Биология | Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы
Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы
Ас қорыту бұзылыстары мына себептер әкеледі:
1.Қоректенудің бұзылыстары.Қоректенудің белгілі тәртібі бұзылуы,ұзақ уақыт аш жүру, сапасыз қоректену,құрғақ тамақ немесе тым ашты тамақ қабылдау ж.б.;
2.Ас қорыту жолдарына жұқпалы аурулардың қоздырғыштары(іш сүзегінің, дизентерияның, тырысқақтың,тағамдық уытты жұқпалардың ж.б.) түсуі.Асқазанның созылмалы қабынуларын қарын қақпашысының шырышты қабықтарындағы эпителий жасушыларында өсіп-өнетін He licobacter pylori туындататыны бүгінгі күні белгілі;
3. Химиялық заттардың(ауыр металлдардың.салицилаттардың,алкогөлдің,никотиннің ж.б.),өсімдік уаларының(саңырауқұлақ ж.б.) ас қорыту жолдарына түсуі;
4.Иондағыш сәулелердің әсерлері(сәулелік ауру);
5.Өспелердің дамуы;
6.Стресстік жағдайлар,ауыр жан-дүниелік күйзелістер,жағымсыз эмоциялар ж.б.;
7. Жас балаларда аллергиялық серпілістер мен ас қорыту жолдарының даму ақаулары.
Ас қорыту жолдарының аурулары жиі тәбеттің бұзылыстарына әкеледі.
Тәбеттің бұзылыстары
Тәбет қарын ашу сезімінен ерекше сезім.Ол адамның белгілі тамаққа аңсары аууы.Тәбет ашылуы тамақ қабылдаудың бірінші минөттерінде,әсіресе күткен тағамның иісіне, түріне, тамақ қабылдайтын қоршаған ортаның эстетикалық жағдайларына пайда болады.Тәбет ашылуы ас қорыту жолдарының сөл өндіру және қимылдық әрекеттерін сергітеді.
Тәбеттің бұзылыстары мына түрлерде болуы мүмкін:
1.Тәбеттің көтерілуін гиперорексия деп атайды(грек.hyper-жоғары,көтеріңкі,orexis-тәбет).Осыдан адам мен жануарлардың ашқарақтығы немесе полифагия(грек.poly-көп, phagein-жеу) пайда болады.Тәбеттің көтерілуінің ең ауыр түрін булемия(bus-өгіз, limos-аштық) немесе мешкейік деп атайды.Тәбеттің көтерілуі мидың,эндокриндік бездердің аурулары(невроздар,тиретоксикоз,қантты диабет,инсулинома ж.б.)кездерінде,асқазанның кардиалдық бөлігін хирургиялық тәсілмен алып тастағанда байқалады.Тамақты көп қабылдаудың нәтижесінде дененің семіруі,осыдан қантты диабет,атеросклероз, зат алмасуларының бұзылыстары,артериялық гипертензия дамиды.
2.Тәбеттің азайуын немесе болмауын гипорексия немесе анорексия(грек.an-жоқ,жоққа шығару, orexis-тәбет)деп атайды.Тәбеттің азайуын немесе оның болмауы ас қорыту жолдарының қабынуларында,тәннің уыттануына және дене қызуы көтерілуіне әкелетін көптеген жұқпалы аурулар кездерінде,дене ағзаларына өспе дамығанда, кейбір эндокриндік бездердің ауруларында байқалады.Сонымен қатар ми қызметтерінің бұзылыстары,жағымсыз эмоциялар тәбеттің төмендеуін туындатады.Ұзақ уақыт тәбеттің болмауы адамның жүдеуіне,зат алмасуларының бұзылыстарына әкеледі.
3.Бұрмаланған тәбет-парорексия(грек.para-ауытқыған, orexis-тәбет)делінеді.Бұл кезде адам жеуге жарамайтын заттарды(бор,топырақ,көмір т.с.с.)жейді, кейбір есі ауысқан адамдар,тәнінде темірдің тапшылығы бар жүкті әйелдер,жас балалар бор,үйдің әгін жейді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?