Асқар Алтай | Стақан
Қолына қалам алып, жинақтаған ойын қағазға түсіре бергені сол еді, тырс-тырс етіп терезе әйнегі шертілді. Жәнібек еріксіз жоғары қарады. Жертөле — “подвалда” тұратын Жәнібектің жанары кісі бойы биікке салынған жартыкеш терезені шолды. Үйдің тыстағы іргетасының бір бүйірінен жермен-жексен етіп тесе орнатқан терезесымақтан күн сәулесі тура түспесе де, құдайдың жарығы алақандай бөлмеге жарып өтетін. Ал кішкене бала еркін сыйып кетерлік жартыкеш терезе орыстардың әдетімен темір торлы әрі ашылма топсалы еді.
Жәнібек осы терезеге көзі түсіп кетсе, өзін абақтының аядай камерасында отырғандай, бір салқын күй билейтін... Қазір де сол бір сезім тұла бойын жайымен аралап өтті.
Терезе көзінен әлдебіреудің алақаны көрінді де, саусақтары шынысын тағы қақты. Жәнібек еріксіз орнынан тұрды. Қос қабат терезені ашты.
Тыстан көктемнің салқын, дымқыл ауасы лап қойды.
— Амансыз ба, жерлес? — деген орысша дауыс естілді.
Іле-шала жүзін жирен түк басқан бас та көрінді. Сауыс-сауыс сары шашты бас аузынан аңқыған арақ иісі Жәнібектің қолқасын атты. Жәнібек кері шегінді.
— Туысқан, кешіріңіз! Мынау стақанды бере салыңызшы! —деді әлгі алба-жұлба бас.
Жәнібек сонда ғана байқады: терезе алдындағы жалпақ бетон ернеуде қырлы стақан тұр екен. Бұл әлгі күлімсі бастан тезірек құтылғысы келіп, екі жүз грамдық стақанды жалпақ алақанға ұстата салды. Стақан кесек алақанға жұтылып-ақ кетті.
Стақанмен бірге бас та, иіс те ғайып болды...
Сонда ғана Жәнібек:
— У-ух! — деді.
Бұл жерасты бөлмеге кеше ғана көшіп келген. Әйелі кішкене ұлын алып ауылға кеткен еді, алдағы май айында Жәнібек тарихтан кандидаттық диссертациясын қорғамақ, соның қамымен ағайын-туысқа “жылу” жинап дегендей. Мал сатса да, сеп қой... Ал жолдасы кетісімен-ақ, бұрынғы пәтерінен қожайыны үйімді сатам деп сылтауратып, қуып шыққан. Қапелімде бұл жайлы пәтер таба алмай, амалсыз қуықтай жертөлені жалдаған.
Жәнібек жартыкеш терезе алдына жақын қойылған үстеліне кеп отырды. Терезеге бір сәт басын кегжите көтеріп қарап қалды да, көзі бағжиып кетті. Терезе көзінен тізілген балтырлар көрінді. Әлде неге кезекке тұрғаны анық еді. Әйел затының тоқ балтырлары, еркек кіндіктінің кең шалбарлары көзге ұрады.
— Тфу! — Жәнібек ыза боп кетті.
Орнынан атып тұрып, қабырға жақтағы қос кісілік ағаш төсектің үстіндегі жастықты алып, терезе шегенделген ойықты тығындады. Бөлме іші қараңғы тартып кетті. Ауыз үйден ғана болмашы сібірлеген жарық түседі. Еріксіз электр жарығын қосты.
Әлден уақта ол: “Қазақ халқының жеке ұлт ретінде рухани жақтан түлейтінін түсінген Жәнібек ханның асыл мұратын Кенесары хан да бек түйсінді. Сондықтан ол рухани тәуелсіздікке қол жеткізуге тырысты...” деп сүйкектете жаза бастады.
Жәнібек жертөле бөлме іші қоңыр салқын болса да, тынысты ашар көктемнің соны лебін аңсап қояды. Оған бірақ балтыр кедергі... Жарық дүниемен жалғастырар жартыкеш терезе тығындаулы. Басқа лаж жоқ. Мұның пәтері ығы-жығы жермешел үйлердің арасында еді.
