Биология | Биологиялық белсенді қоспалар

 Биология | Биологиялық белсенді қоспалар

Биологиялық белсенді қоспалар.
Жоспар:
1. ББЗ-дың жіктелуі.
2. ББЗ-тар нутрицевтиктердің физиологиялық рөлі.
3. Парафармацевтиктер.

1. Денсаулық сақтау министрлігінің «Тағамдағы ББЗ-ды зерттеу реті және гигиеналық сертификаттау туралы» №7 бұйрығына сәйкес тағамдық ББЗ табиғи не табиғиға сәйкестендірілген ББЗ-дың концентраттары болып табылады, олар жекелей қолдануға не тағам өнімдерінің құрамына адамның тағамдану рационын байыту мақсатында жеке биобелсенді заттармен және олардың комплектерімен енгізу үшін қолданылады. ББЗ-ды өсімдік, жануар және баактериалды шикізаттардан алады, сонымен қатар химиялық және биотехнологиялық әдістермен де. Оларға сонымен қатар асқазан-ішек трактатының микрофлорасына реттеуші әсер көрсететін ферменттік және бактериологиялық препараттар (эубиотиктер) жатады. ББЗ экстракттар, тұнба, бальзам, изолят, ұнтақ, сұйық және құрғақ концентраттар, сироп, таблетка, капсула және т.б. түрінде шығады.
ББЗ-дың жіктелуі.
ББЗ олардың құрамына, функционалдық белсенділігі, әсер ету тиімділігіне және т.б. байланысты әртүрлі жіктеледі. Жалпы ББЗ-ды нутрицевтиктер мен парфармацевтиктер деп бөледі.
Нутрицевтиктер деп – адам тағамының химиялық құрамын түзетуге арналған ББЗ. ББЗ-дың нутрицевтиктері келесі топтарға бөлінеді:
- ақуыз бен аминқышқылдардың көздері;
- май қышқылдарының, липидтердің және майда ерігіш витаминдердің көздері;
- көмірсулар мен қанттардың көздері;
- тағамдық талшықтардың көздері (пектиндер, өсімдік жасунықтары, микрокристаллды целлюлоза және т.б);
- суда ерігіш витаминдер көздері;
- макро және микроэлементтер көздері.
Осы топтың ББЗ-ы тағамдық (фармацевтикалық емес) технологияларды қолдану арқылы өндірілетін өнімдерді көрсетеді. Олар жанама әсерсіз алдын алу мақсатында қолданылады, жалпы денсаулық сақтау әсерін көрсетеді, қарсы көрсетілімдері жоқ.
2. ББЗ-нутрицевтиктердің физиологиялық рөлі.
- Нақты адамдардың олардың тұтынушылығына байланысты жынысы, жасы, физикалық және ақыл-ой жұмысының интенсивтілігі, биоритм, фенотипі және генотипі, мезгілдің нақты уақытындағы физиологиялық ерекшеліктері бойынша тамақтану рационын жекешелендіреді;
- Тамақтанудың жекелей бұзылуы мен эндемикалық микронутриентті жетіспеушіліктермен байланысты туындаған жеке нутриенттер мен оларың топтарынан туындайтын дисбалансты тез және тиімді жояды;
- Созылмалы аурулармен ауыратын, соның ішінде алмасу сипатындағы (семіздік, отеросклероз, диабет, остеоартроз, подагра) тұлғаларда бұзылған метаболиттік процесстерді түзетеді;
- Асқазан-ішек құрылымының созылмалы ауруымен ауыратын адамдарда тағамдық заттардың түсуін жоғарылатып, сіңірілуін жеңілдетеді;
- Метаболизмнің токсикалық өнімдерінің белсенділігін тоқтату, сіңіру және шығару процесстерін күшейтеді, соның ішінде экологиясы нашар аймақтарда тұратын не жұмыс істейтін, синтетикалық преараттармен тұрақты түрде медикаментозды терапия қабылдайтын, бауыр мен бүйректің созылмалы ауруымен аурыатындарда.
Құрамы бойынша нутрицевтиктерді шартты түрде бірнеше функционалды топшаларға бөлуге болады:
- Витаминдердің, минералдардың не минералды витаминдердің толық немесе редуцирленгенкомплекстері, оған қоса соңғы жылдары көп компонентті баланстанған препараттардың үлесі нарықта көбейгені байқалады, оларға тек классикалық витаминдер емес, сонымен қатар витаминтәріздес заттар (коэнзим, холин, инозитол, липоқышқылы және т.б), хелаттанған минералдар (аминқышқылымен байланысқан) минералдар және олардың жоғары био қолжетімділігіне ие коллоидты ерітінділер жатады;
- А, С, Е, селен, биофалаваноидтар витаминдері, каталаза, пероксидаза ферменттері және антитотықтырғыштың көп мөлшері бар өсімдіктер – чеснок, қарақат және т.б. қатарлар жататын антитотықтырғыштық компоненттер жатады;
- Қанықпаған май қышқылдары бар преараттар. Бұл май қышқылдары организмде 3 биологиялық қызмет атқарады: организмді энергиямен қамтамасыз етеді; жасуша мембраналарының түзілуіне қатысады; жасушалардың өсуіне, бөлінуіне, қанды қысымға, иммунды және басқа да реакциялар мен процесстерге әсер ететін арнайы қосылыстардың көзі болып табылады.
- Фосфолипидтердің көзі болатын препараттар (лецитиин, холин, линолен қышқылы, инозит) – жасушаның мембранасының міндетті компоненті болып табылады, бауырдың майлануынан қорғайды, жүйке жүйесінің қызметін жақсартады, ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатады және т.б. е витаминімен әсерлескенде оттегінің ұлпаға аггрессивті әсерін төмендетеді, қартаю процессін баяулатады.
