Сызықты қысқарту

 Сызықты қысқарту

Мұғалім сыныптағы зерек, бірақ сонымен қатар ішітар оқушыдан: «Сен неге достарыңа көре алмаушылық етесің, олардың жасағандарын бұзып, төбелесесің де жүресің?» деп сұрайды. Оқушы: «Өйткені олардың менен озып кетуін қаламаймын. Мен ғана үздік, менің жасағандарым ғана ең жақсы болғанын қалаймын» дейді. Мұғалім сәл ойланды да, орнынан тұрып, тақтаға бір сызық сызады. Әлгі оқушысына қарап: «Мына сызықты қалай қысқартуға болады?» деп сұрайды. Оқушы орнынан атып тұрып: «Сызықтың жартысын өшіріп тастаймын» деп жауап береді. Мұғалім бұл жауапты қабыл етпейді. Оқушы біраз ойланып, сызықтың бір бөлігін қолымен жауып: «Міне қысқарды» деді. Бұл жауап та қате болатын. Дұрыс жауап ала алмайтындығын түсінген мұғалім тақтаға әуелгіден де ұзынырақ сызық сызып: «Енді қалай болды?» деп сұрайды. Басы салбыраған оқушы: «Енді қысқарды» деп жауап берді. «Біліктілігің мен қабілетіңді арттырып, өз сызығыңды ұзартуың, қарсыласыңның сызығын қысқартуға тырысудан әлде қайда жақсы» деп оқушысына өмірдің барлық кезеңінде кәдеге жарайтын тәрбиелік сабақ берді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!