* * *
Терезе бүгін тағы шертілді...
Тарихшының да бір аптадан бері еті үйреніп алған еді. Бұл таңертеңгі тоғыз болмай, әлгі белгілі нас басқа стақанды береді. Кешкі жетіден өте жуан қолдан стақанды қабылдап алады. Стақанның да өз орны бар. Ол Жәнібек бұл үйге көшіп келмей тұрғаннан бері белгіленсе керек. Соған қарағанда, стақан жай емес, осы үйде, осы жерде сақталып қалған тарихи реликвия сияқты.
Стақанның сырттағы қожасы ыдысты бұған бос әкелмейді. Міндетті түрде елу грамдай түбіне қалдырады... Оған Жәнібек те үйренді. Алғашқы жолы стақандағы сарқыннан жиіркенген де, әрі таңырқаған да. Тыстағы қожайынның жуан басын азаннан “жазатыны” ғой деп ойлаған.
Олай болмай шықты. Ол стақанды терезесінен енгізіп, ернеуіне қойдырып жүргені — үйдегі қожайынға арнайы қалдырған сарқыны — “сарқыты” екен. Тіпті құрметі болса керек.
Жәнібекке ертеңгісін келе-сала, “Неге ішпедің? Саған арнайы қалдырдым ғой... Ішпесең ренжимін!” деп, “сарқытын” ішкізіп кеткен. Содан бері күні бойы жападан-жалғыз жазуын айналдырып отырған Жәнібек те қамшы салдырмайтын болды. “Сарқыт” та түрлі түсті: кейде қызыл, кейде ақ.
Сырттағы бейтаныс қожайынның “сарқыты” кешке жақын бой-бойын босататындай, еркін тыныстататындай күйге түсіретін. Дәндеп алғаны сондай, күн кешкіре бастаса-ақ, жастықты алып, жартыкеш терезені жарым-жартылай ашып, елеңдей күтетінді шығарған.
Ал кеше түнде бұл диссертациясына соңғы нүкте қойды... Ғылым академиясындағы бөлімі мен жетекшісінің өткенде айтқан ескертулерін түгел түзетіп, жалпы жұмысының мұртын бастырып шыққан. Енді қорғауға жіберсе де болады. Сондықтан бүгін бір демалып, ертең жұмысына барады. Қорғау күнін белгілетеді.
Терезе қағылғанда, бұл қалаға шығуға сақадай әзір еді. Жуынып-қырынып, мұнтаздай киініп те қойған.
Еріксіз терезеге беттеді...
Арғы жақтан таныс сауыс бас, таныс жүндес қол көрінді.
— Амансың ба, туысқан?
— Өзің аманбысың?
— Әзірге тірі жүрмін... О-о-о! Киініп алыпсың ғой. Дұрыс-дұрыс! Қашанғы отыра бересің? Далаға шық! Мұнда кел! Менің өмірімді де көр...
— Жарайды, — деп қалғанын Жәнібек өзі де түсінбеді, сосын: — мейлі, қазір шығам, — деді.
Жәнібекте стақан иесін де бір көрейінші деген қызығушылық сезім бой көтерді. Ол жұқа пальтосын иығына іле салып, тысқа жөнеле берді.
Жертөле бөлменің сыртқа шығатын есігі де, көшеге өтетін қақпасы да үстіңгі қабаттағы үй иесінің кіріп-шығар есігінен бөлек еді. Жәнібек үйді айналып келгенде, арақ-шарап сататын ләпкенің алдында біраз жұрт иіріліп қалыпты. Жәнібек өзі іздеген адамды бірден-ақ таныды. Оның жүнді жүзі де, қырлы стақаны да етене боп кеткен еді.
— Халің қалай? — Жәнібек қолын берді.
— Құдайға шүкір! — Ол бұған сынай қарады.
Галстук таққан жып-жинақы түрін жақтырмай тұрғандай. Жәнібек те бастан-аяқ сүзіп шықты.
Ең арысы — қырықтың ішінде, бірақ жасына жетпей қартайып кетіпті. Жүзін жүн басып, қабағын қыртыс-қыртыс әжім торлапты. Беті — ісік, көзі — суалыңқы. Сол жақ көзінің астын соқа сойып кеткендей, терең тыртық тартылған. Ұйыса өскен жирен сақал-мұртына бит балалап, селдір-сауыс шашын сірке басып кеткендей екен. Өңі — жүдеу. Үстінде көнетоз киім-кешек. Бірақ кеудесі көтеріңкі, иығы да түсе қоймаған.
— Туысқан, — деді ол әдетінше, — Василий Шуманов — жұмыссыз.
— Жәнібек Шотбаев — аспирант.
— Жәнібек... Женя десек те болады.
— Иә.
— Женя, онда бірдеңе алсаңшы! Қаңсырығым кеуіп тұр.
— Жарайды. Бүгін аздап демалуға болады... Бірақ бұ жерде қалай болар екен?!
— Ә-ә! Оның жарасы жеңіл. Мына жақта біздің күркеміз бар.
— Хі-ім!.. Мейлі, сен де құдайдың пендесісің ғой.
— И-ә-ә, ер жігіт екенсің. Женя, бір бөтелкесін бір-ақ... Ақ болса, тіпті жақсы.
— Ішкен соң, тазасын ішейік!
— Женя, кеттік күркеге...
Василийдің күрке дегені — өртеніп кеткен дүңгіршек екен. Іші күйе болса да, күнде ләпкеден банка, тағы оны-мұны ыдысқа құйдырып алып ішетіндер дүңгіршек ішін етек-жеңдерімен сыпырып-ақ тастапты. Ішінде тағы бір-екеу отыр.
— Женя, мұнда кел! — деп Василий үстіндегі курткасын төңкерілген ескі, қаңылтыр шелек үстіне төседі.
Күн жылы еді. Жәнібек пальтосының өңірін ашып тастады. Мына жерді жақтырмаса да, келіп қалған соң қайта алмады. Оның үстіне тілі қышып, қолы сумаңдап бір жартыны да алып қойды. Табиғатында жынды суға үйір болмаса да, кет әрі емес еді. Енді шегінуге кеш боп қалды... Бірер рет тастап жіберіп, мына “Турчатниктен” шығып кетем ғой, жатақханаға барып, аспирант қыздармен қалжыңдасып, реті келсе ойнап-күліп дегендей, бір түн жігіттік жасап қайтам ғой деп ойлап үлгерді.
— Женя, ал алып қояйық, таныстық үшін!
— Давай!
Өзегін “Парламент” өртеп өтті.
— Темекі тарт. Жеңіл болады. Алғашында бәрі осылай... Кейінгілері суша кетеді.
— Вася, қышқылдау екен.
— Әрине, не қымбат, сол — ащы... Давай, тағы бірді...
— Ух!
— Ғажап! Женя, көзің шырадай жанды.
— Сайтан атсын!
— Қой, олай деме! Бұл да адам үшін жасалған, Женя, адам үшіннің бәрі — сендерше Алланікі... Демек бұл да қасиетті.
— Мейлі, алсақ болды емес пе?!
— Әрине, Женя! Давай, сен үшін! Сендей мәрт жігіт үшін! Сендей жігіттер аз қалды ғой!.. Давай!
— Давай!
Екеуі де тартып-тартып салды. Екеуіне бір стақан...
— ...Түһ, аш құрсағыма түсіп кетті! Сен күнде қалай ішіп жүрсің?
— Менікі спирттеліп қалған, Женя.
— Вася, жұмыссызсың, ә-ә!? Сонда ішуге қайдан табасың? Әлде “подпольный миллионер”? Ә-ә!
— О-о! Ол менің бизнесім... Құпия.
— Вася, тағы да бір құйып қой, бірақ енді сен ішпейсің!
