мінезі оның өте ашық
ол адамды көргендердің бәрі ғашық,
өз қолында еш дүние болмаса да
сені ойлап тұрады көңілі тасып.

Бір адам бар мінезі оның жайдарлы
бір саспайды өзі сондай байсалды,
сабыр менен ойға салып барлығын
ондай жанды Аллам өзі қолдайды.

Бір адам бар мінезі оның қайсарлы
жігер күші тасып өскен ол тағы,
әрқашанда жетістікке ол жеткен
Алла берген күшіменен бойдағы.

Бір адам бар мінезі оның қиқарлы
айтқанынан еш уақытта қайтпады
өзінікі дұрыс дейді қаймықпай
сенікі де,дұрыс деп ол айтпады.

Бір адам бар мінезі оның өзімшіл
өзін ғана ойлап жүрген жан ол бір,
өзімде ғана болсын дейді ол адам
өзге жанды ойламайды ол еш бір.

Бір адам бар мінезі оның жанашыр
мейірімге толы іші бәріне де панашыл,
жаны ашып тұрады кімге болсын
ондай жанның бұл өмірде жаны асыл.

Бір адам бар мінезі оның қатыгез
кездеспесін адам оған ешбір кез,
аямайды жаны ашып тірі жанға
өлтіреді өзін тағы сол мінез.

Бір адам бар мінезі ол қорқақтау
үрейленіп жан жағына жалпақтау,
өз өзінен қорқып өзі жүреді
бұл өмірде болу керек батылдау.

Бір адам бар мінезі оның ұяңшыл
бір сөз айтып болалмайды ол батыл,
кімнен болсын ұйалып ол жүргені
маңдайына жазғаны ғой бұл тағдыр.

Бір адам бар мінезі оның өте шыншыл
жақтырмайды суайттарды көңіл құрғыр,
шыншылдықты сүйіп өскен ол адамға
тілейміз біз денсаулық пен ұзақ ғұмыр.

Мінезіміз өзімізге сай дай болып жарасқан
Аллам өзі мінез беріп бізді тағы жаратқан,
әр адамның мінездері өздеріне жарасып
мінезіміз болсын біздің мейірімді әрқашан!!!

Ерік Еренғазыұлы
26.11.2018.ж.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу