Жұмбақтар жауабымен: Табиғат құбылыстары (сүңгі, су, жер, өзен, тау, бұлақ, мұз, бұршақ, қар, аяз , боран)

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат құбылыстары (сүңгі, су, жер, өзен, тау, бұлақ, мұз, бұршақ, қар, аяз , боран)

 Өзен туралы жұмбақ


Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ.
Өзен


Жер туралы жұмбақтар


Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
Жер

Өлшеусіз піштім,
Жіпсіз тіктім.
Жер

Зер, зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем.
Жер

Тау туралы жұмбақтар


Үлкен, үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
Тау

Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.
Тау

Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.
Өзен


Пайдалы сілтемелер:



Қағар, қағар, қағар кілем,
Қағайын десе ауыр кілем.
Жер

Жайы-жайы, жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем,
Түр-түр кілем,
Төгіліп жатқан кір кілем.
Көктемдегі жер

Бар-бар, атым бар,
Жүйрік қана затым бар.
Жылқыға ұқсап кісінемес,
Қолға ұстасам, тістемес.
Арықтың суы

Бұлақ туралы жұмбақтар


Бір шұқырда көп шұқыр,
Іштен түртіп көп шұқыр.
Бұлақ суы

Ақ боз атым арынды,
Ақ көйлекке малынды,
Таудан тасты атқылап,
Таудан түсті шапқылап.
Тау бұлағы

Су туралы жумбак


Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.
Су

Ұзын-ұзын ұз келеді,
Ұзын бойлы қыз келеді.
Қасы қалтырап,
Көзі жалтырап.
Су

Қара атым қалтырауық,
Қабырғасы жалтырауық.
Су

Бір жылан жол салыпты әрбір сайға,
Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға.
Су

Бар-бар, бар атым,
Бар бойынша жорға атым.
Ажырақ көрсең, тістеме,
Байтал көрсең, кісінеме.
Су

Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
Су

Отқа жанбас,
Суға батпас.
Мұз

Отқа күймейді,
Суға шөкпейді.
Мұз

Төмен қарап өседі,
Күн жылына өшеді.
Сүңгі

Қар туралы жумбактар


Қыстыгүні аппақ,
Жаздыгүні сұп-сұйық.
Қар, су

Ақ қойым тұрып кетті,
Қара қойым жатып қалды.
Қар мен жер

Қыста бар да, жазда жоқ,
Ол көп болса көңіл тоқ.
Қар

Қара сиыр туып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.
Қардың кетуі

Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Қар

Тама-тама тас тескен.
Тамшы


Мұрынсыз шымшық мұз теседі.
Тамшы

Шолақ мылтық жер теседі.
Тамшы


Қажетті сілтемелер:



Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
Қырау

Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
Қырау

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
Аяз

Есіктен кірді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
Аяз

Терісін жыртпай етін жеген,
Жілігін шақпай майын жеген.
Аяз

Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп ем қолға тұрмады.
Боран

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.
Боран

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып,дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.
Жаңбыр, Найзағай

Қол-аяғы жоқ болса да,
Қақпа есікті аша алған.
Жел

Бар екен бір мақұлық боздайтұғын,
Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын.
Жаһанды жалпағынан басып өтіп,
Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын.
Жел

Ашуланып бұртиды,
Аузы көпіріп құтырды.
Ашушаң ақымақ,
Кез келгенді ұшырады.
Құйын

Өрге қарай құтылды,
Сырына келіп қосылса,
Өз-өзінен құтырды.
Құйын

Қусам да жеткермеді, тұра қашты,
Барды да бұрыш қаптың аузын ашты.
Боран

Бір нәрсе көруге көп, ұстауға жоқ,
Жаздыгүні көп болар, қыстауға жоқ.
Тұрмайды бір мекенде қарауытып,
Қаншама жалынып, жалпайсаң жоқ.
Сағым

Алтын аяқ,
Жете алмадым,
Жалаң аяқ.
Сағым

Бір нәрсе етегі кең, найзасы бар,
Қосылған адамзатқа хайласы бар.
Мекені жерде емес, көлде емес,
Адамға әр уақытта пайдасы бар.
Найзағай

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
Күннің күркіреуі

Мені ешкім көрмейді,
Дауысымды есітеді.
Күннің күркіреуі

Аспандағы әсем белбеуді,
Алып белге буынсам.
Кемпірқосақ

Қанатсыз құс жақын барады,
Көзінен жас тамып барады.
Бұлт

Көк көрпенің мақтасы,
Әр жерде жүр бытырап.
Біріктіруге қол жетпес,
Болды-ау шіркін ысырап.
Бұлт

Айдаһар аузын ашса, арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.
Найзағай

