Қарағанды қаласы
Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2016 жылғы 1 қаңтарда 497 824 адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.
Этимологиясы
Қaрaғaнды aтaлу себебi - "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққaн.
Ұлттық құрамы
Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 33,2%-ы қазақтар, 47,9%-ы орыстар, 3,4%-ы немістер, 3,2%-ы татарлар, 5,2%-ы украиндер, 1,3%-ы белорустар, 1,6%-ы корейлер, 4,2%-ы басқа ұлт өкілдері.
Демография
2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,85 өлім – 13,89 табиғи өсім – 2,96
Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер.
2007 жылғы 1 қаңтарда 453.4 мың адам
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471,8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы.
Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.
Өнеркәсіп
Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер.
Ауыл шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 2,9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 0,1 мың гектарын дәнді дақылдар, 1,3 мың гектарын картоп, 0,5 мың гектарын көкөніс алады. 2006 жылы 0,1 мың тонна дән дақылдар, 23,5 мың тонна картоп, 12,5 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 3,5 мың тонна сүт; 1991,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 3,0 мың бас; қой мен ешкі – 1,1 мың бас; шошқа – 2,4 мың бас; жылқы - 0,1 мың бас; құс - 22,8 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, • 18 колледжде – 23427 оқушы, • 11 кәсіби-техникалық оқу орнында – 4567 оқушы, • 12 жоғары оқу орнында - 56222 оқушы оқиды. Қалада • 26 кітапхана, • 9 клуб типті мекеме, • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, • 4 мәдениет және демалыс паркі, • 3 театр, • 2 мұражай, • 1 концерт залы, • бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 34150 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 77505,5 млн теңгені құрады. 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 49855,6 млн теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 132,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін есепке алмағанда) 131272,1 млн теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 21379,2 млн теңге.
Бірінші ұлттық ауылшаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша
Қарағанды қаласының ескерткіштері
Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.
Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)
Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған,өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ
Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Назарбаев Зияткерлік Мектебі
Бұл мектеп республикада құрылатын осындай 20 мектептің сегізіншісі. 720 балаға арналған оқу орнының 120 орындық интернаты да бар. Мектеп басшылығының хабарлауынша, бүгінгі күні 7,8 және 9 сыныптарға 558 оқушы қабылданыпты. Білім ұясында оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқушыларға білім беру мен жатын орындары тегін. Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірегей оқу орны және өңірлік ғылыми орталық болып табылады. Бұл мектепті аяқтаған соң түлектер ҰБТ-дан босатылып, әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына түсу құқығын беретін халықаралық үлгідегі дипломдар алып шығады
Білім және ғылым
Мемлекеттік ЖОО-лар Қарағанды өзінің мол жерасты байлығының арқасында өмірге келіп, өсімі тараған қала. Қарағанды облысының әкімшілік-орталығы. Петропавл-Шу темір жол бойындағы ірі темір жол стансасы, әуе, автомобиль қатынасының торабы.
Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді.
Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.
Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.
Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанда мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 10 кәсіптік-техникалық мектеп, 7 колледж, 80 мектеп, 39 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, музыкалық комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қаланың орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар-тобы (архитектор Э.Г.Меликов, С.И. Мордвинцев, М.О. Жандәулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1978). Қалада Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орнатылды (1958), «Шахтер Даңқы» (1976) және 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978), арналған монументтер қойылды. Қарағандыда әр түрлі білім орындары бар.Олар ҚарМУ ҚарМТУ ҚММУ ҚЭУ ҚУ Болашақ ҚЗИ және әр түрлі білімді мектептер қалыптасқан,олар НЗМ, сшод "Мурагер","Дарын", Ктл және тағы да басқа білімді мекемелер қалыптасқан.Қарағанды облысының білімі мен ғылым жоғары деңгейде .

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?