Веб дизайн - сайт жасаудың маңызды бөлшегі

 Веб дизайн - сайт жасаудың маңызды бөлшегі

1.1. Веб дизайнның пайда болуы
Веб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы веб-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Веб жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, веб-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге веб дизайн дами түсті. Веб дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда веб дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Веб дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- веб дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. jаvascript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны веб дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, веб дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын веб дизайн мультипәндік облыс болып табылады.
1.2. Веб дизайнға қойылатын талаптар.
Веб дизайнсайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, веб дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ веб дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы – тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек:
1. Веб дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
2. Веб дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.
3. Веб дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.
4. Веб дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс – мәзір анық та түсінікті болу керек.
5. Веб дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.
6. Веб дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек.
Веб дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр. Веб дизайн қалай құрылады? Веб дизайн – бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда веб дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың веб дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда веб дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады. Веб дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының веб дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Веб дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл веб дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады. Веб дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы – веб-беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуі бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту. Веб дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырма жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиенттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті. Графиканы құру және оптимизациялау – күрделі жұмыс. Веб-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады. Алайда құжаттың нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шрифт, түсі және аты. Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, колданушы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді. Веб-графикамен жұмыстың басты қиындығы-Интернет каналдарының өткізу қасиетінің төмендігі болып табылады. Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет. Векторлы және растрлы графикалық редакторлар епті қолда қуатты құрал бола алады. Растрлы суретте әрбір пикселдің анықталған орны мен түсі бар, мұнда әрбір объект программаға боялған пиксел жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл қолданушы растрлы суреттермен жұмыс жасағанда нақты суретпен емес, пикселдер тобымен жұмыс жасайтындығын көрсетеді. Растрлы суреттер түс градациясын және жартытондарды дәл береді, суреттің жоғарғы детализациясын қамтамасыз етеді. Сол себепті олар тонды суретті берудің (фотографияны сканерлеу) оптималды құралы болып табылады. Растрлы графикада пикселдердің бекітілген көлемі қолданылады. Бұл суретті өзгерту (бұру, үлкейту) кезінде бейненің бұрмалауына және объект шекараның қисық болып шығуына алып келеді. Ал векторлы графика математикалық фигура – векторлар негізінде құрылып, координатасы, түсі және басқа параметрлі қисық және боялған шектелген облыстардан тұрады. Векторлы суретті файл қисықтың координатасы мен параметрлерінен құрастырылады. Оларды өзгерткенде сапа төмендемейді. Векторлы графика ұсақ кеглдер (шрифттар) қолданған цифрлы объектілер және анық контур қажет логотиптер жасауда пайдаланылады. Adobe Photoshop – растрлы графиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті. Әртүрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады. Веб-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз. Сол себепті қазіргі таңда Веб-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты. Веб-дизайнердің жалақысының жоғары болуының себебі де сол. Веб-бетті құрушы адам, өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады. Көз сүйсінерлік Веб-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт. Веб қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернет броузерлердің сыйымдылығы болып келеді. Macromedia корпорациясы Веб-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты. Macromedia Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін веб-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Flash-ты Веб стандарт ретінде келісім жасалғалы, ол HTML-мен оңай интеграцияланды. Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animation фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды. Аниматор-суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Macromedia секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті. Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады. Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді. Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика) күрделі іс-әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы себепті программа Веб-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алды. 1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Веб-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, PepsiCola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros серверлерін көрсетуге болады. Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл jаvascript, Java немесе HTML кодтарын жазбай-ақ интерактивті Веб-түйін жасауға мүмкіндік береді. Интернетте кез келген Веб-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертексті ақпарат беруші HTML тілі құрайды. Flash технология HTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет-ролик жасап шығаруға болады. Macromedia Flash қолданатын көптеген беттерде HTML мүлде жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелінген. Код мағынасы – Flash-клиптің дұрыс орналасуы. Аяқталған бір беттің түрін қарастырсақ:
Веб-бет=HTML+Flash Flash Action Script-ты қолданғанда, бұл формуланы jаvascript толықтырады. CGI орындай отырып, Flash қайсібір параметрлерді бере алады. Сонымен қатар, CGI Flash-тан шақырылып, әрекет орындап, жауап ретінде алдын-ала әзірленген Flash-клипті көрсетеді. Flash-технологияны қолданудың ең дұрыс шешімі – толыққанды HTML-құжатты кішігірім клиптермен көркемдеу. Көптеген танымал сайттар сәннен қалғылары келмей, осы жолды таңдады. Осындай сайттарға енген қолданушы не Flash-ролик әрекеттерімен сүйсініп, не оны фон ретінде қабылдайды. Бұл жерде Flash-клиптер анимацияланған GIF секілді қолданылады және бүкіл сайт үшін өмірлік маңызы болмайды, осындайда жаңа формуланы пайдалана аламыз:
Веб-бет=HTML+DHTML(jаvascript/VBScript,CSS)+Flash+CGI
Flash Веб-беттің сәнді қосымшасы ролін атқарады.