— Женя! Женя! Сен ренжіп қалдың ба? Қой! Менің бизнесім былай — таңертеңнен кешке дейін ләпкенің аузын аңдимын. Ана түрік Хасан қуса да кетпеймін. Кейде ол сабап та тастайды. Қу құлқын бірақ, мені осы жерге байлап қойған ғой... Сонымен өзің секілділер кеп қалады, көбісінде стақан, рюмка деген жоқ. Менің қырлы стақаным, міне, сол кезде кәдеге асады, бауырым! Олар да риза, мен де риза! Вот бесплатный бизнес. Бұл — сиқырлы стақан... қадірлі стақан, тарихи стақан, өйткені бұған кімнің ерні тимеді. Жынның да, жындының да... Сенің алдыңда пәтер жалдап тұрғандар да бұл стақанның дәмін талай татқан...
— Ха-ха! Қусың‚ ә-ә‚ Василий...
— Енді онсыз бола ма? Барлық құдірет стақанда тұр ғой... Женя‚ аз секілді... Қалай ойлайсың‚ бүгін сенің бір демалатын күнің. Мені де риза қылып отырсың. Мен үнемі айтып жүрейін өзіңді‚ тағы бір шиша алып берсеңші! Құдай үшін‚ бауырым! Алла риза қылсын сені! Шын тілегім!
— Ә-ә, мейлі! Алсақ — алалық! Бар‚ жүгір! Жете ме?
— Е-еһ‚ Женя! Таптырмайтын джентельменсің... Мен қазір! Жәнібек өзінің қызып қалғанын бағамдады. Іш жағынан арақтың қызуымен‚ сырттан көктем күнінің жылуымен балқыған бұл апта бойы апанынан шықпаған аюдай‚ бой-бойы балбырап алған. Өзін әлі де шарап буы жетпей тұрғандай сезінеді. Көңілі де көкжиекті аңсап көрген жандай көтеріңкі күйге бөленген. Дәл қазір бір-екі рет тастап алғанды жөн деп отыр. Арғысын тағы көрер... “Мейлі... Ең көбі — қыз-қырқынға ертең барар. Бүгінше Василиймен бір тойласын!”
Василий да әп-сәтте ат арқан жерден жүгіріп келді. Ол бірден-ақ Жәнібектің көзі кілегейлене бастағанын байқады.
— Вася‚ әкел-л-дің бе? — Тілі де күрмеле бастапты.
— Әкелдім‚ бүркітім!
— Ва-а-ась... құйшы! Мейлі...
— Қазір, сұңқарым, қазір. Тіске басар да әкелдім.
— Молодец, казак! Атаман боласың…
— Рахмет, Женя! Мен казакпын ғой. Дәл таптың.
— А-а-а, мен білем, Вася, мен бәрін де білем! Қаңғырып жүрген казактар…Сен қандай казаксың?
— Жетісулық… Атам Верныйға келіпті, Сибирь Шуманов… Нағыз казак болған.
— Молодец! Мейлі, сен бірақ бәрібір Сібірден келгенсің. Қаңғыбас!
— Жо-о-оқ‚ Женя! Алып қойшы! Мен жерлікпін. Верныйлық казак. Алматинец.
— Мейлі! Давай‚ денсаулық үшін!
— Денсаулық үшін!
— Түу! Ащы қияр‚ сасық капуста... Қайдан әкелдің?
— Хасан түріктікі. Женя‚ ол түрік емес‚ сен білемісің? Ол — курд... Өзін түрікпін деп қояды.
— Ол неге олай дейді?
— Женя‚ ол: қазақтар өздерін “түрік” дейді... Сондықтан мен де “түрікпін” деп қоям дейді.
— Вася‚ кеттік Хасанға! Ол неге қазақты алдап жүр? Көрсетеміз оған! — деп Жәнібек тәлтіректей орнынан тұрды. — Ақымақ! Ол кімді алдамақ?!
— Женя! Қой! Ол — оңбаған‚ қатыгез адам... Керегі жоқ. Одан да ішейік! Мә‚ ал!
— Сен не‚ қорқасың ба?
— Қорқам! Онымен байланыспайық. Олар — мафия. Бәрі арақ сатумен, арақ жасаумен айналысады.
— Мафия! Ха-ха-ха! Тапқан екенсің мафияны... Ә-ә‚ мейлі ішейік!
— Мұның жөн‚ Женя!..
— Мейлі!
