Ғабиден Қожахмет | 80 жылдардағы ұстаздар
Фото: Архивті фото
«80-жылдардағы ұстаздар» дегенде сол жылдардың ішінде өзімізге сабақ беріп жүрген ұстаздардың бір легі туралы оқушылық көзқараспен айтылып отыр.
Ұстаздар
I. Байманова Айнаш апай. №25 мектептің математика пәнінің мұғалімі. 4-сыныптан 10-сыныпқа дейін сабақ берген ұстаз. Жалпы, Айнаш апайды білетін орта ол кісіні ұлағатты жан ретінде таниды. Ол кісінің алдыңғы буын шәкірттері туралы көп айтылады. Бірде ұстазды сол алдыңғы буын шәкірттері – ұлдары мектепке іздеп келген еді. Өздерінің қалаулары сол болды ма екен, ұстаз оларды да сабағына қатыстырды. Олар үлкен жігіттер болатын. Оларды осы сыныптағы інілерінің жандарына отырғызып қойды. Олар да балалармен бірге сабақ оқыды, балалармен бірге есеп шығарды.
Айнаш апай тақтамен жұмыс істеп жатқан кезде, саусағы аппақ борға малынып тұратын.
Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.
Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.
Ұстаз тәлім-тәрбиелік сағаттарын өткізіп жатқан кезде өте ұлағатты, әсерлі сөйлейтін. Сірә, көрнекті педагогтердің шығармаларын көбірек оқитын болса керек. Себебі сондай дүниелерден мысалдар келтіріп отыратын еді.
Есеп шығарып жатқан балаға төбеден Лобачевский қарап тұратын. Бірде Айнаш апай тақтада тұрған балаға: «Мен саған айтып жатырмын, ал сен Лобачевскийге қарап тұрсың ғой, саған Лобачевский емес, математиканы үйрететін мен ғой» дегені бар. 90-жылдардың ішінде бұл кабинетте София Ковалевскаяның атақты сөзі ілулі тұрды: «Ақынжанды болмаған адам математик те бола алмайды». Бұл кезде математиканың жетекші ұстазы Жұмағамбетова Райхан апай еді. Ол кісі мектепке 80-жылдардың аяқ шенінде келген болса керек. Себебі ол үйдегі ағамыз аудан көлемінде әр жерде жауапты қызметтер атқарған кісі. 80-жылдардың аяқ шенінде Энгельс шаруашылығын басқаруға жіберілген. Совхоз директоры.
Байманова Айнаш апай 90-жылдардың ішінде №25 мектепте сабақ берген жоқ. Жалпы, ол кісі «Бозкөл» ауылына қоныс аударып кеткен еді. Себебі апайдың отбасындағы отағасы Энгельс шаруашылығының жұмысшылар комитетінің төрағалығынан Бозкөлдің Кеңес төрағалығына қызметке ауысқан болатын. Осыған байланысты отбасы қоныс аударды.
II. Жәниетов Өтеген ағай. Математика пәнінің мұғалімі. 80-жылдардың ішіндегі №25 мектептің жас ұстазы. Қызылорда пединститутының математика факультетінің түлегі.
Жәниетов Өтеген ағай сыныпқа тұрақты түрде сабақ берген жоқ. Жоғарыда айтылған Байманова Айнаш апай сабақта бола алмай қалған кезде орнына сабағын жүргізетін. Айнаш апай өзінің математик әріптесін жоғары бағалайтын еді. Оны балаларға ашып айтады. «Ертең мен сабақта бола алмайтын шығармын. Сендерге сабақты Өтеген ағайларың жүргізеді. Өтеген ағайларың – білімді математик» деп айтып кетеді.
Жәниетов Өтеген ағай тақтамен жұмыс істеп жатқан кезде, тақтаға цифрлар мен математикалық таңбаларды салып жатқанда, қолындағы бор тақтаға тық-тық етіп тиіп жататын еді. Осылай сарт-сұрт еткізіп есепті шығарып тастайды да, тақтаның алдында тұрған сүрткішпен саусағына жұққан борды сүртіп тастап, сол тікесінен тік тұрған қалпы, ол кісі, жалпы, орындыққа көп отыра бермейді, мұғалімнің үстелінің үстінде жатқан кластың журналына қарап: «Ал енді өзіміз осы бойынша есептер шығарып көрейік» дер еді.
Жәниетов Өтеген ағай мектепте комсомол жетекшісі болды. Жиналысты да нақты жүргізетін. «Азшылық көпшілікке бағынады». Бұл – Өтеген ағайдың сөзі. Комсомол мүшелері әлдебір мәселені дауысқа салып жатқанда айтылады. Демократияның талабы.
Жәниетов Өтеген ағай 90-жылдардың ішінде №25 мектепте сабақ берген жоқ. Ол кісі Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты өзге мектептерге мектеп директоры болып кеткен еді.
