Жиренше шешеннің аңыздары
Жиренше
Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:
— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.
Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:
— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,— деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», —деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың көт жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл — қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» — деп, ханымға береді.
— Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, — деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті.
Жиренше мен Алдар
(I нұсқа)
Ел аузындағы Шығайбай, Алдар көсе әз-Жөнібек кезінде болды /10-ғасыр/. Жәнібек қарауында болды. Алдар өте қиялшыл, сөзге ұста адам болды. Бір кезде хан мен бидің қата істеген билігін тауып, ел алдында бір ойын ашатын болды.
Жәнібек көсені елден жоюға билерге ақылдасты. Тапқан амалдары: ауыр сұрақ қоялық, сұрақты тапса, ат басындай алтын берейік, таппаса, елден қуалық деп, уәделесіпті.
Жәнібек: «Сонда оған қандай сұрақ қоясыздар?» — дейді. Көсенің қасында екі шал серігі бар еді, бірінің сақалы — ақ, шашы қара, бірінің сақалы — қара, шашы ақ екен. Алдардың өзі көсе екен, дейді. Билері:
— Бірінші, көсе не үшін көсе болды? Мұны тапсын. Екінші, көсенің бір серігінің сақалы ақ, шашы қара, не үшін бұлай болды? Соны тапсын. Үшінші, бір серігінің сақалы қара, шашы ақ, не үшін бұлай болды? Мұны тапсын, — десіпті. [Мұны тапқан Жиренше еді].
Жәнібек Жиреншеге бұйрық қылды:
— Осы үш адам ертең менің алдымда жауап берсін, соны жеткіз,—деді.
Жиренше әлгі екі шалды тауып, көсеге қосып, үшеуін жаяу айдап, ханның ордасына әкеледі. Ордаға жақындағанда Жиренше:
— Анау ханның ордасы, ханға барып, жауап бересіңдер,— деп, өзі: «Анау ауылда жұмысым бар», —деп жүріп кетті.
Көсе шалдардан:
— Хан бізді неге шақырды, білдіңіздер ме? — деп сұрайды. Шалдар:
— Білмедік, — деп жауап береді. Сонда көсе:
— Білмесеңіздер, мен үйретейін. Хан бізден ауыр сұрақ сұрайды, тапсақ, бір дорба алтын береді; таппасақ, дарға асады, болмаса, елден айдайды.
Шалдар көседен:
— Жәнібектің сұрайтын сұрағын бізге үйрет, алтынды сен ал, — деп жалынады. Көсе:
— Мақұл, —деді.
Көсе бірінші шалға үйретеді:
— Менің сақалым ағарғаны, қайғым көп. Сақалым қайғының қарсы алдында тұрды. Шашым бөркіммен қапталғандықтан, ешнәрсе байқамай, қара күйінде тұрады. Жәнібек: «Не қайғы көрдің?» — десе, мынадай де:
«Қатын шайпы, ұл тентек, екеуледі, ей, ханым,
Өтпес пышақ, жүрмес ат, төртеуледі, ей, ханым!
Ер қартайды, мал тайды, алтаулады, ей, ханым, дерсің»,—депті.
Көсе екінші шалға үйретеді: «Менің шашым анамнан туғаңда бірге шыға туған емес пе, бұл сақалым жиырма жасқа келген соң шықты емес пе? Жасы үлкен шашым бұрын ағармай, қайтеді? Егер шашым жиырма жастан бастап шыққаны қате болса, елімнен сұра дерсің».
Бұл үш жауапкер Жиреншенің шақыруы бойынша ханға келді. Жәнібек:
— Үшеуіңнен сұрақ сұраймын: сұрақты дұрыс тапсаң, үш дорба алтын берем, таппасаң, елден шығасыңдар, — деді. Жәнібек:
— Көсе, бет алдыңда ерлердің сақалы не мұрты жоқ, бұған не себеп? — деді.
Көсе:
— Бөксем әкеме, кеудем шешеме ұсаған, — деді. Жәнібек:
— Сенің сақалың қара, шашың неге бұрын ағарған, бұған қандай себеп болды? — деді.
Бұлар көсенің үйреткен сөзін айтып, отыра берді. Жәнібек үшеуіне үш дорба алтын тастады. Көсе алтынды хан алдында өз дорбасына салып, көтеріліп, кете берді.
Бір кезде ордаға Жиренше келіп:
— Жауапкерлер келді ме? — деп сұрапты. Жәнібек:
— Келіп, жауап беріп, құтылып кетті. Шалдарға тиісті алтынды көсе менің алдымда өз дорбасына салып, алып кетті. Сондықтан көсенің үйреткені білінді, — дейді. Жиренше:
— Қу көсе, шалдарға обал қылған екен. Ең болмаса, сол жарым алтынды сөзбен жеңіп алайын, —деп Жиренше көсені қуады. Үйлеріне жеткізбей қуып жетіп, тоқтап, көседен сұрақ сұрады:
— Жер ортасы қайсы, ел ортасы қайсы? Құдайдың хақ бұйрығы қайсы? —дейді Жиренше. Көсе:
— Жап-жақын еді ғой, —деп, мойнын соза беріп, қарап:
— Байеке, атыңызға мініп, қарап айтайын, бойым жетпей тұр,—деді. Жиренше атын берді. Көсе атқа мініп, аулағырақ бір төбеге шығып, жауап берді. Көсе айтады:
— Жер ортасы осы екен. Ел ортасы да осы екен. Бізді айдағанда сен атты, біз жаяу едік, енді мен атты, сен жаяу, Құдайдың хақ бұйрығы дегенің осы екен, — деп, атын бір ұрып, жүре беріпті. Жиренше жаяу қалды. Жиренше:
— Жығылған жерім де, ұялған жерім де осы,—деп, ханға келді.
Жиренше мен Алдар
(II нұсқа)
Жиренше ханның заманында Алдар көсе деген бір пысық болған екен. Ел күндеп, Алдар көсе деген бір қу шықты деп, ханға жамандапты. Бір күні Жиренше хан Алдар көсені шақыртыпты. Алдар көсе жаяу ханға келіпті. Тегінде, Алдар көсенің жаяу жүретін әдеті екен. Алдар көсе үйге кіріп келсе, сәлем берген, хан сәлем алып, қолын басына қойыпты. Сонда Алдар көсе тілін жалаңдатыпты. Ол өйткенде, хан өз құлағын ұстапты, онда Алдар көсе қарнын түртіпті де, қолдарын қусырады. Сонда хан оған басын изеп, их па қылып еді. Алдар көсе керегенің басындағы бір баспақ ділдәсін алып, жүріп кете береді. Сонда жиылып отырған әлеумет:
— Тақсыр-ай, әлгінің алып кеткені не? — депті. Хан:
— Ділдә,—деді.
— Тақсыр! Пендесің деп, өйтіп ділде алған соң сізді, тіпті, құртады, оны қайтып алыңыз, біз алып келіп берелік, — деді де, артынан бір адам қуып келіпті де:
— Мені хан жіберді, «Алдар көсе жер ортасын көрсетіп болмаса, алған ділдәмді қайтарамын» дейді, — депті. Сонда Алдар көсе:
— Жарайды, мен жаяумын, атыңды бере тұр. Атыңа мініп көрсетейін, — деп, атқа мініп алып, жан-жағына қоқырайып қарапты да, жердегі баспағымды әперіңізші, -— деп, баспағын алып, астына қойып, жер ортасы — осы сенің атыңнан айрылған жерің болады, — деп жүріп кетіпті. Бұл қайтып ханға барғанда ел ханнан:
— Хан, сен Алдар көсенің қылысқан іспарларының мәнісін айт, —-деп сұрағанда хан:
— Мен басымды көрсеткенім — басқа бәле қайдан дегенім еді. Ол «Басқа пәле — қызыл тілден»,—деп, тілін жалаңдатты. Құлағымды ұстағанымда, ол құрсағын көрсетіп, құлаққа тиген суық сөз құрсаққа барып, мұз болар, — деп жауап қайтарды. Қолын қусырғаны тілегім бар дегені еді. Оның тілегін бердім. Алтын алып кетті, —депті хан.
Жиреншенің тағы бір айтқан сөзі
Хан бір күні:
— Осы Жиреншені неғылсақ та, жеңе алмадық, енді осыны бір жеңуге әдіс жасайық, — деп, бір жігітке:
— Сен ертең ертерек біздің үйге келіп отырып, Жиренше үйге кіріп келгенде қатты қылып бір осырдағы үйден шыға жөнел. Сонда мен Жиреншеге «ұста» дейін, сонда не дер екен? — депті.