... Күн түстен ауа Жәнібек Василийге сүйеніп‚ екеуі де жертөле бөлмеге кеп жығылды. Василий бірақ тарихи стақанын ұмытқан жоқ. Қалтасына салып ала жүрді.
* * *
Василий оянып кетті. Шөлден бұрлығып жатыр екен. Төсекке шешінбестен құлапты. Басы да сынып барады. Едендегі ескі сырмақ үстінде шалқасынан түсіп Жәнібек жатыр. Қаннен-қаперсіз қор-қор етеді.
Көктем күні еңкейіп кетсе керек‚ бөлме іші — ала көлеңке. Василий әлдене есіне түсті ме‚ орнынан атыла тұрды. Жерде жатқан Жәнібекке төніп‚ оны жұлмалап жөнелді. Ол болса‚ бірақ былқ етер емес. Қойны-қонышын ақтарып жатып, әжептәуір ақша тапты. Ақшаны күректей алақанына уыстаған күйі тысқа ұмтылды. Абырой болғанда‚ Василий күрт Хасанның ләпкесіне үлгерді. Ол әлі жаба қоймапты. Адам да жоқ екен. Хасан бұған не іздеп келдің дегендей, ежірейе қарады. Василий еңгезердей ләпкешімен иықтас болса да‚ қасқыр көрген қояндай қалтырады да қалды. Қолдары дірілдеп‚ бар мүкәммалын ұсына берді. Сонда ғана Хасанның езуі жиырылып‚ сойған қасқырдай күрек тістері ырсиды.
Ақшаны үн-түнсіз жытқырып жіберген Хасан:
— Қайсысы керек? — деп барқ етті.
— Ақ‚ — деді Василий.
Хасан бір шөлмекті алып‚ үстел үстіне түбімен дүрс еткізді. Василий селк ете түсті. Қолын бірақ араққа соза қоймады. Хасан да тесіле қарады. Енді Василий де орыстығына басып‚ көзі шатынап‚ қасара қалды.
— Тағы да бер! — деді.
— Аз ба?
— Аз. Мен мол бергем‚ — деді.
— Жоғал! Азғын!
— Хасан‚ құдай үшін‚ қожайынның ақшасы ғой... Мені өлтіріп тастайды. Рақым ете гөр!
— Мә‚ малғұн! — Хасан тағы бір шөлмекті дүрс еткізді. — Кет бар‚ алқаш!
— Рахмет! Рахмет! Исус алқасын!
— Жоғал ары‚ есуас! Исусың өзіңе...
Ол бөлмеге кіргенде‚ Жәнібек әлі “өліп” жатыр екен. Бұл келе сала жан қалтасындағы стақанын алып‚ шөлмектің аузын стақан ернеуіне тигізе құйды. Шыны шыныға тиіп сылдырлап кетті. Мөлдір суды толтыра құйған Василий бір-ақ тартты.
— У-уа! Жаным-ай!
Үстел басындағы жалғыз арқалы орындыққа отыра кетті. Қалтасынан шылым алып тұтатты. Ала көлеңке бөлме ішіне енді ғана зер салып қарады. Бір бұрышта еденнен бетон төбеге дейін тіреп кітап жиналыпты. Қасында әлдеқандай семіз‚ қағаз папкалар бетіне тізіле қойылған ағаш шкаф. Бір жақ қысқа қабырғаны алып жалпақ ағаш төсек тұр. Үстіне мол етіп салынған көрпе-жастық пен қытайдың қалың одеялы ұйқы-тұйқы. Қарсы қабырғаға тақыр кілемше керіліпті де‚ оның бетіне үш киім ілгішке кидірілген біркиер киім-кешек ілініпті. Бөлмеде басқа басы артық-ауыс ештеңе жоқ. Тек үстел үстінде өзі әкелген екі шөлмек арақ пен стақан‚ бір қорап темекі ғана.
Василий ыбырсып жатқан ауыз бөлмеге шығып‚ газға шай қойды. Суық су ішті. Шай қайнағанша ескі тоңазытқыш ішінен суыған ет‚ сары май шығарып‚ нан турап‚ қант салып‚ жатын бөлмеге үстелді жасап жіберді. Жәнібекті жұлқылап жүріп оятып‚ бетін мұздай сумен жудырды. Ол да ес жиғандай болды. Үстелді төсекке жақындатып‚ екеуі еміне шайға отырды. Шайды орындықты иемденген Василий құйды. Жәнібек алғашқы бір кесе шай мен бір стақан арақтан кейін ғана жан шақырды.
— Вася‚ мен мас боп қалыппын ғой... Мұнда қашан келдік?
— Женя‚ бәрі ойдағыдай‚ сен еш қам жеме! Ештеңе бүлдірген жоқсың.
— Мен‚ не? Бірдеме істемек болдым ба?
— Ә-ә‚ ләпкеші Хасанмен байланыспақ болдың‚ мен бірақ алып кеттім. Ол — оңбаған адам... Милиция шақыртып‚ шырылдатып тұрып салып жібереді. Әсіресе сен секілді интеллигенттерді... Олардың қалтасын “мусорлармен” бірге қағып алады. Аналар да соған дәндеген... Жә‚ алып қояйық!
— Мейлі‚ алсақ — алайық!
— Сен қағазды ғана кеміруші ме десем‚ спиртті де бір адамдай сілтейді екенсің... Іше білу керек.
— Вася‚ студенттік шақта шайқадық қой... Үйленгелі қайта азайттық. Күн көру де оңай емес. Әйтеуір әйелім қызмет істейді. Менікі пәтерақыға зорға жетеді. Мемлекет деген ілім-ғылымды ұмытты ғой...
— Женя‚ сен керемет мәрт жігітсің! Мына заманға бірақ ондай адамдар керегі жоқ. Бір кезде мен де сен сияқты едім... Мен тастап жіберейін‚ ә-ә!
— Көтеріп қой!
— Сауда істемейсің бе‚ Женя? Басың істеп тұр. Мен секілді қор болмайсың.
— Соны өзім де ойлап жүрмін. Сауданың да бірақ, мәні кетті ғой‚ тауар деген жын атады... Осыны қорғап алсам‚ компьютер орталығын ашсам деймін. Мен кезінде тарих деп‚ “Политехті” төртінші курстан тастап кеттім ғой.
— Ә-ә, солай ма? Айттым ғой, сен тегін адам емессің... Білімдісің... коммуникабельный...
— Е-е‚ қойшы! Сен де айта береді екенсің. Мейлі... Құйшы!
— О‚ не дегенің?! Бұл күн‚ бұл шөлмек сенікі емес пе?! Алып қой‚ тартынба!
Жәнібек те толтыра көтерді.
— Вася‚ мынауың су секілді кетті ғой...
— Айтып ем ғой‚ әлі-ақ суы қайсы‚ уы қайсы — айыра алмай қаласың деп... Ал‚ бауырым! Ал‚ туысқан!
— Мейлі! Өзің де...
— Әрине!
— Вася‚ сен өзің кімсің? Казаксың... оны білем. Отбасың бар ма?
— Қайдағы отбасы?! Мен де бір қаңғырған қаңбақпын...
— Мейлі... сонда да... Сен де сау сиырдың жапасы емессің.
— Е-ех‚ Женя! Жараның аузын тырнап отырсың... Мен бір алып қояйын‚ рұқсат ет!
— Мейлі‚ алсаң ал! Маған бірақ ішек-қарныңды ақтарып‚ қатырып әңгіме айтасың... Тарихшылар тыңдағанды‚ сөйлегенді‚ сосын ішкенді жақсы көреді. Ұқтың ба?!
Василий толы стақанды бір-ақ төңкерді.
— ... Женя‚ мен құдай жазалаған адаммын... Өйткені еврей қызына өлердей ғашық болып‚ соған үйлендім. Елеонора өте сұлу‚ ақылды еді. Ақыры мені тастап кетті... Жо-жоқ‚ ол емес‚ мен кетіп қалдым! Ана бір жылдары Одақ құлап‚ жұрт жан-жаққа тарақан секілді тырағайлап қаша бастағанда‚ Нора да‚ туыстары да көшеміз деді. Мен зауытта мастер болатынмын. Туған қаламнан кеткім де келмеді. Нора: “Менімен жүрмесең, осында тентіреп қала бер. Бұл қаланы құдай да ұмытып кеткен” десін. Қойшы‚ сонымен Польшаға кеттік. Варшаваға тақау деревнядан үй алдық... Женя‚ кешірші‚ тамағым құрғап қалды. Ішім де күйіп барады. Бір алайын!
