Өзіме берген кеңесім

 Өзіме берген кеңесім

Сенбегейсің! Сенбесе ол да саған­
Күтпегейсің! Асықпай басса қадам­
Қарауға есігіңнен, не болды?- деп­
Басыңа іс түскенде ауыр,жаман­

Ұмытқайсың! Деп тұрса-Мен толғанмын!­
Өткен кезді ұмытып, кім болғанын­
Берген уәде-сөэдері ұшса егер­
Сезінгенде оңынан жел тұрғанын­

Шақырмағын! Енжарды әуре болып­
Ол бәрі-бір келмейді қолын созып­
Оларда тек денеде сыртқы мүше­
Басқа мүше бермеген оған қосып­

Іздегейсің! Адамды есітетін­
Көп ішінен бұрылып кезігетін­
Өзіңменен тағдыры жоғарыдан­
Жіп-жіңішке жіппенен есілетін­

Ұстанғайсың! Адамды адал ұғым­
Қайғы-мұңды бөлісе алатұғын­
Қаншалықты болсада пікір талас­
Ең соңында сенімен қалатұғын­

Сене білгін ұятты білетінге
Ақша емес иманмен жүретінге
Бос уәдені ешқашан бермейтұғын
Уәде берсе орындап өлетінге

Асыққайсың! Өзіңе құштар жанға­
Қуанатын көргенде анда-санда­
Бір мезет дидарласу нәр беретін­
Бір жыл бойы жетерлік әр-бір таңға­

Сақтағайсың! Қымбат жанды жүрегіңе­
Уақыттыңда көнбейтін үкіміне­
Сондай адам болса егер бақыттысың­
Жетелейтін биіктің биігіне­

Көп ғой жандар бұл өмір-тұрағыңда
Бөленгендер Алланың шуағына
Кездескенде солармен өмірдегі
Жауабыңды табарсың сұрағыңа

Автор: Лилия Собко,
"Советы самой себе" өлеңін қазақ тіліне аударған
Нұрсат Мүбарак ұлы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу