Арай ЖҰМАТАЙ | Түске сенесіз бе
Көрген түсін жорытып, оның орындалуын тағатсыздана күтетіндер бар. Ырымшыл біздер үшін бұл жағдай таңсық емес. Керісінше, көрген түсін елеусіз қалдырып, бүгінгімен өмір сүретін адамдар да аз емес. Төмендегі бірнеше мысал "түс - түлкінің боғы" екендігін ғылыми тұрғыдан дəлелдейді. Егер түсіңізде небір оқиғалардың куəсі болып, өңіңізде өз көзіңізге өзіңіз сенбей жүрсеңіз, нақты салдарын мақаладан біле аласыз.
Адам ұйықтаған кезде ми жасушаларының барлығы дерлік "ұйқыға" кете қоймайды, кейбір бөлімдері қызу жұмыс істейді. Осы бөліктер арқылы біз бұрын көрген, естіген, дәмін татқан заттардың бейнелері мида қайтадан "тіріледі". Əрі ұйқыдағы адамның миы жартылай тежелуге ұшырайтындықтан, ойлау дəрежесі төмендеп, түсте небір ақылға сыйымсыз образдар бейнеленеді.
Адамның күндіз басынан кешкен оқиғалары, тілегі мен арманы, өзгелермен қарым-қатынасы, күнделікті қызметі сынды əрекеттер түс көруге бірден-бір себеп. Физиологиялық тұрғыда ми жасушаларына кез келген қимыл-қозғалыс (ағаш жапырағының сылдыры, қоңырау сыңғыры, əтештің шақырғаны, есіктің ашылғаны), тіпті ұялы телефондағы вибрация да əсер етеді. Ағзаңызда (жүрек, асқазан) жайсыздықтың орын алуы да түсіңізге қай-қайдағы "кереметтерді" кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне салмақ түссе, кенеттен қатты соға бастайды. Түсіңізде біреумен төбелесіп, яки қашып жүрсеңіз немесе ақшаңызды жоғалтып сабылуыңыз да жүрек соғысының əсерінен екен. Сол себепті, "өңімде ақшам жоғалады-ау" деп қорқудың еш қажеті жоқ.
Өмірде естімеген, көрмеген дүниелердің түске кірмейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома: туғаннан көру қабілетінен айырылған адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер кірмейді, есесіне иіс, есту, дəм арқылы қабылданған нәрселері енетін көрінеді.
Қатты шаршап, қалғып кеткенде, жартастан немесе биіктен құлап бара жатқандай күй кешіп, өздігіңізден шошып оянатын кездер де болады. Себебі, адам клиникалық өлімге ұшырап кетуі ықтимал болса, мидан сигнал беріледі. Сол кезде қорқынышты түс көргендей шошып оянып, қайтадан тəтті ұйқыға кетесіз. Осындай жағдай жиі қайталанса, "періштем қақты" деп есептеңіз.
"Иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді". Түсіңіз шынайы өмірде орындалып, қуанышқа кенелуіңіз, яки орындалмай арманда кетуіңіз де ғажап емес. Сол себепті шынайы ғұмыр кешейік!
Түннің тынышын, түстің дұрысын берсін!
Арай ЖҰМАТАЙ
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?