Көкке шықса бұлт,
Жерге түссе шаңыт.
Тұман

Қара таудың басында
Киік кетіп барады.
Қол-аяғы баурына
Тиіп кетіп барады.
Тұман

Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.
Жаңбыр

Таудан топ түсті,
Аяқ-қолы жоқ түсті.
Бұршақ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 40
  1. I’m беч
    I’m беч 15.04.2023 13:32
    2 + 3 -
    Рахмет
  2. Оқырман Жаннұр
    Оқырман Жаннұр 27.03.2022 12:10
    7 + 4 -
    Бұл жерде маған керекті жұмбаұ табылмады
  3. Эльвина
    Эльвина 27.01.2022 17:46
    5 + 1 -
    Бұлақ туралы жұмбақ керек еді
  4. Оқырман Айгерім
    4 + 1 -
    Сізге дәл қазір қарызымды ? өткізеим бе?
  5. Оқырман Кәусар
    Оқырман Кәусар 19.01.2022 23:35
    3 + 0 -
    Сізге көп көп рақмет маған көмектестініз ??
  6. Оқырман Шұғыла
    Оқырман Шұғыла 19.01.2022 20:16
    4 + 2 -
    Керемет ? рақмет сіге алла жар болсын
    1. Оқырман Кәусар
      Оқырман Кәусар 19.01.2022 23:42
      2 + 1 -
      Кеңгірде тұрасыз ба?
  7. Елкеева Аяулым
    Елкеева Аяулым 18.01.2022 15:44
    4 + 7 -
    Керемет жұмбақтар
  8. эээээээээээээ
    эээээээээээээ 18.01.2022 15:35
    4 + 7 -
    хол
    хол
    хол
    хол
    хол
    хол хол хол хол
  9. Оқырман Көркем
    Оқырман Көркем 02.02.2021 11:57
    4 + 5 -
    маған күзде болатын апатты жағдайлар керек ?
  10. Жүмбақтар жаңғырық
    6 + 6 -
    Жүммбақ жаңғырық
  11. Талғат Інжу
    Талғат Інжу 14.01.2021 11:22
    5 + 5 -
    Ақ түсті ,
    Көк түсті,
    От түсті,
    Тот түсті,
    Төрт түсті жер үсті
    Жауабы: Жыл мезгілдері
  12. ??
    ?? 13.01.2021 19:37
    9 + 6 -
    Күшті қатты күшті нәрсе
  13. Кəусар
    Кəусар 13.01.2021 14:25
    11 + 7 -
    Рахмет көп көмегі тиді
  14. Шугыла
    Шугыла 12.01.2021 23:55
    7 + 6 -
    Рахмет. Жұмбақынызга
    1. Оқырман Шұғыла
      Оқырман Шұғыла 19.01.2022 20:18
      2 + 0 -
      Фамиляныз кім
  15. Оқырман Айдана
    Оқырман Айдана 12.01.2021 22:17
    6 + 7 -
    Маған жаңқырыұ туралы керек еді барма










    Есімім айдана
    1. ZHARAR 12.01.2021 22:32
      7 + 5 -
      Айтқаныңды айнытпай,
      Қайталайды өзiңе
      Тiл қатқанмен қаймықпай,
      Көрiнбейдi көзiңе.
      Жаңғырық
      -----------
      Дауысынды қайталап жырақта,

      Айнытпай жеткізер құлаққа.
    2. Оқырман Көркем
      Оқырман Көркем 02.02.2021 11:53
      1 + 4 -
      маған күзде болатын апатты жағдайлар керек ?
  16. Рази
    Рази 12.01.2021 22:11
    0 + 0 -
    Сүңгі туралы жұмбақ тауыпбріндерші пж..
    1. дәурен
      дәурен 13.01.2021 15:33
      4 + 0 -
      Төмен қарап өседі,
      Күн жылына өшеді.
      Сүңгі
  17. аяна
    аяна 12.01.2021 20:51
    1 + 2 -
    мен 5темін бірақ 5 сынып оқимын
  18. Еркін
    Еркін 12.01.2021 18:27
    1 + 4 -
    Жұмбақтар қызықты
  19. дарын
    дарын 12.01.2021 17:02
    10 + 3 -
    бұл жақта маған керек жұмбақ жоқ---
  20. Разы
    Разы 12.01.2021 15:44
    5 + 9 -
    Рақмет сіздерге жұмбақтар таптым

Ілмектер: өзен туралы жұмбақтар, озен туралы жумбактар, Киіз үй туралы жұмбақтар, Жер Табиғат құбылыс туралы жұмбақтар, Жер Табиғат құбылыс туралы жұмбақ, Загадки на казахском языке земля природа, жер табигат туралы казакша жумбак, сүңгі туралы жұмбақ жумбак, су туралы жұмбақ жумбак, жер туралы жұмбақ жумбак, өзен туралы жұмбақ жумбак, тау туралы жұмбақ жумбак, бұлақ туралы жұмбақ жумбак, мұз туралы жұмбақ жумбак, қар туралы жұмбақ жумбак, аяз туралы жұмбақ жумбак, боран туралы жұмбақ жумбак