Бір өгіз

 Бір өгіз

Бір шал мен кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Сол сиырдың сүті олардың қорегі екен. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай, өліп кала беріпті.

Жылдар өтеді, шал-кемпір қартая түседі Ал бұзаулардың бұрынғыша өлуі тоқталмайды.

– Қой, болмас, – дейді, бір күні шал кемпіріне, – бір жылға бір нәрсе етіп шыдармыз. Сиырды саумай-ақ койшы, бұзауы өссін.

– Жарайды, – деп, кемпір де келісе кетеді. Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарыға тұрса да сиырды саумай, барлық сүтті бұзауға береді. Енесінің сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болады. Келе-келе ол өзінің семіздігіне мастанады. Оған мынандай ой келеді: «Осындай зор денемен сиырлардың арасында жайыламын. Жоқ, бұл лайықсыз, түйелерге қосылайын». Сөйтіп, ол түйелерге қосылады. Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша-ақ түйе болуға тырысып бағады. Солардың жеген шөбін жейді, олармен шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында, шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмай: «Жылқыларға барайын, түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар», – деп ұйғарады. Сөйтіп, жылқыға қосылады. Бірақ бұл да жайлы тимейді. Солардың санатынан қалмай шауып жүремін деп титығы құриды. Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады. Бұл ілесе алмай, айдалада қалады. Бақытына қарай, қыр астында сиырлар жайылып жүр екен. Өгіздің өкірген даусын есітіп, жолдасын мүйіздерімен қорғай жүріп, қасқырдан құтқарып алады. Өгіз қуанғаннан жылап жіберіпті.

– Өз тобыңнан бөлінсең, көрер күнің осы екен, – депті, ол жасын сүртіп тұрып. Өгіздің бұл сөзі бұзауларға тәлім болыпты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 101



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?