file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Үш қу

 Үш қу

Бұрын бір таз, біреуі жалақ, бір көзі ауырған үш адам жолдас болған екен. Әркайсысының кеселі бар, таздың басы қышып, көзі ауырған көзі қышып, жалақтың ерні тырысып, әрқайсысы басымен әлек болып келеді, сонда бұлар ақылдасып, бүйтіп кор болғанша уәде етелік, басты қасымасқа, көзді сипамасқа, ерінді жаламасқа деп бәс қояды. Қайсымыз уәде бұзсак, ат-тонымыз олжа болсын дейді. «Мақұл» десіп жүріп кетеді. Бір жерге келгенде көзі ауырған шыдамайды, бір қулық ойлайды.

Жолдастарына айтады: «Мен жасымнан мерген едім, оң жағымнан келсе де, сол жағымнан келсе де атып түсіруші ем», – деп бір қолын кезеп, бір қолымен көзін сипап-сипап алыпты.

Мұны көріп таз айтады: «Мен де жас шағымда әбден мырза едім, ауылдың мына жағына келсем бөркімді былай киюші ем, ана жағына келсем былай киюші ем», – деп еркінше басын екі қайта қасып алыпты.

Сонда тұрып жалақ айтады: «Екеуіңдікі де өтірік», – деп ернін еркінше жалап алыпты.

Бірінікін-бірі білмейді, өздерінің қулықтарын өздері біліп кете берген екен дейді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 085



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?