Жәнібек үндемеді‚ Василийдің көзі жасаурап кетіпті.
— Сен Нораны әлі сүйесің ғой... Солай ма?
— Иә! Ұлым бар ғой... Қимаймын! Женя‚ рұқсат етші!
— Е-е‚ мейлі!
Василийдің жүн-жүн жүзіндегі қиналыс ізі жым-жылас болды.
— Варшаваны тастап кеттің бе?
— Тастадым... Алматыны‚ Алатауды аңсадым да тұрдым. Салтына да үйрене алмадым. Адамдары да салқын екен.
— Әйелің қал демеді ме?
— Үндемеді. Ұлым да тіс жармай қойды... Олардың сол бір ызасы да өтіп кетті ғой деймін‚ поезға бір-ақ қарғыдым. Нора біраз ақша салып берген. Сонымен әкемнен қалған ағаш үйге келгем‚ әпкем есігінен де қаратқан жоқ: “Еврейкаңа бар” дейді. Мен де қырсықтым да қалдым.
Бардым да моншаға кіріп алдым... Міне‚ Женя‚ менің өмірім!
— Мейлі‚ — деді Жәнібек тілінің мәйегі “мейліні” қайталап. — Василий‚ қатыннан жолың болмапты. Мейлі! Басың аман болсын!
— Жо-о-оқ! Женя‚ әйелден жолым болды ғой‚ мен ақымақ қадіріне жетпедім ғой... Нора‚ ей богу‚ тамаша әйел болатын! Менің бар қояншықтығымды көтерді ғой. Мендей жынды казак не істемеді? Талай рет аузым ий сасып‚ көшеде төбелесіп‚ үйде жанжал шығаруға жуан жұдырығымды дайындап келсем де‚ асты-үстімнен түсіп‚ аймалап-өбіп қарсы алатын... Е-е-еһ‚ ондай әйел қайда?! Мені ел қатарына қосып‚ адам қылды ғой. Тірі жүргенім — соның арқасы... Әйтпесе баяғыда Сібірде сүйегім тоңға қатып жатар ма еді‚ Женя!?
— Мейлі... Вася‚ жылама! Алып қой! Қатын үшін қайғырма! Қайырылма!
— Жігітсің сен‚ Женя! Еркексің! Тарихшы... Сенікі қандай тарих?
Жәнібек те масайған сайын “мейлісі” көбейді.
— Мейлі‚ Вася... Қазақ тарихы... Қазақ Ордасы тарихы.
— Қалай? Қазақ Ордасы... “Алтын Орда” есімде! Қазақ Ордасы‚ ей богу‚ Женя‚ тәңірім жарылқасын! Естіген емеспін.
Сол-ақ екен‚ Жәнібек түсіндіріп ала жөнелді. “Қазақ хандығы — Қазақ Ордасы” деп біраз әңгіменің басын шалды.
— Женя! Сен ренжімеші‚ туысқаным! Менің мына арақпен уланып‚ шылыммен кеуіп қалған миыма ештеңе кірер емес. Кешір! Қазақтардың тарихы — көмулі жатқан Әли Бабаның қазынасы... Нағыз шындық‚ нағыз тарих жабулы ғой.
— Мейлі! Мен сол қазына қақпасының кілтін таптым. Вася‚ “Қазақ Ордасының тарихы” деген 400 беттік монография жазып қойдым. Соның алғашқы бөлімін ғана ықшамдап‚ кандидаттық диссертация қорғаймын.
— Ә-әй‚ Женя‚ ақылды адамсың! Сонда қалай деп қорғайсың?
— “Қазақ хандығының құрылуы және оның тарихи-әлеуметтік себептері”. Сен бірақ түсінбейсің!
— Иә‚ түсіне алмаймын... Бірақ маған Нора бір нәрсені тәуір оқытқан.
— Ол не? Мейлі...
— Ә-ә‚ ол — еврей халқының мұрасы: “Катехизис” ... Мен тарихты жақсы білмеймін: орыс тарихын да‚ казачество тарихын да ... Қазақтардың тарихын тем более‚ бірақ “Катехизисті” оқығам. Нораның бағына‚ менің сорыма түк те миыма кірмеді. Елес-елес‚ еміс-еміс бірдеңелер ғана...
Онда сен айтып отырған тарих атаулыны керісінше жазу керек дейді. Ұлттардың ұлт екенін‚ кім екенін ұмыттырып‚ тілдерін “каша-малаша” қылып жіберу керек деген. Онда...
Бұл екеуі шатып-бұтып ұзақ отырды. Ақыры удай мас болып‚ екеуі екі жаққа серейіп түсті. Түн ортасы ауып кеткен. Жарық өшпей қалған.
* * *
Жәнібек жаныға оянды. Қуығы жарылайын деп жатыр екен. Басы — шойындай‚ миы — мең-зең. Тәлтіреңдеп тұрып‚ қабырға жағалап‚ тысқа шығып келді. Мұның тасыр-тұсырынан Василий де оянды. Ол шылым тұтатты. Өзі төсек үстіне шығып алыпты. Жәнібек оюлы сырмақ үстіне қуып түсірді. Төсекке шешінбестен өзі құлады.
— Жарықты өшір‚ албасты! — деп айқай салды. Кешікпей керенау ұйқыға кетті...
Василий жарықты өшіріп‚ шылымының шоғын қызартып‚ бірталай отырды. Шоқиып отырып үстел үстіндегі стақан мен шөлмек түбінде қалған сарқынды қотарып салды. Тағы темекі тұтатып‚ жамбастай қисайды. Сол бойында аузынан су ағып‚ ұйықтап кетті. Ал аңдаусызда сермеліп қалған қолынан ұшып кеткен шылым тұқылы аяқ жағындағы бұрышқа жиналған кітаптардың арасына барып түсті. Жәнібек те‚ Василий де қатты қорылға басқан сәтте қатталған мол кітаптың етегінен от көрінді. Жалынның жарығынан қараңғы бөлменің ішін қараң-құраң толқынды сәуле қыдырды.
Қақ бұрыштан көтерілген көп кітаптың жалыны маңайын тез-ақ жалмай бастады. Солықтаған иттің тіліндей жалаңдаған от алдымен ағаш шкафты‚ оның үстіндегі қолжазба салулы семіз папкаларды орап алды. Өрт жалыны жиюлы кітапты бойлай бетон төбеге жетіп‚ кері шалқығанда‚ етегі едендегі қазақ сырмағының шетіне іліккен.
Жәнібек пен Василий бірақ сезер емес. От қызуын да сезінер емес. Қайта іштегі жалын мен тыстағы жалын жандарын жайландыра түскендей‚ қамсыз қорылдайды. Қу қарағаштың шірік діңін кеулеген шоқтай‚ бұрыштағы төбе бойы тік тұрған кітаптарды оранған от бағаны үйдің ортасына қарай оқыстан құлады. Шоқтанған кітап жалы жерде жатқан Василийдің аяғын басып қалды.
Василий сонда ғана бажылдай‚ ал Жәнібек барқырай оянған...
Алғашында түкке түсінбей‚ оттың қып-қызыл сәулесі қыдырған көрдей бөлмеде бір-біріне жалаңаш қол ұмтылды. Құшақтары айқаса кеп түскенде ғана тамұқ емес, өңдері екенін аңдап‚ шығар есікке екеуі де ессіз үреймен қарғи секірді. Тар есікке тығындай кептелді де қалды.
Іле ірей тіресіп ауызғы бөлмеге‚ одан сыртқа да шықты-ау! Таң қылаң беріпті. Көктемгі таза ауа күйік қолқаларын қауып қалды. Екеуі де екі жаққа бұрыла жер тізерлеп, бұрала лоқси берді. Ал таң бозы тән тоңазытарлық ызғарлы еді.
2003 жыл, наурыз

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?