Əдептілік-əдемілік

 Əдептілік-əдемілік

Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу +тәрбие беру туралы ой пікірлері. "Тәрбие жетекші", "жан жүйесі","жаңа ауыл" атты еңбектерінде жан-жақты көріне береді.
Жас баланың нәресте, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 1-5 жастың арасы десек 6-10 жастағы бала әдептілік негіздерін үйреніп, оның терең ұғымдарын қалыптастыру.
Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ,асырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі- баларды сыпайылылыққа , кішіпейілділікке, ізеттілікке, мейіріміділікке, қайырымдылыққа баулу. Қазақ халқының жас ұрпақты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлілімі мен рәсімдері көп. Солардың бірі- сәлемдесу рәсімі.
Халқымыз ежелден-ақ сәлемдесуге ерекше мән берген, тәрбиені амандасудан, есен-саулық сұрасудан бастаған. Адам үшін әрбір күн немесе әңгіме сәлемдесуден басталуға тиіс болған. Дұрыс сәлемдесу:"мен сені аман-есен кезіктіріп тұрмын. Өз басым саған амандық, саулық, бақыт тілеймін"деген ойды білдіреді.
Қазақ салтында үлкендерге "Сәлеметсіз бе?","Аман-есенсіз бе?' немесе тәуліктің мезгіліне қарай "қайырлы таң","қайырлы күн","қайырлы кеш"немесе "кеш жарық" деген сөздер айтып амандасады. Ал балалар "Сәлемет пе, Талғат" немесе "кездескенше, Айжан" деп тек достарымен ғана еркінси амандасуына болады.
Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады. Үйге немесе сынып бөлмесіне кірген адам қатысып отырғандармен (іштегілермен) бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқан адам қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл жерде кіруші мен кетуші жөніндегі ереже қыздарға да, ұлдарға да қатысты.
Көпшілік орнында, мәселен, асханада, театрда, кинода т.б. жерлерде танысыңмен бас иіп немесе қол беріп амандасқан жөн. егер сенің серігіңмен амандасса, саған таныс болмағанмен, сен де оның сәлеміне жауап қайтаруың керек.
Сыпайылықтың тағы бір айғағы сәлемдескен кезде орнынан тұрып, ізет білдіру. Мектепте оқушылардың мұғаліммен орнынан тұрып сәлемдесуі- әдептіліктің белгісі. Халқымыздың дәстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген. Әрбір қазақ отбасында жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандаса білу дағдысына тәрбиеленген. " Ағаңа қолыңды беріп амандас", "Көкеңнің қолын ал", деп жатады ата-ана. Ондай кездерде үлкендер де "таудай бол", "Үлкен жігіт болып өс" деп балалардың қол алуға деген ынта-ықыласын арттыра түсіп, мерейін өсіріп тастайды.
Қол алысу әрқашан да достық белгіні білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыратындай қатты қыспау керек. Қолды селқос, сұлқ ұсына салу дұрыс емес. Тамақтанып отырған кезде ас үстінен қол ұсынбайды. Қолғапты, бас киімді шешіп амандасу - адамдарды құрметтегендіктің белгісі. Әдептілік қағидасы бойынша, қыз балаларға, егер, олардың қолғаптарының, бас киімдерінің қайтып киілуі қиын болса, оны шешпей-ақ амандасуларына болады.
Ал мектепте, мәселен, бастауыш сыныпта сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүргізу жоспарында: 1 Қалай амандасу керек, 2 кімнің бірінші болып амандасуы керек, 3 қандай жағдайда орнынан тұрып амандасуы керек, 4 қол алысуы, 5 кіммен, қай жерде сәлемдесу керек т.с.с. нақтылай тақырыптар беріліп, қыздар мен ер балалардың сәлемдесу ерекшеліктеріне көңіл бөлініп отырған жөн. Сонымен қатар "Атамекен" ұлттық ғылыми-тәлімдік рухани танымдық бағдарламасы бойынша құрылған. Ұлттық тәлім тәрбие орталығының негізі бағыттарындағы "Аталар", "Әжелер" мектебінде жүйелі түрде үйретіп отырса, үйірме жұмыстарында сахналық көріністер көрсетіп тұрса құба-құп болар еді.
Қорыта айтқанда, болашақ ұстаздар мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы сәлемдесуден басқа да әдеп тәрбиесінің қыры мен сырына қанық болу керек. Назар аударатын басты мәселе - отбасы, балабақша, бастауыш мектеп арасындағы бірлікті нығайтып, жас өспірімдердің ой-өрісі мен қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, әдеп тәрбиесін ғылыми негізінде кешенді түрде жүргізу керек.










Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық
№2 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Шамуршанова
Айгүл Аблазиқызы
Әдебиеттік оқу ( ашық сабақ )
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров, "Малта"

Сабақтың мақсаттары: 1) Өлеңді мәнерлеп оқи білуге машықтандыру; өлең мазмұнын түсіндіру, меңгерту; Малтаның жасалу жолын түсіндіре отырып, оның үлкен еңбекпен келетіндігін ұғындыру; авторыдң өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру; 2) оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту, шығаршылық қабілеттерін дамыту; өлеңді оқып түсініп талдауға, өз ойларын сауатты, жүйелі түрде жеткізе білуге баулу; 3) Ауыл адамдарының еңбегін түсініп, бағалай білуге үйрету; еңбекқорлықтың пайдасын ұғынып өсуге баулу.
Әдәстері: CTO технологиясының әдістері. INSERT әдісі, ой толғау, Венн көрсетуі, тірек сызба, сұрақ-жауап талдау, топпен жұмыс, көрнекілік, не білемін, не білдім, не білгім келеді?, суретпен жұмыс.
Пәнаралық: Дүниетану, математика, бейнелеу.
Көрнекілігі: І.Жансүгіров суреті, тірексызбалар, деңгейлік тапсырмалар, кеспе қағаздар, өлең мазмұнына байланысты сюжетті суреттер, сөзжұмбақ, фильворд, үнтаспа, карта, т.б.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бүгін біз сабағымызды сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша өткіземіз. Сіздерге бүгінгі өтілетін жаңа тақырып авторы туралы ізденушілік тапсырмалар берілген болатын. Бүгінгі сабаққа дайынбызба? Ендеше сабағымыздың ұранын айтып жіберейік:
Біле бер қанша білсең - тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле. (Ю.Баласұғын.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. В. Ссухомлинскийдің"Қатқан нан" әңгімесін оқып, мазмұнын айту.
ІІІ. Жаңа тақырып.
-Жаңа сабақтың тақырыбы тарау бойынша өтілген материалдарды пысықтау, жинақтау мақсатындағы сөзжұмбақ арқылы ашылды.
Сөзжұмбақ шешуі-"Малта"."Малта" сөзінің мағынасы талданды, түсінік беріледі. Әңгіме авторына байланысты 3 топқа тапсырма берілген болатын. Оқушылар дайындап келген материалдары бойынша автордың өмірі мен шығармашылығына тоқталды.
І топ. Тарихшылар. Яғни ақынның өмір жолы туралы біліп келу.
ІІ топ. Әдебиетшілер. Ақынның шығармаларына шолу.
ІІІ топ. Журналисттер. Баспа бетіне шыққан еңбекттері.
Жаңа тақырыппен жұмыс деңгейлік кесте бойынша жүргізілді.
І деңгей. Танып білу кезеңі.
Мәтінмен танысу, өз білімдерін көрсетіп әр топ бір-біріне сұрақ қояды. Мәтін үнтаспадан тыңдалды. Өз беттерінше оқып шықты.INSERT әдісімен сөздерді белгілейді. Топтар бір-біріне шығарма мазмұны бойынша сұрақ қояды.
ІІ деңгей. Түсіндіру кезеңі.
Қиындық келтірілген сөздердің мәнін ашып, талдау.INSERT әдісімен өздері белгілеген сөздерді талдайды. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
ІІІ деңгей. Қолдану кезеңі.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату. Венн көрсетуі.
ІV деңгей. Талдау кезеңі.
Шығарма мазмұны бойынша жұмыс. Оқушыларға шығарманың белгілі бір тұсын бейнелейтін сюжетті суреттер беріледі, оқушылар оқулықтан сол тұсты тауып оқиды.
"Ротация" әдісі арқылы шығарма талданады.
V деңгей. Жинақтау кезеңі.
Оқушылардың алған білімдерін бекіту (сабақты қорытындылау).
VI деңгей. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең мазмұны бойынша эссе жазу.
VII деңгей. Бағалау.
Оқушыларға көбейту кестесі беріледі. Сонда қандай жауап шықса сол оқушының бүгінгі алған бағасы болып есептеледі. (5 көбейту 1, 10:2, 25:5, 20:4, 50:10, 12:3, 16:40:10...).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?