Ашкөздіктің ақыры
Ашкөздік, тойымсыздық сезімі қаптап келеді. Көп, одан да көп, одан да мықтысын, одан да абыройлысын иемдену қалауы және бұларды адамдарға көрсетіп мақтану, осы мақтанудан зауық алу өрістеп, кең етек жайып барады...
Үнді аңшыларының ерекше маймыл аулау тәсілі бар екен. Іші босаған кокосты тесіп (немесе құмыра алып), жіп өткізіп әлгі кокосты қазыққа немесе бір ағашқа байлап қояды екен. Содан соң кокостың тағы бір шетінен жіңішкелеп жарықша ашып, ішіне тәтті тағам салып қояды. Бұл жарықшаға маймылдың қолы ашық кезде ғана сияды, ал қолын жұдырықтап жұмып алса симайды. Маймыл тәтті тағамның иісін сезіп жетіп келеді. Қолын кокостың ішіне салып, тәтті тағамды уысына толтырып қолын сыртқа шығармақ болғанда тығырыққа тіреледі. Ашық күйде салған қолы жұмылған күйде сыртқа шыға қоймайды. Тәтті тағамға еліктірген ашкөздік жұмған қолын ашқызбайтындығы соншалық аңшылар келгенде де қаша алмайды. Негізінде маймылды ұстап тұрған ештеңе жоқ. Оны ұстап тұрған тек өзінің ашкөздігі. Қашуы үшін қолындағы тағамды жіберуі жеткілікті еді. Бірақ ашкөздігінің мықтылығы соншалық мұндай қақпаннан құтылған маймылдар сирек кездеседі екен.
Осы мысалдағы секілді бізді қақпанға түсіретін негізінде нәпсілік қалауларымыз бен оларға деген тәуелділігіміз. Мысалдағы маймыл секілді нәпсіміздің құрбанына, қол жеткізгіміз келген нәрсенің тұтқынына айналудамыз. Уысымызға түскендер мәңгілік қолымызда қалатындай жармасудамыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?