III. Жәдиев Ақниет ағай. Әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Жоғарыда айтылған Жәниетов Өтеген ағайдың ағасы, 80-жылдардың ішінде өзімізге химия пәнінен сабақ берген ұстаз Жәдиев Жәниет ағайдың інісі. Жалпы, бұл әулет ұстаздар әулеті деп аталады. Осы әулет жайлы 1999 жылы мақала жазылған болатын. Ол Қазалы ауданы білім бөлімінің тапсырмасымен жазылды. Себебі Қазалы ауданының білім бөліміне облыс ұстаздарының «Сыр мектебі» газетінің бетінде арнайы бет берілетін болған еді. Осы себепті аудандық білім бөлімі мақаланың жазылуы жөнінде мектеп басшысына тапсырған. «Бәйтерек жайып жапырақ...» атты осы мақалаға Шәкізат Дәрмағамбетов ағамыз мақала жарияланғаннан кейінгі уақыттардың бірінде жылы сөзін айтқан еді. Шәкізат Дәрмағамбетов Сыр бойындағы белгілі журналист. Бірнеше басылымда, соның ішінде республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет істеген. Сол кезде облыс ұстаздарының «Сыр мектебі» газетінде жауапты хатшы болып істейтін. Осы мақалада ішінде «Құрмет белгісі» орденінің иегері және ұстаз еңбегі үшін берілген басқа да марапаттардың иегері бар бір әулетке ғана тиесілі 20 шақты ұстаздың есімі аталса, бұл қатар одан бергі уақытта әулеттің ұстаздық жолды қалап алған кейінгі толқынымен толыға түскені анық.
Бұл әулеттен мектеп директорлары шыққан. Мысалы, Жәдиев Жәниет ағайдың бір інісі – Жәдиев Жандәулет ағай Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты №190 мектептің мектеп директоры болып қызмет атқарса, Жәдиев Жәниет ағайдың тағы бір інісі – Жәдиев Шынтас ағай Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты №102 мектептің мектеп директоры болып қызмет атқарған. Жәдиев Жәниет ағайдың тағы бір інісі – Жәдиев Жанғазы ағай Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты №97 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарса, Қазақ ССР-інің оқу үздігі Жәдиев Жәниет ағайдың өзі №25 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Жәдиев Жәниет ағайдың тағы бір інісі – Жәдиев Өмірзақ ағай №97 мектептің ұстазы болып қызмет атқарса, Жәдиев Жәниет ағайдың тағы бір інісі – Жәдиев Ақниет ағай №25 мектептің ұстазы болып қызмет атқарған. Ұстаздар әулеті осы кісілерден әрі қарай тарай береді. Ұстаздар әулеті жайлы 2008 жылы мектептен ғылыми жоба қорғалып, ол облыстық ғылыми жобалар жарысынан «Алғыс хат» иеленген. Жетекшісі – Самал Сәрсен, шәкірті – Жәниет Нұргүл.
Жәдиев Ақниет ағай үстіне арнайы форма киіп жүрмесе де, мінез-құлық, дағды, жинақылық жағынан алғанда әскери адам сияқты әсер қалдыратын ұстаз еді. Ол кісі спортқа жақын жан болған. Кейде физкультурадан да сабақ беретін. Бірақ негізгі қызметі – әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Осы пәннің шебер ұстазы, сонымен бірге білікті, сауатты педагог болған.
Қандай да бір мектеп болмасын, әр пәннің өзінің бір үздік шәкірті болатындығы белгілі. Осы пәндегі сондай үздік шәкірттің бірі – Ілиясов Жантас болған еді. Ілиясов Жантас кейін мерзімді әскери қызметін әскери-теңіз флотында өтеді. Ол Севастополь қаласындағы әскери бөлімге түскен болатын.
Жәдиев Ақниет ағай 90-жылдардың ішінде №25 мектепте сабақ берген жоқ. Ол кісі бұл кезде зейнет демалысына шығып кеткен еді. Ұстаздар мерекесінде мектепке келіп тұратын. Ал бұл кезеңде Ақниет ағай берген пәнді Ілиясов Сахитжан, Дәрмаханов Кәдірбек есімді ұстаздар жалғастырды. Бұл кезең Қазақстанның төл әскерінің құрылған уақыты еді.
