Мағжан Жұмабаев (Ескі Түркістан)

 Мағжан Жұмабаев (Ескі Түркістан)

ЕСКІ ШАҺАР

Ескі шаһар - таң дүние,
Салар болсаң назарың,
He көресің?
Көресің -
Майдан сайын мазарын.
Мазар сайын мың сопы
Саулатып тұрған ғазалын.
He көресің?
Көресің -
Мөлиген мешіт ажарын.
Мешіт сайын сан молда
Аңыратып тұрған азанын.
He көресің?
Көресің -
Ыңыл-жыңыл базарын -
Бүлкілдетіп әр жерде
Қайнатып жатқан қазанын.
He көресің?
Көресің...
Тоқтайын, талар назарың!

АРБАКЕШ

Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы.
Ырғалады ол, ырғалад
Астындағы жорғасы.
Қойнында бар қауыны,
Қолында қызыл алмасы.
Кұлаққа гүл қыстырған,
Берген шығар қарғасы.
Сағыздай созар сәлемін,
Қарсы келсе молдасы.
Мешіт көрсе, мөлиед
Тұрғандай төніп Алласы.
Өте берсе орыстың
Бүлкіл бөксе маржасы -
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы!

ӘЙЕЛ

Пәренжі үсте - бітеу қап,
Бетінде перде - шімбеті.
Шімбетінің астында
Гүл шырайлы шын беті.
Желпіне алмай, жамылып,
Быршып тұрған тер беті.
Шаңырақ сырға құлақта,
Мөлт-мөлт еткен меруерті.
Зәмзәм құйған құтыдай
Домаланған келбеті.
Тарта беру тымпиып -
Көшеде оның міндеті.
«Ағузы біллеһи, әйелге
Мұтлақ харам ер беті».
Түркістанның тақсыры-ай,
Құдіреттен күшті-ау құдіреті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. жанибек
    жанибек 05.04.2018 08:41
    0 + 0 -
    Пәренже қазақтар кимеген дегендер өтірікші екен. Апаларымыз киген екенғой, Мағжананның өлеңдері дәлел боп тұр·
  2. Сұлухан Абдуллаева
    0 + 0 -
    Дочтар маган махабатт жайындагы оленын тауып бере аласн дар ма
  3. Nurgaysha Esimkhan
    Nurgaysha Esimkhan 06.04.2015 10:53
    0 + 0 -
    Керемет
  4. Nurgaysha Esimkhan
    Nurgaysha Esimkhan 06.04.2015 10:53
    0 + 0 -
    Керемет
  5. Meyrzhan Tұrғanbek
    Meyrzhan Tұrғanbek 11.12.2014 08:51
    0 + 0 -
    Өлең өте әдемі

Ілмектер: Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ескі Түркістан), мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев Ескі Түркістан өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих