Ақбай
Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты.
Сөйтіп жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті. Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп, салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.
Екі күн өткесін, қыздармен танысып, үйреніскен Ақбай Бибісарадан: «Сіздің басыңыз бос па?» – деп сұрапты.
Сонда Бибісара: «Қанша жігіт аламын деп айттыра келсе де менің қойған шартымды орындай алмады. Соның үшін әзір басым бос», – депті.
Сонда Ақбай отырып: «Шартыңызды айтып көріңізші, мен де бағымды сынайын!» – дейді.
Қыз сонда: «Сіз бір келген қонақсыз, шартымды орындай алмасаңыз ұят болар, онан да оны есітпей-ақ тойға келген сый қонақ болып, еліңізге қайта беріңіз», – дейді.
Ақбай: «Олай деп ойламаңыз, Бибісара. Дүниеде жоқ нәрсені айтпайтын шығарсыз, шартыңызды айтыңыз», – деп қолқалайды.
Бибісара: «Мен де ілімнен құр алақан адам емеспін, дүниеде жоқ нәрсені шарт етпеймін. Шартым мынау: мені кімде-кім аламын десе, қалың малыма бойы да тең, түрі де тең, сексен сары ала, сексен торы ала, сексен боз, сексен күрең, сексен шым торы, бәрі де бес жасардан төрт жүз жылқы әкелсін. Осы шартымды орындаған адамға би демеймін, құл демеймін, тиемін», – дейді. Ақбай қыздың қойған шартын орындайтын болып, үш ай рұқсат алып, қырық жігітімен еліне қайтты.
Ақбай үш айда қыздың айтқан малдарының түрін де, түсін де, жасын да тауып, қасына қырық жігіт ертіп, қыздың ауылына келеді. Келіп, қыздың ауылында жеті күн қонақ болады. Қыздың әкесі Ақбайдың әкелген малынан ешқандай кемшілік таба алмай, келген қонақты үлкен сый-сияпатпенен қарсы алып, қызын бір жылдан соң беретін болып, Ақбайды қырық жігітімен еліне қайтарады.
Арада бір жыл өткен соң, Ақбай тойға керекті жасау-жабдығын даярлап, қасына қырық жігітін ертіп, қыздың еліне баруға жолға шығады. Қыздың ауылына бір күндік жер қалғанда жігіттеріне: «Сендер асықпай келе берерсіңдер, мен бүгін қыздың отауына жете қояйын», – деп, боз жорға атымен алға озып кетеді. Таң алдында Ақбай қыз жатқан отауға кіріп келсе, Бибісара өзінің жылқысын бағатын Қодар деген құлменен жатыр екен. Мұны көріп, Ақбай кейін шегіне бергенде, қыз бір уыс топырақты Ақбайдың бетіне шашып жіберіпті. Қыз жеті жұрттың сырын білетін дуашы-сиқыршы екен. Ақбай адам түрінен айырылып, үлкен бір қара төбет болып шыға келеді. Түрі ит болса да ақыл-есі қалпында, бірақ сөйлейін десе тілі жоқ, сөйлесе, итше үреді.
Қырық жігіт келе жатса, алдарынан бір ит шығып үре береді, оны ешкім елемейді. Сөйтіп, жігіттер қыздың ауылына келеді. Келсе, Ақбай жоқ. Қыздың отауының сыртында байлаулы тұрған боз жорға атты көреді. Жігіттер сұрау салады, бұл елден Ақбайды көрген-білген адам табылмайды. Жаңағы ит жігіттердің соңынан қалмайды, үйге кірсе, үйге кіреді, далаға шықса, далаға шығады, арсылдап үріп қоя береді. Оған түсінбеген жігіттер: «Осы ит құтырайын деп жүр, өзін өлтірейік», – деседі. Оны сезген Ақбай енді жолдастарынан безіп, бетімен қаңғып кетеді. Қаңғып жүріп, ит бір керуенге кез болады. Бір керуенші жігіт: «Мынау жақсы ит екен», –деп, өзіне үйретіп, алдына тамақ қалдығын тастаса, ит жемейді, ал жеп отырған тамағынан табаққа салып берсе, жейді. Жігіт бұған таң қалып, бір табағынан итке итаяқ жасап, өздерінің жеген тамағынан беріп, еліне ертіп келеді.
Жігіттің үйінің қасындағы қоңсы әйел бұл уақытта, екіқабат екен, бір күні сол әйел баласын туа алмай, үш күн қиналады. Күйеуі ауылындағы қожа-молдаларды жинап, дем салдырған екен, одан шипа болмай, әйел өлер болады. Оны сезген ит әйел толғатып тұрған үйге кіріп барып, әйелді үш айналып үргенде, әйел көзін ашып, есін жиып, баласын туады. Әйел де, бала да аман қалады.
Бұл хабар лезде бүкіл елге жайылып, ауырған адам ит иесіне ақы төлеп, ауруын итке қарататын болыпты. Бұрынғы жарлы жігіт енді байып, ел қатарына қосылады, итіне жай ит деп қарамай, өзіне келген бір бақ деп қарайды, астына киіз төсеп, алдына таза ас құйып, адамша күтеді.
Бір күні жатып Ақбай ойланады: «Менің бұл жүрісім не? Ит тойған жеріне» деген накыл бар еді. Менің түрім ит болғанмен, ақыл-есім ит емес қой. Ойлауым баяғы сау күнімдегі адам қалпында. Олай болса, менің бұл жүрісім жөнсіз болар, не де болса, Бибісараның ауылынан бір хабар алайын», – дейді. Ит түнде орнынан тұрып, қыздың ауылына тартып отырады. Жортып отырып үш күн, үш түн дегенде Ақбай тігулі тұрған ақ отаудың үстінен шығады.
Отауға келсе, он жігіт тамақ ішіп отыр екен. Үш күннен бері аш ит адамдар бір нәрсе берер ме екен деп, құйрығын бұлаңдатып, еркелеп есіктен қарапты.
Табақ тартып жүрген әйел иттің бетіне бір қарап: «Осы Ақбай емес пе, апам бұзып, дуалағандықпен бір пәле еткен шығар-ау», – деп, далаға тамақтан ала шығып, қораға апарып: «Сен Ақбай емессің бе?» – депті. Ит айтуға, тілі жоқ, көзін жаутаңдатып: «Әуп! Әуп!» – дейді.
Әйел иттің Ақбай екенін сезіп, сарайға апарып тамақ беріп: «Сені мен жеті күн оқимын, сонда сен бұрынғы адам қалпыңа келесің. Бибісара менің туған апам. Ол менен білім жағынан анағұрлым күшті. Сөйткенмен де апамның бірінші дұғасын жазуға болады, бірақ екінші дұғасын ешкім де жаза алмайды, себебі оның қолында қасиетті бір жүзік бар», – депті. Сөйтіп, әйел жеті күн Ақбайды оқып, адам қалпына келтіріпті. Содан кейін бұл әйел оны күйеуіне таныстырып: «Мынау сенің бажаң, мен мұны жеті күн оқып жаздым», – депті. Одан кейін Ақбайды жақсылап киіндіріп, астына ат мінгізіп, қолына дем салып, бір уыс топырақ беріп: «Енді тез барып, таң алдында Бибісараның бетіне шаш. Бибісарадан бұрын қарманбасаң, ол сені қайтып ит қып жібереді», – депті.
Арада үш күн жүріп, таң ата қыздың отауына кіріп келсе, Бибісара ояу отыр екен. Ақбайдан бұрын бір уыс топырақты шашып жібереді. Ақбай кішкентай бозша торғай болып ұша жөнеледі. Үйдің ішін шыр айнала ұшып жүріп, есікті зорға табады.
Енді ол жерде жүре алмайтынын сезген Ақбай басқа бір елге ұшып кетеді. Бір елдің шетіне келіп, жерге түскен дәнді теріп жеп жүріп, торғай бір күні балалардың тұзағына түседі. Оны балалар аяғына жіп іліп байлап, ұшырып ойнайтын болады.
Сөйтіп жүргенде бір келіншек балаларға келіп: «Мынау бозторғайларыңды маған беріңдер, мен ауырып жүр едім, маған торғай еті ем еді», – деп, балалардан сұрап алады. Ол торғайдың Ақбай екенін біледі. Өйткені келіншек Бибісараның ең кіші сіңлісі болатын. Бұзық апасының бір адамның обалына қалғанын естіген-ді.
— Енді сен Бибісараға баратын болсаң, адам қалпында баруға болмайды. Себебі сені және бір түрге айналдырып жібереді. Бибісараның оң бұрымының астында жасырып қойған қасиетті жүзік бар, осы торғай түріңде елеусіз барып, соны қолға түсіріп алсаң, сол сағатта ойлағаның болады, – дейді келіншек.
Сөйтіп, келіншек торғай қалпындағы Ақбайды жеті күн бағып, ақылын, апасының сырын айтып, ұшырып жібереді. Ұшарда Ақбайға: «Сен Бибісараның еліне күндіз барма, түнде бар, күндіз барсаң біліп қояды», – деп тапсырады.
Ақбай өзінің бұрынғы әдеті бойынша қыздың отауына таң алдында келіп жетеді. Келсе, Бибісара мен Қодар тағы да бірге жатыр. Бірақ екеуі де қатты ұйқыда екен. Ақбай сездірмей қыздың бұрымының астындағы қасиетті жүзікті алып, ойланып тұрып: «Бұл екеуін бір түрлі айуан етсем, бірінен-бірі айырылмас, не де болса, екі түрлі болсын», – деп, Қодарға «шошқаның қабаны бол», қызға «иттің қаншығы бол» деп, бір уыс топырақты үстеріне шашып жібереді. Қодар қабан, Бибісара қаншық болып шыға келеді. Ақбай отауда ілулі тұрған Қодардың мылтығын алып, алдымен ит болып қыңсылаған Бибісараны атып тастайды, қабан болып қорсылдап жүрген Қодарды жанды жерінен атып, қор болып өлсін деп қоя береді. Шала-жансар шошқаны көрінген адам ұрып, о да ақыры қор болып, құрттап өледі.
Сөйтіп, Ақбай өзі баяғы адам қалпына түсіп, қайын атасына келеді. Атасы Ақбайды үш күн қонақ қылады, бірақ қызынан хабары жоқ. Ақбайдың малын қайырып бермекші болады.
Сонда Ақбай: «Маған мал керек емес, сіз маған алты айлық азық даярлап беріңіз, қызыңның отауын беріңіз және қай жерге отырамын десем, сол жерге көшіп-қондыратын алты адам қосып беріңіз», – депті.
Бибісараның әкесі Ақбайдан еш кемістік таба алмастан, оған бір жылдық азық даярлатып, алты түйе артып, қасына алты адам қосып, еліне көшіреді.
Бірнеше күн жүріп тауға келгенде, Ақбай жүгін түсіріп, таудың етегіндегі бір бұлақтың басына келіп, отауын тіктіреді. Ертіп келген жігіттерге еліне қайтуға рұқсат береді.
Арада үш ай өткен соң, аң аулап жүргенде, Ақбай Бибісарадан алған қасиетті жүзікті жоғалтып алады. Оны неше күн іздеп таба алмайды. «Бір қыз үшін ел-жұрт, ағайын-туған, ата-анамнан бездім, безіп көрмеген қорлығым, тартпаған азабым жоқ. Адам өлтіріп, ақырында бір қасиетті нәрсеге қолым жетіп еді, одан да айырылдым. Енді менде ел бетін көрер не қалды!» – деп қара жерді құшақтап, күндіз-түні күңіреніп, күңіренгенде былай дейді:
Болады малы бардың көңілі тоқ,
Еңбексіз жиған малдан рахат жоқ.
Бес түрден төрт жүз жылқы айдап беріп,
Қасына Бибісара қонғаным жоқ.
Арам мал әкем сорға біткен екен.
Қызығын опасыздың көргенім жоқ.
Ит болдым, торғай болдым ақырында
Ұстатпай әуреледің дүние боқ.
Атандым «Ақбай мырза» он алтымда,
Көріктен қаулап жанған мысалы жоқ.
Әкемнің арам малын бердім айдап,
Онымен сүйгенімді алғаным жоқ.
Жатырмын жапан түзде тауды бағып,
Қасымда ермек болар серігім жоқ.
Өтеді біздің өмір осыменен,
Елімнен кеттім жалғыз, дерегім жоқ.
Ата-анам, ақ сүт берген, риза бол,
Ел бетін енді айланып көру де жоқ.
Аң да емес, адам да емес, қалдым жалғыз,
Түсірген сиқыр қыздан жүзік те жоқ.
Ақбай осы өлеңді әр күні үш рет қайталап зарлайтын болады.
Сол тауда Сұрмерген деген аңшы аң аулайтын. Сұрмерген тауға шыкқан сапарында үш ай аң ауламай үйіне қайтпайды екен. Бір күні Сұрмерген аң аулап жүрсе, алдынан үш марал қаша жөнеліпті. Мерген маралдың ең үлкенін атып алады. Сойып, өкпе-бауырын отқа қақтап, пісіре бастайды. Сол уақытта маралдың істікке шанышқан бір жапырақ еті ұшып барып, мергеннің бұзып, меске тығып қойған етінің үстіне түседі. Сол-ақ екен марал тіріліп, бір сілкініп жүгіре жөнелді. Қасындағы екі марал да айналақтап сол арада жүр екен. Соларға қосылып, атылған марал жөніне кете берсін. Бұған Сұрмерген ашуланып, мылтығын қайта оқтап, атайын десе, мылтығы от алмайды. Қолындағы қыран бүркітінің томағасын алып, маралға жіберсе, құсы ұшпай, өзінің қолына қайта келіп қонады. Мылтық пен құсқа ашуланған Сұрмерген атпен соғайын деп атына мінсе, аты да аяғын баспай, бір орында қарысып тұрып қалады.
Сонда баяғы өзі атқан марал артына бұрылып тұрып былай депті:
— Сұрмерген, енді сен дүние талабын қой. Ар жағыңдағы таудың бауырында, бұлақтың басында тігулі тұрған ақ отау бар. Соның ішінде Ақбай деген бір байдың жалғыз баласы жатыр. Сен оған барып жолығып, бұл жағдайдың мәнісін сұра, саған сол айтар. Ендігі қалған өмірің сол жігітпен бірге өтер, – дейді.
Содан соң үш марал қосылып, үш ауыз өлең айтып, Сұрмергенге тағы да былай дейді:
Сұрмерген, үш маралға кез болыпсың,
Есітіп бұл хабарды көңілің тынсын.
Зиянсыз біз бір жүрген хайуан едік,
Қасиетін үш маралдың көзің көрсін.
Ақбай да ақылына сонда келер,
Болмаса жақсылықты қайдан білсін.
Бейнетсіз табылған мал дәулет болмас,
Бақытты болам десе бейнеттенсін.
Тағы да кез келерміз бір-біреуге,
Сәлем айт Ақбай ерге шыдай берсін.
Айтатын мұнан артық сөзіміз жоқ,
Ақбайжан, ендігісін ойлап білсін.
Мергенге маралдар осы бәйітті айтты да таудың ең биік шыңына қарай өрлеп кете барады.
Маралдың сілтеуі бойынша Сұрмерген тауды жағалап келе жатып, бұлақтың басында тігулі тұрған ақ отауға келеді. Атын байлап отауға келсе, ыңылдап, жер бауырлап жатқан Ақбайды көреді.
Ақбай Сұрмергенмен амандасын болған соң, оған: «Мен бұл дүниеден күдер үзіп, өлім тілеп жатқан жанмын, сен салтанатты дүние талабында жүрген адам екенсің, бұл жерге неге келдің?» – депті. Сонда Сұрмерген айтады: «Мен он үш жасымнан осы мергеншілікпен талап еттім. Қазір жасым алпысқа шықты. Адамға, жазықсыз жануарларға өлім келтіргенім үшін мені халық «Сұрмерген» деп атады. Қырық жеті жыл мергеншілік етіп жүріп, бүгін өмірімде көрмеген бір уақиғаға ұшырап және тілі жоқ үш маралдың сілтеуімен саған келіп отырмын», – деді де көрген оқиғасын айтты.
Сонда Ақбай айтады: «Менің бұл тауға көшіп келгеніме алты ай болды. Соның өткен үш айы менің өмірім үшін көңілді өтті. Соңғы үш айы өте ауыр болды. Себебі, қолымда адамның не ойлағанын орындайтын қасиетті жүзік бар еді, соны аң аулап жүріп жоғалтып алғаныма, міне, үш ай болды. Мен бұл тауда ондай оқиғаны ұшыратқаным жоқ, оны мен білмеймін. Мүмкін, менің сол жоғалған қасиетті жүзігімді тауып алған марал шығар», – дейді.
Маралдың айтқан сөзін елемей, Сұрмерген Ақбайға бір күн қонақ болып, азанда еліне қарай аттанады, бірақ жол тауып жүре алмай, қанша жер жүрсе де Ақбайдың отауына қайтып келе береді.
Сонда ғана маралдың «ендігі өмірің Ақбаймен бірге өтер» деген сөзі мен үш ауыз өлең Сұрмергеннің есіне түседі. Үш маралдың өлеңін айтқанда, Ақбайға да үлкен ой түседі. «Адал еңбек етсін» жөне «шыдасын» деген сөзі қалай? Сол үш марал болып жүрген сол Бибісараның өзі мен екі сіңлісі емес пе екен?
Содан кейін Ақбай: «Қайда барсам да еңбексіз рахат жоқ екен. Не де болса өзім тұрған бұлақтың басын бақшаға айналдырайын, әрі уақытым өтсін, әрі өзім тұрған жер гүлденсін», – деген ойға келіп, бау-бақша еге бастапты. Сөйтіп, Ақбай мен Сұрмергеннің тұрған жеріндегі бұлақтың басы бау-бақшалы жерге айналыпты. Сол жерге ұшқан құсқа дейін бір айналмай кетпейтін болыпты.
Бір күні Сұрмерген екеуі судың шетіндегі алма ағаштың түбінде отырса, баяғы үш марал келіп, су ішіп тұрып: «Сұрмерген, жамандыққа жақсылық деген, сен адам болсаң да тау кезген аңнан жаман болдың. Сөйтсең де саған жамандық етпедік. Енді жақсы жолға түстің де жақсылық болатын күн жақын қалды», – деп жүріп кетіпті.
Марал кеткен соң, Ақбай мен Сұрмерген маралдар су ішіп кеткен жерге келсе, бір жапырақ тасқа жазған жазуға көзі түсіпті. Жазуды оқып қараса, екі ауыз өлең екен:
Сен, Ақбай, дүниеге неге келдің,
Жолында Бибісара не көрмедің?
Бақытың ашылуға қалды жақын,
Жолдас деп дүниені көзге ілмедің.
Қыртысын қара жердің қақ айырып,
Еңбекті арман етіп енді көрдің.
Бізді күт үш күннен соң осы жерден,
Жүзікті тауып алған бермек едім, – деп жазылыпты.
Мұны оқып көріп: «Бізге де атар таң бар екен ғой», – деп қуанып, маралдың уәделі үш күнін күтіпті. Сол сәтте су ішуге келген маралдар: «Жүзік саған, бау-бақша бізге», – деп, жортып жүре беріпті.
Ақбай жүзікті алып, Сұрмергеннен: «Еліңіз қайда?» – деп сұрапты. «Елім алыс емес, осы жерден үш күндік жер», – депті Сұрмерген.
Содан кейін екеуі жүзікке мініп ұшып, әуелі Сұрмергеннің еліне келіпті, одан соң Ақбай еліне жетіпті.
Сөйтіп, Ақбай он бес жылдан кейін ата-анасына келіп, үлкен той жасапты. Ата-анасының туған жеріне де бау-бақша егіп, туған жерін жазираға, сыңсыған орманға айналдырыпты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?