Аз кем шегініс
Шәкерім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келген. Әкесі Құдайберді мен ақын Абай бір әкеден – Құнанбайдан туған. Құдайберді 36 жасында қайтыс болып, жетім қалған 7 жастағы Шәкерімді Абай тәрбиесіне алып, оқытқан. Шәкерім 5 жасында хат таныған, 9 жасынан бастап өздігінен жүйелі түрде оқып, білімін көтере берген. Әдебиетті, тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымын, физиканы, сөз өнерін, музыка өнерін оқыған. Дене еңбегімен айналысқан, шеберлікті үйренген. Ұлттық киімдердің үлгісін жаңарту, ас пісіру, көшпелі ел жағдайында, қыста қар үстінде шырпысыз от жағу, үй-үйдің, іргелес қыстаулардың арасында сымды қатынас орнату сияқты тұрмыс мәдениеті жөнінен халыққа өзі тапқан тәсілдерін ұсынған. Ауырып, сырқаттанғандарға медициналық жәрдем көрсеткен. Лев Толстойды ұстазым деп соның өнегесін қолданып, егін салу, шөп шабу, мал бағу кәсіптерін меңгерген.
Шәкерім Құдайбердіұлы 16-17 жасынан бастап Абайдың ықпалымен өлең жаза бастайды. Ел аралап, тарихи деректер жинап, шежіре жазады. Батыс пен шығыс елдерінің әдебиетіне көз жібереді. Пушкин мен Толстойды, Некрасовты, ал шығыста Қожа Хафиз, Наваи, Физулиді жоғары бағалаған екен. Пушкиннің, Некрасовтың, Толстойдың қырдағы насихатшысы болып, олардың шығармаларын аударады. Толстойдың философиясына еліктеп, күшке қарсы бармау, қауымнан қашып жалғыздану, ұмытылған адам болу жолына түсіп, көп қайшылықтарға ұрынады. Осы жалғыздануы оның өмірінің соңындағы қайғылы жағдайға ұрындырды.
Шәкерім араб, парсы, түрік жұртының әдебиеті, мәдениетімен танысып, ағасы Абайдың тапсыруымен Стамбулға, Египетке, Меккеге саяхат жасайды. Бұл сапардан дін дәстүрі бойынша қажы атанып қайтады. Осы жолында Парижге тоқтап, Францияның архивінде, кітапханаларында болады. Ол «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ - Айсұлу» поэмаларын, «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын жазды, Пушкиннің «Дубровский», «Боран» деген аударма дастандары, «Әділ-Мария» атты 1916 жыл оқиғасынан алған романы, «Бәйшешек бақшасы», «Қазақ айнасы» атты өлеңдер, ертегілер жинағы, «Галилей» атты әңгімесі, Құраннан аударып, мұсылман дінінің үлгілерін уағыздайтын еңбектер жазды. Шәкерім көптеген өлеңдеріне ән де шығарды.
Ол қажы бола тұра ислам дінінің ережелеріне, оның қырдағы өкілдерінің ісіне сыни көзбен қараған. Оның ел ішіндегі беделін пайдаланғандар көп болды, сол үшін дін өкілдері де, «Алашорда» партиясы, «Алаш» комитеті жиі шақырып отырған. Тіпті отызыншы жылдарда пайда болған бандалар да қаламгердің беделін пайдаланып, оның атын жамылып, түрлі іс-әрекеттер жасаған дейді тарих. Шәкерім «Алаштан» кетіп, шығармашылығын халықтық, интернационалдық бағытта өркендетеді. Отызыншы жылдардың бас кезінде Қазақстандағы асыра сілтеушілік Шәкерімге сенімсіздікпен қаратты, сыртқа тепті, «бай», «қажы» деп шошынды.
Өмірінің соңғы жылында Ясная Полянаны тастап, жалғыз қашқан ұстазы граф Толстой секілді, Шәкерім де 72 жасында ортадан іргесін аулақ салып, жалғыз өзі Шыңғыстың жонына қашады, жалғыз қыстауда, кітап жазуға отырады, аң аулайды. Бұл жағдай ГПУ адамдарының Шәкерімнің бандалармен байланыста деген күдігін тудырады. Шала сауатты, оңаша кетіп, кітап жазу, шығармашылықпен айналысу дегенді ұқпаған ГПУ қызметкері Қарасартов одан қатты күдіктенеді. Ақыры Шәкерім Құдайбердіұлы 1931 жылдың 2 қазанында Керегетас деген жерде Қарасартов пен оның көмекшісі Халитовтың қолынан қаза табады.
Сая Молдайып

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?