Марат Қабанбаев | Кезеңдегі редактор
Редактордың темірдей қатты, сирек сарғылт шашы үрпе-түрпе: ол ой үстінде. Оң қолыңда бір сомдық автоқалам, сол қолында умаждалған қағаз.
Ол комсомол-шопандар бригадасына кеше келіп кеткен аудандық газеттің тілшісін еске түсіріп отыр. Тілші бригаданы аралап, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескесін қой қораға беттеген. Қорадан шыға бере Мақмұт төрт-бес минут уақыт бөлуін сұрап, жармаса кетті.
− Ал айта бер, жігітім,- деді тілші былай шыққасын блокнотының бетін аша беріп. Шамасы, Мақмұт бригада өмірі жайлы тың мәліметтер айтатын шығар деп тұр.
Мақмұт тікесінен салды.
− Редактордың міндеті не?
Тілші таң қалды.
− Оның не қажеті бар?
− Мен газеттің редакторы едім.
Тілші аз-кем уақыт тілсіз қалды. Аздан соң бөгеліп барып:
− Қандай газеттің?- деді.
− «Таң нұры»... Осы бригаданың қабырға газеті.
Иығынан зілбатпан жүк түскендей жеңіл күрсінген тілші көсіле сөйледі. Сөйтсе редактордың міндеті ауыр екен. Газеттің идеялық мазмұны үшін жауап беріп, көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тиіс. Жарияланған материалдардың нақтылығы мен сапасы үшін де редактор жауапты.
Әңгіме соңында ол тілшіге шын жүректен алғысын айтқан.
...Бүгін ояна сала бас редактор білегін сыбанып, қауырт іске кірісіп кетті. Асханадағы үстелді сыртқа шығарып, бетін жуып-сүртіп, тазалады. Үстелге көлдей-көлдей ақ қағаздарды жайып тастап, түрлі-түрлі қарындаш, қалам, бояу, тушь, гуаштарды рет-ретімен қойды. Мұның бәрі кешегі тілші айтқан «ұйымдастыру жұмыстары». Осы бір ылдым-жылдым бітіп жатқан тірлігіне бек разы. Көңіл күйі де көтеріңкі. «Мақмұт па, Мақмұт түске жетпей «Таң нұрының» алғашқы санын қабырғаға жарқыратып іліп тастайды. Әне, «Кезең» деп аталатын қырқаның баурайына орналасқан кішкене ауыл баспасөзінің негізін өстіп қалайды бұл Мақмұт. Тарих деген осы...»
Қол іс осымен бітіп, енді ой ісіне келгенде редактор мүдірді. «Газет мазмұнының жоғары идеялылығы» үшін қалай күресу қажет? Кешегі тілші: «Нақтылық пен сапаға ұмтыл»,-деді.
Не істеу керек? Әрі-беріден кейін ойлана-ойлана басы қатты. Шелектен салқын су көсіп алып, бетін шайды. Әжептәуір тыңайып қалды. Әуелі табақтай қағаз бетіне даланың суретін салды. Сонан соң көкжиектен таң шапағы шашырады. Жота төбесінде салт атты жас шопан көзін қолымен қалқалай алыс-алысқа көз тастайды. Таң шапағы, таң нұры... Несін айтасың, газет атына сайма-сай. Енді бригададағы еңбек тынысын қолмен қойғандай суреттеп беретін екі-үш мақаланы сілтеп тастаса, газеттің алғашқы саны әзір дей бер.