1.3.2. Flash мүмкіндіктері.
Macromedia компаниясы Flash-ты шығара отырып, көптеген қуатты идеялар мен технологияларды бір программаға біріктірді, сөйтіп қолданушыға Веб арқылы мультимедиялық презентацияларды көруге мүмкіндік берді. Векторлы графиканы қолдану. Графикалық режимді үнсіздік бойынша қою Flash-ты Веб өңдеу үшін теңеусіз құрал етеді. Векторлы графика – бұл өлшем, форма, түс, шекара, орналасуы жайлы ақпараттан тұратын математикалық теңдікпен не векторлармен анықталатын объектілер. Күрделі суреттердің өзімен жұмыс жасаған кезде кішкентай өлшемді файл алудың бірден-бір мүмкіндігі. GIF пен JPEG секілді растрлы форматтан өзгешелігі, векторлы суреттер – графика, текст, схема және анимация SWF (Shock Wave Flash) форматты ықшам файлдарға оңай экспортталады, осы файлдар желіде отырып-ақ кәдімгі броузер көмегімен ағымды ойнай алады. Symbol Conversation технологисы Flash-тың күрделі мультемедиялық презентациялар құрғанда файл көлемінің азғантай болуының себебі бар. Векторлар, растрлы суреттер, дыбыс бір жобада бірнеше рет қолданғандықтан, Flash өзінің ішкі Symbol Conversation функциясының арқасында объектінің бір экземплярын жасауға мүмкіндік береді, оны жаңасын құрмай-ақ бірнеше рет қолдана аласыз. Бұл жобаның көлемін біршама азайтады. Қосымшаға кітапхана – Library құрылды. Ол барлық қолданылатын константалар: салынған символдар, импорталған графика мен дыбыс тізімінен тұрады. Кітапхана көмегімен қай кадр не қабатта болғанына байланыссыз кез келген элементке баруға болады. Түстік палитраны, градиенттік құйылуларды басқа графикалық қосымшалардан (Macromedia Fireworks және Adobe Photoshop) экспорттауға (импорттауға) болады, бұл сайттағы түстің өзгермеуіне септеседі. Палитра .fla файлда сақталады және .swf экспортаушы файл көлеміне байланысты емес. Үнсіздік бойынша Flash веб-safe палитрасын қолданады. Symbol Conversation технологиясының қасиетін пайдаланып, Flash-жоба кезінде мәліметтер енгізуге болатын текстілік өріс құруға болады, ол қолданушылардан әртүрлі мәліметтер: пароль енгізуге, регистрациялық, сұраулы мәліметтер жинауға қолданылады. Бұл толыққанды веб-сайт құрудың жаңа қадамы. Сонымен қатар, өрістер мәтінді динамикалық ауыстыруда пайдаланылады. Бұл қасиет үнемі жаңаланып тұратын ақпаратты: биржалық, спорттық, ауа-райы болжамы жазғанда қолданылады. Қолданушы мәтіндік өрісті құрғанда оған айнымалы береді. Айнымалыларды роликтің әртүрлі сахналарына, server-side қосымшасына көшіруге болады.
Мәліметтерді ағынды режимде жіберу
Flash-тың веб-қа арналған мультимедиасының тез жүктелуі үшін негізгі факторы - мәліметтерді ағынды режимде жіберу. Басқа артықшылықтарына қарамастан, бұл қасиетінсіз Flash желіде тиімді бола алмас еді. Мәліметтерді ағынды режимде жіберу – қажеттіліктен туындаған технология мысалы. Ол пайда болғанша байланыстың шектеулі жылдамдығы кесірінен қолданушылар файлдарды олардың құрамы компьютерге толық жүктелгенше қарай алмайтын еді. Алайда, құрастырушылар қолданушылардың әрбір байтты бірден қабылдамай-ақ, жоба мазмұнын біртіндеп түсіне алатынын ұғынды. Ағынды мүмкіндік дыбысты, анимациялы және растрлы үлкен файлдар бірден бейнелене бастауын көрсетеді. Дыбыспен жұмыс Веб-сайтты фондық әнмен дыбыстау көп таралмаған, бірақ кейде қолданылады. dhtml, html не басқа стандарттардың дыбыстық файлдармен тығыз интеграцияланбайтыны дәлелденген. BGSOUND немесе EMBED тегі арқылы қосылатын фондық дыбыс mid не wav форматына ие болады. Бірінші форматты қолданғанда беттің шынылдайтыны байқалған, алайда көлемі бойынша mid Интернетке сәйкес. Яғни, сапасы төмен. Ал wav форматты дыбыстардың сапасы жақсы, бірақ бетте ұзақ жүктеледі.