Ертеңіне жігіт ханның айтқанын істеп, Жиренше үйге кіріп келгенде осырып, тұра жөнеле бергенде хан Жиреншеге «ұста», — депті. Жиренше жігітпен жарыса далаға шығып, біраз кідіріп, есіктен қайта келіпті.
Хан:
— Ұстадың ба? —дегенде, Жиренше:
— Баласы қашып кетті, әкесін ұстап әкелдім, — деп, бір адамның кепкен қу боғын ханның алдына тастай беріпті.
Сонда хан ұялғанынан:
— Мынаған дауа болмас! —деп күліп жіберіпті.
Әз-Жәнібек, Жиренше, Көсе
Әз-Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен, бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады:
— Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының даусы маза бермейді, айғырларын қырсын! —дейді. Ел хан жарлығынан қорқып, сасады, жыйылыс қылып, ақылдасады. Жиналған жұрттың ішінен бір көсе шығып:
— Сендер саспаңдар, ханның жауабын мен берейін, маған бір түйе, бір кебеже, шашы қара, сақалы ақ бір шал, сақалы қара, шашы ақ бір шал және бір серке беріңдер! — деді.
Жұрт осы айтқандарын тауып береді. Содан кейін көсе ханға жөнеледі. Ханның ауылының шетіне келіп:
— Ханға жолыққан кісі қалай жолығады? — деп сұрайды.
— Мініп келген көлігін кейін тастап, дауыс еститін жерден «сәлеумәлейкім, алдияр!» деп, қол қусырып барады, — дейді. Көсе ол айтқанды істемей, түйесіне мінген бойымен қасындағыларын алып, ханның үйінің тұсына барып, үшке дейін:
— Сөйлес-ау, — деп дауыстады. Ішкім үндемеді.
— Мына шіркінге көк түндік келіп қалған екен, — деп, кейін барып түсіп, екі шалды екі жағына отырғызып, өзі ортасында шынтақтап, қисайып жатады.
Серкені түсіріп, байлап, түйесін шөктіріп қояды. Хан көсенің бұл ісіне ашуланып:
— Ана шалдың басын алыңдар! — деп, кісі жұмсайды. Ханның жұмсаған кісісі көсенің отырған түрін көріп, ханға қайта келеді.
— Отырған түрі бір түрлі қызық. Өзі қу көсе екен, екі жағында екі қарты бар, бір серке байлаулы тұр. Түйесі шөгерілген, ортасында өзі шынтақтап жатыр, басын шабуды лайық көрмедім, —деді.
Мұны естіген соң хан көсенің жатқан жеріне келді. Хан жақындап келгенде көсе шынтақтап жатқан күйінде:
— Сәлеу-мәлейкім, алдияр хан! — деді. Хан:
— Уа, көсем, түйе мінгенің қалай? Көсе:
— Түйе мінсем, Қырымдағыны көріп, қауіп-қатерден аман қалуға себеп бола ма деп ойлаймын. Хан:
— Түйеге кебеже неге теңдейсің?
— Түйеге кебеже жараспай ма?
— Уа, көсем, серке алып жүргенің қалай?
— Е, ханым, білмейсің бе?
— Білмеймін.
— Бала екенсің ғой, мал жақсысы — серке, адам жақсысы ерке деген.
— Уа, көсем, шашы ақ, сақалы қара қартың не?
— Шаш сақалдан жиырма бес жас үлкен емес пе? Сондықтан ол ағарған ғой.
— Шашы қара, сақалы ақ қартың не?
— Мұның аты шабан, қатыны жаман, атқа мінсе, тебінген, үйде отырса, кейіген, сондықтан мұның сақалы ағарған.
Хан өзінің кісілеріне сыбырлап:
— Мұның қолтығында тесігі бар шығар, сөз кеулеп, шыға береді ғой, бұны суға түсіріп, қолтығын қарайық, — деді.
— Уа, көсе, суға түсесің бе?
— Түсейік.
Өзге жұрт суға түскенде көсе мен хан кейінірек қалды. Сонда хан көсеге:
— Түспейсің бе, көсе? —деді.