IV. Файзекеева Рахима апай. 80-жылдардың ішінде №25 мектепте өзімізге тарихтан, қоғамтанудан сабақ берген білікті, тарихшы ұстаз. Рухани бай әрі қоғамдық істерге жақын жүрген ұстаз болған. Сабақты өте зерделі түсіндіретін. Ол кісі жөнінде апайдың туған сіңлісі, бір кезде Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектепте оқыған, сонан соң сол Алматыдан педагогикалық оқу орнын бітірген №25 мектептің ұстазы Самал Сәрсен былай дейтін:
«Егер менің бойымда рухани іске деген бір жақындық болып жатса және ұстаздық жұмысқа деген бейімділік болса, онда оған Рахимадан алған тәрбиенің де үлесі мол. Өйткені Алматыда оқып жүргенімде Рахиманың тәрбиесін көп көрдім ғой».
Файзекеева Рахима апай 90-жылдардың ішінде №25 мектепте сабақ берген жоқ. Ол кісі бұған дейін отбасысымен Алматыға қоныс аударған еді. Сол жақта Алматы су шаруашылығы техникумына (97-ден бастап колледж) оқытушы болды.
Файзекеқызы Рахима апай 2016 жылдың қараша айында мерейтойлық жас биігіне көтерілген болатын. Сол кезде осыған байланысты сіңлісі, өзі де ұстаз Самал Сәрсен өз тілегінде былай деген еді:
Жанында тағы, міне, достар бар-ды,
Осылай 60-ы да асқарланды.
Тәтенің соқпақ жолы Алматыға
Туған жер – Қазалыдан басталған-ды.
Ұстаз болды онда да асқақ абыройлы,
Шәкірті тарих жолдан таныды ойды.
Өзі де рухани іске жақын,
Жан болды жаны таза, тағы да ойлы.
Кітап деп жан байлығын танып келді,
Мақсатын ізгі істерден анық көрді,
Ақыры тәтемізді ізгі соқпақ
Алматы – Үшқоңырға алып келді.
Мұнда да ұстаз болды асқаралы,
Көтеріп жақсы істерді, бастаманы.
Шәкірт бар, енді, міне, ұл-қызы бар,
Естіледі тәрбиелі жастар әні.
Еске алсақ туған жер мен жұрағатты,
Бастаудан Баймырза атты бұлақ ақты.
Әкеміз соған жасап елағалық,
Жан болып еді заманында ұлағатты.
Деген ек жырдан сөзді құрайық-ты,
Осылай өткеннен сыр ұғайық-ты.
Тәте де ел сыйлаған әкемізге
Перзент болды мына өмірде лайықты.
Еңбегі жанды ұстаздық, бағаланды,
Ортадан қасиетімен дараланды.
Өсірді Ғани, Мерей, Салтанатты,
Оқытты өзіндей ғып балаларды.
Балалар өмір жолдан бақты алып жүр,
Қызметін абыройлы атқарып жүр.
Осыған тәте бүгін қуанып жүр,
«Балалар – бақытым» деп мақтанып жүр.
Жұбайы болған әр кез сүйеу дара,
Жездеміз Баймырза елге күйеу бала.
Спортқа жақын еді әуел бастан,
Темірді галстукше иер дара.
Бұл күнде жан байлығы – атбегілік,
Әкесі соның сырын өткен ұғып.
Мырзекең де атсейіс тұлпар баптар,
Жүйрік десе жаны тұрар көкте күліп.
Қызметте абыроймен өскен ұлы,
Тәтеміз жүректе әр кез ескерілді.
Жарасқан, міне, отбасы – тәте, жезде,
Ибалы сәлем сап тұр қос келіні.
Шапқылап өсіп жатыр немерелер,
Кеңейер әлі талай керегелер.
Мырзағабыл, Рахима әулетінен
Осылай тарай береді өнегелі ел.
Жастық шақ, балалық шақ арманымда,
Тәтенің тәрбие алғам мен қолында.
Өзіндей жан байлығын үлгі етті де,
Келемін соның әлі мен жолында.
Дегендей білім жолын түгесіп ал,
Өмірдің ұстаз жолдан үлесін ал.
Бұл күнде болсам ұстаз абыройлы,
Тәтенің осы жолда үлесі бар.
Иә, өзі айтқандай, Рахима Файзекеева сынды ұстаз-әпкенің тәлімін көрген Самал Сәрсен – 2016 жылы облыстық кезеңінен I орын алу арқылы Павлодар қаласында өткізілген, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 175 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы ІІ Республикалық
педагогикалық оқуларына қатысып қайтқан ұстаз. Самал Сәрсен – бастауыш сыныптың ұстазы.
