Биология | Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар

 Биология |  Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар

Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар







Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық "жарылысы” пайда болады. Бұл жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың 1/3-нен аспайды.



Апат немесе зілзәлә нәубәті ауданында эпидемиялық ошақта бірінші инфекция көзін жалпы берілу факторы болса анықтау қиын, яғни эпид. процесстің бірінші звеносы болмайды, зақымдану көздері анықталмайды, тек қана берілу жолы пайда болады. Жұқпалы ауруларда "жарылыс” болады, содан кейін ғана эпидемия "соңын” науқаспен қатынаста болғандарды зақымдайды, тұрғындар тығыз орналасқан жерде, жанұяда, жұмыста, құтқарушылар арасында, науқастар мен зақымданғандарды көшіру жолында зақымдайды.



Бейбіт уақытта және "ерекше кезеңде” жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар.



Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар тұрғындардың денсаулығын сақтау мен күшейтуге, сонымен бірге, жұқпалы аурулардың алдын-алу мен эпидемиялық ошақты жоюға бағытталған. Бұл шаралар барлық АҚ жұмысы кезеңінде және зілзәлә нәубәтінің зардаптарын жоюда жүргізіледі.

Қалаларда, тұрғын мекендерде, халық шаруашылығы объектілерінде ЭҚШ-ды АҚ-тың сол жердегі бастығы, ал осы шараларды жүргізу жетекшілігі АҚМ қызметінің бастығына бүктеледі.

Бейбіт уақытта жүргізілетін шараларға жатады:

1. Жұқпалы аурулардың табиғи ошағын және таралу жолдарын зерттеу.

2. Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау тәсілдерін дамыту.

3. Тұрғындарға жоспарлы иммунизация жүргізу.

4. Жеке қорғану мед. құралдарын және дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын артығымен алу.

5. Тұрғындарға жеке және қоғамдық гигиена ережелерін үйрету.

6. Медициналық эпидемияға қарсы ұйымдарды құру, жабдықтау, оқыту.

7. Қарсыластың БҚ шабуылдау мүмкіндігін оқыту.

8. АМҚ (апат медицина қызметі) жеке құрамын, АҚ, қарсыластың бак. қаруды қолдану жағдайында жұмысқа дайындау.

Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау жұмыстарында денсаулық сақтау органдары тарапынан қоршаған ортаның тазалығына, сумен қамтамасыз етуде, тағамды ұйымдастыруда, еңбек жағдайларына т.б. үнемі бақылау жүргізу өте маңызды. Осы барлық шаралар қарсыластың шабуылдау қауіпі төнсе, жеткіліксіз.

Мұндай шаралар жүргізілу қажет:

1. Тұрғындар мекендейтін қалаларда, халықшаруашылық объектілерінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бақылауды күшейту.

2. Қоршаған орта боъектілеріне үнемі бактериологиялық және лабораториялық бақылау ұйымдастыру.

3. Апат медицинасы мен АҚМҚ-ң күштері мен құралдарының, сонымен бірге тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау күштерінің дайын болуы.

4. Тұрғындарға алдын-алу иммунизациясын жүргізу.

5. Эвакуациялау және орналастыру кезінде тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғауды ұйымдастыру.

6. Эвакуацияланған тұрғындар мен АҚ күштері топтарының уақытша орналасқан жеріндегі эпидемиологиялық жағдайлары туралы ақпаратты жинауды ұйымдастыру.

7. Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту.

Сонымен бейбіт уақытта қарсыластың шабуылдау қауіпі кезеңінде, апат медицинасы қызметіне, АҚ-ң медициналық қызметіне осындай шараларды жүргізу басты жағдайды жақсы білуге және қарсылас бақ қару қолданған жағдайда санитарлық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Апаттан соң алғашқы сағаттарда гигиенист дәрігер, токсиколог, радиолог, эпидемиолог, паразитолог, сонымен бірге коммуналдық-тұрмыстық қызмет өкілдері көмегімен кең көлемде медициналық барлау жүргізіледі. Аймақты эпидемиологиялық тексеру жұқпалы аурулардың пайда болу себебі мен жағдайын анықтау мақсатында, жүргізіледі.

Эпидемиялық барлау – бұл ТЖ ауданында, тұрғындардың денсаулығы туралы үнемі мәліметтің түсіп тұруы.

ТЖ-да эпидемиололгиялық жағдайдың тез арада өзгеруінде санитарлық-эпидемиологиялық барлауды уақытында жүргізу, яғни инфекция көзі мен берілу жолдары туралы мәліметті тез алудың маңызы зор.

Осындай барлау нәтижесі бойынша ТЖ ауданында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сәтті, сәтсіз, тұрақсыз және төтенше түрінде анықталады.

Сәтті жағдай – бұл тұрғындар арасында жұқпалы аурулар жоқ немесе бір-біріне қатысты емес бірен-саран сырқаттанушылық орын алады.

Тұрақсыз жағдай – бұл тұрғындар арасында бұрын тіркелмеген жекелеген жұқпалы аурулардың пайда болуы, таралмайтын, яғни эпидемия белгісі жоқ топтық сырқаттылықтың пайда болуы.

Сәтсіз жағдай – ары қарай таралу қауіпі бар топтық жұқпалы аурулардың пайда болуы немесе АҚИ (оба, тырысқақ т.б.) жекелеген оқиғаларды байқалады.

Төтенше жағдай – бұл эпидемияның пайда болуы немесе АҚИ топтық сырқаттылығы.

ТЖ кезінде апат аумағында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру ошақ шекарасын анықтау және эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын ұйымдастыру үшін жүргізіледі.



Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жою шаралары.

Қарсылас бактериологиялық (биологиялық) қару қолданған кезде тұрғындарды эпидемияға қарсы қамтамасыз етуде көптеген қиындықтар тууы мүмкін.

Бактериологиялық зақымдалу ошағы дегеніміз- бактериологиялық заттармен зақымдалған қалалар, тұрғындар мекені (тұрғындардың уақытша орналасқан мекені) немесе халықшаруашылық объектілері.

Бұл жағдайда зақымдалу ошағының шекарасы болып қалалардың, жекелеген тұрғындар мекенінің немесе халық шаруашылық объектілерінің шекаралары анықталды.

Биологиялық агенттермен зақымдау ошағын анықтау және жоюдың барлық шаралары бактерияға қарсы қорғаудың жоспарына сәйкес жүргізілді. Бұл жоспар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен жалпы медициналық бөлім мамандарымен беріліп уақытында құрастырылады. Жоспар жоғарыдағы денсаулық сақтау органдарымен келісіліп, қала, аудан т.б. өкімімен бекітілді. Жоспардың енгізілгені туралы шешімді ТЖЭК шығарады. Ол апат ошағын анықтауда және жою шараларын жүргізуде бақылау, жетекшілік етеді.

ТЖЭК негізгі міндеттері:

1. Ошақты жою жоспарын бекіту

2. Режимді-шектеу шараларын енгізу және алып тастау мерзімін анықтау

3. Қызметтерге әкімшілік, консультациялық және әдістемелік көмек беру

4. Ошақты жою бойынша жауапты адамдарды таңдау

5. Жағдайға байланысты ошақты жою жоспарын нақтылау

Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жоюда жүргізілетін шаралар жиынтығына жатады:

1. Тұрғындарға хабарлау

2. Бактериологиялық барлау жүргізу

3. Карантин және обсервацияны ұйымдастыру

4. Тұрғындарды толық санитарлық өңдеу жүргізу

5. Арнайы және арнайы емес профилактиканы жүргізу

6. Науқасты белсенді түрде анықтау

7. Пәтер ошағын, аймақты, ғимараттарды, киімдерді залалсыздандыру (дезинфекциялау)

8. Дезинсекция мен дератизацияны жүргізу

9. Тағам өнімдері мен суды залалсыздандыру

10. Санитарлық-ағарту жұмыстары

Карантин және обсервация туралы түсінік.Карантин дегеніміз-бұл жұқпалы аурулар ошақтарын анықтау және жоюға бағытталған режимді-оңашалау, әкімшілік-шаруашылық, эпидемияға қарсы, санитарлық және емдеу-профилактикалық шараларды құрайтын мемлекеттік шаралар жиынтығы.Карантиндік шараларды ұйымдастыру және жүргізу аймақтық ТЖЭК жетекшілігіне жүктеледі.Карантин орнату үшін міндетті түрде мынадай шараларды жүргізу керек:

1. Ошақты бөлектеу немесе күзет орнату, ошақта коменданттық қызмет енгізу.

2. Тұрғындардың кіруі мен шығуына, карантин аймағынан жүктерді алып шығаруда қатал бақылау.

3. Зақымдау ошағы арқылы автотранспорттың өтуіне және транзиттік жолмен темір жол мен су транспортының басқа тоқтауға арналған жерлерге тоқтауына тосқауыл қою.

4. Обсерваторларды құру және ошақтағы адамдарға және карантин аймағынан шыққан адамдарға обсервация бойынша шаралар жүргізу.

5. Тұрғындардың жекелеген топтары арасында қарым-қатынасты шешу.

6. Тұрғындарда, қалалық транспорт, сауда және тағам өндірісінде, халық шаруашылық объектілерінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету бойынша эпидемияға қарсы режимді құрастыру.

7. Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, тұрғындарды тағам өнімдерімен және өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету.

8. Тағам өнімдері мен судың санитарлық экспертизасы.

9. Жедел және арнайы профилактиканы жүргізу.

10. Жұқпалы ауруларды ерте анықтау, оларды оңашалау және ауруханаға жатқызу.

11. Ауруды тасымалдаушыларды жою (дезинсекция және дератизация)

12. Тұрғындардың, өндірістердің, министрліктердің және ведомствалардың карантин ережесін қатал түрде орындалуын бақылау.

Санитарлық өңдеуді ұйымдастыру.Санитарлық өңдеу дегеніміз – бұл адамның денесін, көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабаттарын РЗ, КӘ, УЗ және БЗ-дан залалсыздандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.Санитарлық өңдеу – жартылай өңдеу және толық өңдеу болып бөлінеді.Жартылай өңдеуді – зақымдау ошағында қысқа мерзімде өз бетінше және бір-біріне көмек көрсету арқылы, қажет болса медициналық эвакуация сатыларында зақымдау аймағынан шығарда жүргізеді.Толық санитарлық өңдеу – ұйымдастырылған жуу пунктерінде, аурухананың санитарлық өткізгіштерінде әртүрлі ұйымдардың санитарлық өңдеу бөлімшелерінде, әскери – медициналық мекемелерде және басқа да дезинфекциялық, дегазациялық жуу техникасы бар мекемелердежүргізіледі. Ол сабынды жылы сумен жуу арқылы киім мен аяқ киімді дезактивациялау, дегазациялау, дезинфекциялауды құрайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?