Биология | Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары
«Жасушалық иммунитет жүйесі (II). Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары. Иммунологиялық төзімділік».
2. Мақсаты: Т-жасушалардың негізгі субпопуляцияларының әсер механизмін және қызметтерін қарастыру. Табиғи және жасанды иммунологиялық төзімділік туралы түсініктемелерді беру.
3. Дәріс тезисі:
1. Тх1 және Тх2 функционалды ерекшеліктері.
2. Т-киллердің дифференциялануы, олардың әсер механизмі.
3.Табиғи иммунологиялық төзімділік, даму механизмдері.
4.Жасанды иммунологиялық төзімділік, даму механизмдері.
Тимуста пайда болған Т-лимфоциттер осы мүшеден шығып, қан ағысы арқылы иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне миграциялап, тимустәуелді аймаққа шоғырланады. Осы жасушалардың фенотипі не CD4+ не CD8+. Тек жасушалардың аз ғана бөлігінде (шамамен 2%) CD4+CD8+ фенотипі болады, олар пісіп-жетілмеген жасушалар.
Шеткі мүшелерде «аңқау» Т-лимфоциттер антигендермен кездесіп, олардың антигенге тәуелді дифференциялануы жүреді.
Антигенге тәуелсіз дифференциялану үрдісі нәтижесінде түзілген Т-лимфоциттердің екі негізгі субпопуляцияларын ажыратады: Т-хелперлер және Т-киллерлер. Содан пісіп-жетілген Т-хелперлерден екі функционалды субпопуляция түзіледі: Тх1 және Тх2.
Т-киллердің антигенге тәуелді дифференциялануының индукциясы кем дегенде екі әдіспен қамтамасыз етіледі.
Жетілген эффекторлы Т-киллерлер нысана-жасушалардың бетіндегі МНС I класс молекуласымен байланысқан эпитопты таниды. Ісік жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, мутантты жасушалар немесе бөнде трансплантат жасушалары Т-киллердің нысана-жасушалары болып табылады. Осы жасушалардың бетінде орналасқан ағза үшін генетикалық бөгде эпитоптар МНС I класс нәруыз кешенімен байланысқан.
Иммунологиялық төзімділік дегеніміз барлық антигенге иммундық жауаптың сақталуымен жүретін, бірақ белгілі бір антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік).
Ағзаның осындай қабілеті эмбрионалды кезеңде, тимуста Т-лимфоциттердің теріс сұрыптауы кезінде аутореактивті клондардың жойылуы нәтижесінде түзіледі. Табиғи иммунологиялық төзімділіктің түзілуінде Т-хелпердің тыйым салынған клондарының өлуі маңызды рөл атқарады.
Жасанды иммунологиялық төзімділік аутоиммундық және аллергиялық аурулардың емінде, сонымен қатар трансплантаттың тұрақтамауында маңызды. Жасанды төзімділіктің түзілуінде шеткі механизм: клондық анергия, супрессия және апоптоз басты рөл атқарады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?