«Алғашқы мақаланы кімге арнасам екен? Кім еселі еңбегімен ерекше көзге түсіп жүр?» Бұл сұраққа келгенде редактор тағы тосылды. Алғашқы айда ешқайсысы да аянбаған секілді. Топтан оза шығып, ерекше іс тындырып тастаған да ешкім жоқ. Рас, Дүйсен мал жаюдың ебін тәп-тәуір біледі. Қойлы ауылдың баласы. Әкесі қазір де аға шопан. Оқушы кезінде жазғы демалыста зыр жүгіріп, қой қайырып жүріп-ақ, біраз нәрсені көкейіне тоқыпты. Аңызақ жел суырып соққан күні отарды шаңы ұшпайтын шөбі қалың жайылымға жайды. Көбісі-ақ алғашқы күндері шашау шықпасын, шашырамасын деген оймен отарды шыр айнала шарқылап, қойды жайғанның орнына иіріп тастаған. Ал Дүйсен болса, бүкіл жазыққа кең жазып, емін-еркін қоя берді де, төбе басына шоқиып шығып алып, күн ұзақ отарды сол биіктен бақылады да отырды. Ең қызығы, мосқал ұстаз-шопан сол күндері шаруа торымен оңды-солды шапқылап, қара тер болған бұларды емес, Дүйсенді қоштады.
Сонымен не болды өзі? Дүйсенді мақтай ма? Мақтаса қалай мақтайды? Мәселен, мақаланы былай бастаса ше? «Жүзін күн сүйген жас шопан Дүйсен Жақанов қыр үстінде қияннан көз алмай тұр». Жаман емес... Аудандық газетте шығып жүрген мақаладан еш кемі жоқ. Ал Дүйсен козелдің өзі бұған қалай қарайды? Әй, қайбір дұрыс көзімен қарайды дейсің. Мақалаға бітіктеу көзін сығырайтып қарап тұрады да: «Мен жын қағып кеткендей қиянға қадалып тұрғанымда қойды қасқыр тартып кетпей ме?»- деп, күңк етіп, бұрылып жүре береді.
Сүйіндікова, Рақымбаева, Әменовалар ше? Олардың да тындырып тастағаны шамалы. Әлі күнге дейін аттың теріс жағынан мініп, күлкіге қалып жүр. Оларда жазық жоқ, үйреніспей жатыр, екі отарды алдарына салып, бригада болып жеке шыққандарына, міне, бүгін бар болғаны бір-ақ ай. Ойдан ойып, қырдан қырып тастамақ түгіл біразы атты арқандау, шідерлеу, тұсауды жаңа үйреніп жүрген жоқ па?
Айтып айтпай не керек, редактордың қиналған жері осы болды. Ал газетті бүгін қайтсе де қабырғаға ілу керек. Және ең қиыны, оның бетінен, кешегі тілші ағай айтқандай, еңбек тынысы, еңбек рухы тайға таңба басқандай көрінуі тиіс...
Еңбек рухы, рух... Жас шопандардың рухын көрсету үшін міндетті түрде кейіпкер қиянға көз тастауы керек пе? Еңбек дегенің кәдімгі өмірдің өзі ғой. Оның да сәттілік, сәтсіздіктері алма-кезек ауысып, рет-ретімен келіп жатпай ма. Анау Кәрималар алғашқы апталарда күзгі жауынға қалып қойып, аттан жыларман болып түсті. Әйтсе де кластағы ең еркетотай сол қызын бүгінде отарды шоқтай иіріп, өріске ерте шығарып, қотанға кеш әкеліп бағып жүр.
Әйтпесе Райкүл... Алғашқы күндері ферма веттехнигі не айтса, соған бас изеп, мақұлдай беретін. Кеше қойлардың арасынан бір-екі қотыр шығып қалған екен, уақтылы дәрі-дәрмек жеткізіп бермеген веттехникті бүріп-бүріп алды. Сол өткір қыздан, әй, түптің түбінде заң қызметкері шықса шығып қалар.
«Таң нұры» газетінің редакторы басын сілкіп-сілкіп, сары шашын маңдайына шашып жіберді де, отыра қалып, қолына қалам мен қағаз алды. Сүйкектетіп жаза бастады. «Біз он бірміз. Жоқ, біз одан да көппіз. Өйткені әрқайсымызды жетектеген Жігер, Сенім, Үміт атты жолбасшыларымыз бар еді».
Кедір-бұдыр болса да шындығын, сырын жасырмаған сөздер ақ қағаз бетімен тәй-тәй басып бара жатты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?