— Жолыңды берсең, түсейін.
— Берейін, түс! —деп хан өзі суға түсті. Көсе көйлектің жеңін, дамбалының балағын буып, түйіп жатты. Сонда хан:
— Уа, көсе, неге буынып, түйініп жатырсың? —деді.
— Білмеймін. Ә, ханым, бала екенсің ғой! Осы судың бойында алпыс пышағын таптап, біздерін сақтап отырып сырласқан, сырласып отырғанда су тасып, алпысы да суға кеткен, сол уақта алпыс пышақ пен біз саптары төмен қарап, жүздері, үштері жоғары қарап, су түбіне орнап қалған. Мен сол пышақ пен бізден қорқып, буынып, түйініп жатырмын, — деді. Хан судан шығып:
— Мынаны қызылауызға апарып, қондырыңдар, — деді.
Ханның кісілері көсені қызыл иттердің ортасына апарып,тастады. Таң атқанша қырық қызыл итті қойнына салып барған сапысымен қырып, өлтіріп тастады. Таңертең ханға келіп, сәлем берді. Сонда хан:
— Аман-есен келдің бе, көсем?-—деді. Ханның бір кісісі тұрып:
— Аман-есені құрысын, қызылауыздарды қырып келіпті, — деді.
— Уа, көсем, қайтамысың? — деді хан.
— Қайтпаймын. Жиреншеге жолығып, қайтамын.
— Жоқ, көсе, Жиреншеге қарама, мен оны жіберейін,—деді.
— Қой, жібермейсің!
— Жіберейін, уа, көсем, қызылауыздарды қырып тастағаның қалай?
— Біздің ауылдың қойларын күнде қасқыр қырып жатыр, соған пайдасы тимеген соң қызылауыздың керегі қанша, қырмай, қайтейін?! Хан:
— Біздің ауыл Сырдың бер жағында, сіздің ауыл ар жағында. Қасқырға не айла қылсын, қалай қорғасын? — деді. Көсе:
— Ендеше біздің ауылдың айғырларының даусы сенің байталдарыңа қайдан естіледі? — деді.
Хан үндей алмады. Көсе жүріп кетті. Артынан ханға Жиренше келеді. Көсенің келгенін, айтқан сөздерін хан Жиреншеге бастан-аяқ айтып өтті. Жиренше: «Мен оған барайын», — деп еді, хан:
— Ойбай, барма! Кісіден тосылатын емес, қу көсе көрінді, — деді. Жиренше шыдамай, көсенің артынан кетіп қалды. Жиренше көсені қуып жетіп, артынан келіп, сәлем беріп еді, көсе сәлем алмады. Сонан соң көлденеңнен келіп, сәлем беріп еді және қарамады. Қарсы алдынан шығып, сәлем беріп еді, сәлемін алды. Сөйлесіп, амандыққа келген соң Жиренше айтты:
— Артыңнан сәлем бердім, алмадың, мәнісі не?
— Артымнан ит үруші еді.
— Көлденеңнен бергенде неге алмадың?
— Көлденеңнен қатын сөйлеуші еді, сабаз ердің мінезі қарсы келіп сәлем беру, сондықтан алдымнан берген сәлемді алдым, — деді. Жиренше:
— Уа, көсе, жер ортасы қайда?
Көсе:
— Уа, мен түйеге мініп, жер ортасын болжай алмай келемін, астыңдағы атыңды бере тұрсаң, жер ортасын біліп берейін,— деді.
Жиренше аттан түсіп, атын берді. Көсе атқа мініп алып, түйені жетелеп, олай бір, бұлай бір, жортып-жортып келіп:
— Жер ортасы — төбе, ел ортасы кере деген, болжап келіп қарасаң, сенің тұрған жерің жер ортасы екен, — дейді де, атты сауырға бір салып, Жиреншеге қарамастан тартып, жүріп кетті.
Көсе сол жолында еліне қайтып келе жатыр, бір ауылдый шетінде бие сауып тұрған бір қызға келіп:
— Сауар көбейсін, сөдегей бикеш, — деді. Сонда қыз:
— Тұрсам, түзелер, сенің аузың емес, — деді.
— Тіліңді Құдай кессін! — деп, атты сауырға бір салып, көсе тартып отырыпты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?