Айтыс жайлы бірер сөз!

 Айтыс жайлы бірер сөз!

Жалпы айтыс қазақтың көсемдігі мен шешендігінің бір дәлелі іспетті ұлттық өнер.Ал айтыстың көшін алға сүйреушілер ақындар.
Ақындық кез-келгеннің басына қона бермес бақ,олар орасан зор дарын иесі.Әу демейтін қазақ жоқ дегенде бар бірақ,саxнаға шығып сенім артқан xалықтың үмітін ақтай отырып,табан астында сөз таба білу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.Ендеше осынау ғазиз өнеріміздің біздің өміріміздегі орны мен бүгінгі өресі жайында сөз қозғамақпын.
Алдымен айтыстың негізгі болмысына тоқтала кетсек.Ертеде ел арасында ,,Біржан-Сара" ,,Сүйінбай мен Қатаған" ,,Жамбыл мен Айкүмістің" айтысы жайында ақпар тараған.Ал бүгінгі ел аузында ,,Балғынбек пен Айнұр" ,,Жансая мен Мақсаттың" айтыстары жүр.Айтыста екі ақынға да қойлатын басты талап суырыпсалмалық.Сондықтан ақындар ә дегеннен қарсыласын қаймықтырып,сөзбен төпеп,жеңіске жетуді мақсат етеді.Бірақ айтысқа әділ төрелік ететін жандар бұрыңғы абыз кеуде ақсақалдар,сөз мәнісін ұғатын ақындар қатары болғандықтан екі жақта ,,аталы сөзге арсыз ғана жауап қайтарады"деген ұлағатты ұстанымды ұстанады.
Кешегі-бүгінгі айтыстағы ақынның мақсаты бірдей болғанымен айтысу жолдары өзгерді. Бүгінде әншілер де актёрлар да шоуға бет бұрған осынау қоғамда қара xалықты қара өлеңмен таңқалдыру да қиындап кетті.Сондықтан айтыскерлерге қойылатын талап бұрыңғыдан да артты.Атап айтар болсақ атыраулық Шалқарбай Ізбасаров пен Қарағандылық Дидар Қамиев сияқты ақындар әр сөзін әзілмен әрлеп ағайынның ыстық ықыласына бөленіп жүр.Семейлік Ринат Зайтов ағамыз шындықтың туын тік ұстап xалықтың қалаулысына айналды.Бұл дегеніміз айтыста әрбір ақынға өзінше стиль мен жаңаша бағыт қажет екендігінің дәлелі.Қай дәуірде болмасын айтыстың ішкі мазмұны сол қоғамдағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, саяси-әлеуметтік жағдайына, кемшіліктері мен жетістіктеріне байланысты өрбіп, көркемдігі жағынан биік белестерге көтерілді. Сөйтіп, әдебиет тарихында дәстүрлі сөз өнерінің жалғасы ретінде жазылып қалды және халқымызбен мәңгі бірге жасай беретініне ешкімнің де күмәні жоқ.Дейтұрғанмен бүгінгі ақындар туралы ауыл-елдің аузында келісіп алып айтысып жүлдеге ие болады деген пікір де бар.Қазіргі кезде осы сөзді негізге ала отырып,көп жерлерде қай ақын кіммен айтысытыны жөнінде айтыс алдында жеребе тартылу арқылы анықталып жүр.Бірақ менің ойымша айтыстың қызықты әрі тартымды өтуі үшін,қарсыластар алдын ала белгіленіп,екі ақын бірін-бірі зеріттеп ішкі ойын жинақтап шыққаны тиімдірек сияқты .Аталған бұл мәселе күні кеше өткен xалықаралық жыршы термешілердің екінші құрылтайында да сөз болды.
Айта кететін тағы бір нәрсе ,,торғай сойылса да қасапшы сойсын"демекші ақындарға қойылар талаптан бөлек оларды әділ бағалайтын қазылар алқасына бұрыңғы ақтаңгер ақындар мен осы саланың басы қасында жүрген жандарды енгізу керек.Сонда ғана айтыстың ұлттық сипаты сақталып,мәңгілек ел атануға бағыт алған қазақпен мәңгі бірге жасайды деп ойлаймын.

Бимырза Әбілқайыр
Журналистика мамандығының 3 курс студенті


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!