V. Есетов Аманбай ағай. №25 мектептің 80-жылдардың ішінде сабақ берген тағы да бір білікті, тарихшы ұстазы. Сыныпқа Рахима апай да, Есетов Аманбай ағай да сабақ берген. Есетов Аманбай ағай сыныпта сабақ беріп тұрған кезде, әлдебір тарихи оқиғаны баяндап жатқанда, сол тарихи оқиғаны бейнелеп, әсірелеп, дауыс мәнері де, дауыс құйылысы да соған сай құбылып, соған сай өзгеріп тұратын ұстаз еді. Мысалы, «300 жылдай патша болған Романовтар әулеті!..» Осы сөзді айтып жатқан кезде сыныпта сабақ беріп тұрған ұстаздың даусы да саңқ ете түседі. Оқушыны еріксіз қаратады, еріксіз назар аудартады. Бірақ сөйлем әлі аяқталған жоқ. Енді сөйлемнің қалған бөлігін айтып жатқан кезде Аманбай ағайдың әлгі дауыс құйылысы да бірте-бірте, бірте-бірте бәсеңдеп, төмен қарай түсе берер еді: «...бір-ақ күнде жермен-жексен құлады». Сонан-соң тыныштық орнап қалады. Ауыл мектебінде Ресейдегі 1917 жылғы тарихи оқиға баяндалып жатыр. Ұстаздың әсері сондай, оның сонау 80-жылдардың ішінде айтылған сөйлеміне дейін жадыңызда қалып қояр еді. Есетов Аманбай ағай әр уақытта қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге, саяси оқиғаларға сергек, ояу көңілмен қарап отыратын ұстаз болған. Ұстаз соны талдайды, түсіндіреді.
Есетов Аманбай ағай – Амангелді ағайдың інісі. Есетов Амангелді ағай да – 80-жылдардың ішінде сабақ беріп жүрген ұстаз және мектептің директоры. Есетов Амангелді ағайдың сол кезде сабақ беретін сыныптарындағы математикаға өте жақын келген оқушылары «Амангелді ағай сабақты күшті береді!» дейтін өздері. Өйткені Есетов Амангелді ағай – математика пәнінің ұстазы.
Есетов Аманбай ағай 90-жылдардың ішінде №25 мектепте сабақ берген жоқ. Ол кісі Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты өзге мектепке мектеп директоры болып кеткен еді.
Ал 90-жылдардың ішінде тарих пәнін ЖОО-ның «Тарих» мамандығының сол кезгі түлектері Күлайша Кәрібаева, Айгүл Қаржаубаева, Гүлбағида Қосбармақовалар жүргізе бастаған еді. Бұл кезең қоғамда ұлттық таным, тарихи сана қалыптастыру кезеңі болғандығы белгілі. «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы» деп жазған еді Қадыр Мырзалиев. Осыған орай 1996 жылы ауыл сахнасында Қазақ хандығы құрылуының 540 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 10 жылдығы, Қазақ Тәуелсіздігінің 5 жылдығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығына байланысты мектептің жас ұстаздары, мектептің кітапханашылары, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері, ауылдың жұмысшы жастары, мектептің жоғары сынып оқушылары және сонымен бірге ауыл кітапханасының бірігуімен, Аранды ауылдық округінің әкімі Рахманберген Жұмағамбетов, №25 мектептің директоры Алмас Темірбаевтардың тікелей дайындық барысын өздері қадағалап отыруымен, Кемеңгер Өтеп және Самал Сәрсеннің жүргізуімен, тақырыпқа сай дүниелермен әрленген, «Қазақ хандығының құрылуы», «Ақтабан шұбырынды», «Соттағы соңғы процесс» көріністерінен тұратын «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған» атты тарихи сипаттағы кеш өткізілсе, осы кештің тарихты әр кезеңге бөліп, тарихи деректерге толы баяндамаларын жасап шыққан осы №25 мектептің тарихшы мұғалім қыздары болатын.
Байманова Айнаш апай, Жәниетов Өтеген ағай, Жәдиев Ақниет ағай, Файзекеева Рахима апай, Есетов Аманбай ағайлар. Бұлар – 80-жылдардың ішінде өзімізге мектепте сабақ берген ұстаздардың бір легі ғана. Әрине, ұстаздар қатары мұнымен ғана шектелмек емес. 1998 жылы жазылып, ауылдың мәдениет үйінің сахнасына 10-класс оқушысы Серік Өтепбергенов алып шығып домбырамен орындаған, кейіннен, 1999 жылы Алматыдан дәрігер-профессор, ғылым докторы Бегалы Айтбембет сынды белгілі мектеп түлектері келген жиындарда ауылдық мәдениет үйінің термеші-өнерпазы Нұргүл Шайықовалар орындап шыққан мектеп термесінде айтылғандай,
Мақтаулы ұстаз көп еді,
Ісіменен нандырар.
Айта берсең барлығын,
Жыршыңыз таңды таңға ұрар.
Біліміне шөліркеп,
Қашаннан-ақ жан құмар.
Шәкірттер шықты алдынан
Айызыңды қандырар, –
дегендей, мектептің ұзын-ырғасы тарихында айыз қандырар шәкірттер шығарған мақтаулы ұстаздар қатары аз емес.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?