Құрбан айт мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады


Күллі мұсылманның ұлық мерекесі - Құрбан айт биыл 26 қазанда басталады.

Фото с сайта rus.azattyq.org
Фото с сайта rus.azattyq.org

Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы хабарлады. Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс деп белгіленген.

Ал, екінші және үшінші күндері бұл жолы сенбі, жексенбіге келіп тұрғандықтан, үш күн демалыс деп жарияланды.

Ислам мейрамдары күндік емес айлық күнтізбемен есептеледі. Мұсылман баласының ұлық мейрамы, Құрбан айт жыл сайын Зулхиджа айының 10-ы күнімен сәйкес келеді. Биыл, ол 26-қазанға тұспа-тұс. Ертең, Зулхиджа айының бірінші күні.

Құрбан шалу айт намызынан кейін жалғасқаны абзал. Құрбанға 4 түлік мал шалынады. Ірі қара малды 7 адам бірігіп шалуына да болады. Ал, Ұлық мейрам толық 3 күнге, ал 4-ші күні екінті намазына дейін жалғасады,- дейді орталық мешіттің бас имамы.


Естеріңізге сала кетейік, діни бірлестіктер мен мешіттер қайта тіркеуден толығымен өтіп бітті. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанға 5500 қажы оралмақшы. Бұл өткен жылдан 1500 адамға артық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!