Есте сақтаңыз: Фатиха, Бақара, Ықылас, Нәс, Фалақ, Әли Имран, Кәһф және Мүлк сүрелері

Есте сақтаңыз: Фатиха, Бақара, Ықылас, Нәс, Фалақ, Әли Имран, Кәһф және Мүлк сүрелері

«Фатиха» сүресі:
«Сенен бұрын ешбір Пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар "Фатиха" сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим)
"Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа» (Бәйһақи).

«Бақара» сүресі:

«Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді». (Ахмад, Муслим).
Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят».

«Ықылас», «Нас», «Фалақ» сүрелері:

«Айт: «Ол – Алла біреу-ақ. Алла мұңсыз...», сондай-ақ, «муъаууизаат» сүрелерінің қалған екеуін («Нас», «Фәлақ») кешке және таңертең үш рет оқу жеткілікті». (Нәсаи).
Әбу Хабис (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жеткізеді: «Уа, Әбу Хабис! Мен саған Алладан қорған іздеген адамның айтатын ең жақсы сөзін хабарлайын ба?». Ол: «Иә, Алла Елшісі!. Ол: «Айт: «Таңның Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін...» («Фалақ» сүресі, 1-аят) және «Айт: «Адамдардың Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін» («Нас» сүресі, 1-аят) – осы екі сүре Алладан пана тілеушілерге» деді». (Нәсаи)

♥ «Әли Имран» сүресі:

«Құран оқыңдар! Расында, Қиямет күні Құран өзін оқушыға шапағат етеді. Екі нұрды оқыңдар: «Бақара» және «Әли Имран». Расында, Қиямет күні олар екі бұлт күйінде келеді... және өзін оқушыларды қорғайды». (Муслим).

♥ «Кәһф» сүресі:

«Кәһф» сүресінің алғашқы он аятын жаттаған адам Дәжжалдан қорғалады» (Әбу Дәуіт). Жұма күні «Кәһф» сүресін оқыған адамның жүзінде келесі жұмаға дейін нұр болады». (Хакім)

♥ «Мүлк» сүресі:

«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса Қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол – Мүлк сүресі». (Әбу Дәуіт).

♥ «Фатх» сүресі:

«Фатх» сүрелерінің ең алғашқы бес аяты түскенде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған осы бүкіл дүниеден де артық болған аяттар түсірілді» деді. (Муслим).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?