- Диеталық жасушалы преараттар (пектин, микрокристаллды целлюлоза, шаянтәрізділердің хитині, қара балдырдың аьгинаттары). (тағамдық талшықтар – бұл өсімдіктектес құрамы мен құрылысы бойынша әртүрлі талшықты заттар: крахмал, крахмалды емес полисахаридтер:целлюлозалы және целлюлозасыз полисахаридтер (пектин, инулин). Барлық тағамдық тлашықтар үшін бірдейі олар адамның асқорыту ферменттерімен ыдырамайды).
- Монопреараттар мен эссенциалды аминқышқылдардың комплекстері;
- «Тәуліктік рационның модификаторлары», балансталған құрамында жоғары тағамдық құнды ақуыздар, полисахаридтер, полиқанықпаған май қышқылдары, витаминдер мен минералдардың толық комплексі, диеталық талшықтар, асқорыту ферменттері бар және жеңілсіңірілетін микронутриенттер формасының көздері бар өсімдіктер қатары – сұлы, ламинария, люцерн сияқтылар. Олар тағамдық деңгейді түзетудің ыңғайлы программасын және салмақты бақылаудың бағдарламасын қамтамасыз етеді;
- Қоректік заттардың кең спектрін өсімдік-аккумуляторлардан (люцерн, түйежапырақ), балдырлардан (ламинария, спирулин, хлорелла) және ара шаруашылығының өнімдерінен (бал, омарта) алынған препараттар. Олар жалпы денсаулық сақтау және сонымен қатар антитотықтырғыштық, антигипоксанты, имунномодулирлеуші әсер көрсетеді.
Нутрицевтиктерді қолданудың соңғы мақсаты адамның тамақтану деңгейін жақсарту, денсаулықты күшейту және бірнеше аурулардың алдын алу болып табылады. Бірақ, тағамдық заттардың көзі болып табылатын нутрицевтикалық құралдар 6 тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде қолданылады. Сонымен қатар, витаминдердің мөлшері тәуліктік қажеттіліктен аспауы тиіс.
Парафармацевтиктер – тағамның минорлы қосылысы болып табылады. ББЗ-дың бұл түрі физиологиялық шеңберде мүшелер мен жүйелердің функционалды белсенділігін, жүйке жұмысын, асқазан – ішек трактатының микробиоценозын реттеудің адын алу үшін, жанама терапия үшін, макроорганизмдердіэкстремальды жағдайға бейімдеу үшін қолданылады.
Парафармацефтикьер келесідей бөлінеді:
- Жануарлар шикізатынан: ет-сүт өнімдері мен олардан алынатын өнімдерді, балықтар мен теңіз өнімдерін өңдеу негізінде алынған ББЗ;
- Микроорганизмдердің таза культуралары мен аралас құрамының (эубиотиктер мен пребиотиктер) негізінде алынған бактериялық препараттар.
Пребиотиктер – бұл микроб небасқа тектестірі микроорганизмдер. Бұл табиғи түрде физиологиялық қызметтерге қолайлы әсер еткенде организм иесіне биохимиялық реакция көрсетеді. Яғни организм иесінің микрофлорасының қызметіне ыңғайлы әсер ететін және өлі микроорганизмдердің қоршаған ортаға жақсы бейімделуіне әсер ететін кез келген тірі не өлі микроорганизмдер, сонымен қатар басқа да тектес заттар.
Пробиотиктердің келесідей түрлері бар:
Монопробиотиктер – тек бір ғана бактерия түріне ие.
Ассоциацияланғна пробиотиктер – микрооргнаизмдердің бірнеше штаммы түрінің (2-30) біріктірілген субстанциясы.
Пробиотиктердің 4 кезеңі анықталған:
І кезең: холибактериялар, бифидумбактериялар, лактобактериялар.
ІІ кезең: бактисубтил, биоспорин, споробактерин.
ІІІ кезең: бифилонг, ациполинекс, ацмлакт.
ІҮ кезең: бифидумбактериялар, форте, пробифор.
Тағайындалуына байланысты пробиотиктер келесідей жіктеледі:
Синбиотиктер- тірі микроорганизмдер мен пребиотиктер негізіндегі комплексті препараттар мен функционалды қоректену өнімдері. Әртүрлі құрам мен түрлердің қосылыстары негізіндегі ішек микроорганизмдерінің бірігіп өсуін қамтамасыз етеді.
Пребиотиктер – ішек сөлімне қорытылмайтын, бірақ микробтық ферментацияға ұшырайтын, организмге өсу стимуляциясы не ішек микрофлорасының белсенділігі арқылы қолайлы әсер ететін заттар.
Гетеропробиотиктер –алғашқы штаммдары алынған иесіне қарамастан тағайвндалатын пробиотикалық бактериялар.
Гомопробиотиктер –штаммдар тек жануар немесе адамнан алынған түріне қарай сәйкесінше тағайындалады.
Аутопробиотиктер – номиналды микрофлора штаммы. Ол нақты бір тұлғадан оқшауланып алынған және оның микроэкологиясын түзетуге арналған.
Ең маңыздысы тірі микроорганизмдер арнайы тағайындалғна физиолого-биохимиялық әсерімен, сонымен қатар генді-инженерлік штаммдар негізіндегі пробиотиктер болып табылады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?