Flash-тың пайда болуына байланысты бетті әнмен әрлеушілер бетке көп көрінбейтін Flash-клипті орналастырады, ол бір дыбыстық фрагментті шексіз қайталай береді. Бұл кезде сапа/көлем орташа деңгейде қалады.
Дыбысты қадағалау әрбір кадрға байланысты. Flash дыбысты бірнеше тәсілмен шығарады. Ол уақытқа тәуелсіз немесе дыбыс жолы бар анимацияны синхрондау арқылы. Әрбір каналдың дауыс деңгейін ауыстыруға да болады, дыбыстың жайлап көтерілуі не төмендеуі секілді. Сонымен, Flash дыбыстың екі типін пайдаланады – оқиғаға байланысты (event sounds) және ағынды(stream sounds). Олардың ерекшелігі: біріншісі толық жүктелуі қажет, екіншісі алғашқы кадрларды дыбыстайтын мәліметтер жүктелісімен жұмыс жасайды. Экспорттаушы .swf файлға 8-ден 160 kBps дейінгі компрессия деңгейі әсер етеді, ол Publish Settings терезесінде көрсетіледі. Flash AIFF, WAV және MP3 форматындағы дыбыстық файлдарды экспорттайды.
Қорытынды
Веб дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда веб дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады.
Dreamweaver MX– бұл өңдеуші бір салада жұмыс жасай алатын, тез құрастырып, жүзеге асырып және Веб-сайтқа және визуальды редактірлеу құралдарын пайдаланып Интернет - қосымшаға қызмет көрсете алатын, қосымшаларды өңдеу және кодты тез жазу интегралды шешімде біріктіріліп жүзеге асырылған қосымша болып табылады. Өңдеушілер Dreamweaver-ді әр түрлі серверлік технологиялармен қолдана алады және қолданушыларға мәліметтер базасына және Веб-сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мықты Интернет –қосымшаларды құрастыра алады. Сайттың басты бет шаблонын HTML гипермәтіндік белгілеу тілінде жасап, кейін басқа беттерін Dreamweaver MX бағдарламасы арқылы жасадым. Визуальды құрастыру құралы .swf форматындағы флэш-роликтерді, графикалық суреттерді кодты жазбай-ақ бірден қоюы жұмысты көп жеңілдетеді. Macromedia Flash- өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash-программаның негізгі құралы ретінде векторлық графиканы алуы мультимедианың барлық негізгі элементтерін (қозғалу, дыбыс, видео, объектілер интерактивтілігі) іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дайын программаның көлемі минималды және олардың жұмысының қорытындысы қоданушының экранына қарамайды – ал бұл интернет-проекттерге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі. Flash-тің ең басты артықшылығы – аз көлемді, әсем анимацияланған, динамикалық иинтерактивтік беттерді дайындау мүмкіндігі, ал оны интернетте қолдануға өте қолайлы. Мұның бәрі векторлық графика және ақпаратты сығудың мықты алгоритмдері арқылы жүзеге асады. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін веб-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы өз сайтыма әдемі баннер, анимациялық мултьфильм жасадым. Жобаны құрастыру кезінде алдыма қойылған мақсаттарды толығымен орындадым, екітілді сайт еліміздегі білім беру саласында жақсы бір толықтыру болатынына сенемін. Ең бастысы, ізденушілердің көңілінен шығып, оларға пайдалы болуы ғой. «izden.kz» сайты рефераттар және басқа да ғылыми жұмыстарды ұсына отырып, ізденушілерге арналған нағыз көмекші-сайт атанары сөзсіз. Яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушылар, бұл сайтымды қолданып, жақсы нәтиже көрсетіп жатса, менің бір тілегімнің орындалғаны. Осылайша, алған білімім игі бастама жасауға жұмсалса, менің 4 жыл бойы текке оқымағанымды көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007.
2. Балафанов Н., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 2003.
3. Смирнова И. Е., Веб-дизайн бастамасы. – Санкт-Петербург, 2003.
4. Гончаров А. Самоучитель HTML. – Москва, 2002.
5. Информатика негіздері журналы, № 5-6 2006 жыл. – Алматы.
6. Информатика и образование №2 2001 жыл. – Москва.
7. Левковец, Л. Уроки компьютерной графики. Photoshop CS/, СПб.: Питер, 2005
8. Миронов Д. «Corel DRAW 12»: Учебный курс. –СПб.: Питер, 2004,
9. Миронов Д. Компьютерная графика в дизайне. –СПб.: Питер, 2004,
10. Мюррей Д.Д., Райпер У. Энциклопедия форматов графических файлов. Пер. С анг. Киев: ВНҮ, 1997,
11. Панкратов Т. Photoshop7. СПб.: Питер, 2005
12. Влад Мержевич. Теги HTML
13. Влад Мержевич css@htmlbook.ru
14. Веб-сайт своими руками - И. Шапошников .: БХВ – Санкт-Петербург, 2000.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?