Қазақ әдебиеті | Байдосұлы Күркебай

Қазақ әдебиеті | Байдосұлы Күркебай

Байдосұлы Күркебай, батыр (1830-1916 жж.).
Күркебай Байдосұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды (Кеңсу) ауылында дүниеге келген. Жас күнінен жүректілігімен, асқан мергендігімен көзге түсіп, «батыр» атанған екен. Ол елін, жерін шеттен келген басқыншы, шақырусыз келімсектерден қорғап, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өмірінің көп бөлігін жортуылда өткізген адам.
Кедейлерге болысып, аштарға азық тауып беріп, қамқоршы болыпты. Зар жылағанды уатып, көкірегі қарс айырылыпты, сондықтан патшаға жақпапты. Көнекөз қариялардың айтуынша Күркебай қол мерген болыпты. Не нәрсені болсын көздемей ата салатын көрінеді және атқаны қате кетпейтін көрінеді. Eл аузында тараған өлеңде:
Шығыпты сол Сәйкеден ер Күркебай,
Жыр қылып талай ақын айтқан мұны.
Аң құмар, асқан күшті бопты мерген
Айнымай атады екен көрген жерден.
Асырап аң етімен кедейлерді.
Oлжаға қарқ болыпты қасына ерген,
Өш бопты шонжарларға сол Күркебай
Жағынып көрсетпеген жылы шырай.
Жалбарынып не қылсын болыс-биге
Болған соң қайратына ақылы сай...
...Басына Күркебайдың төнді қауіп,
Жиынды пәле салды, жала жауып
Уйезден Зайсандағы солдат шығып,
Ұстамақ Күркебайды ебін тауып.
Бұл хабарды естіген батырды сол әділетсіз заманда қорғап қалу мүмкін емес еді. Сондықтан бас сауғалап қашудан басқа амал болмапты. Өзін ұстауға келген 60 солдатты қырып тастап Мәнжүр елінен бірақ шығыпты. Ол жерде Бөке батырды пана тұтып жүргенде Күркебайдың батырлығы Үрімжідегі Мәнжүр билеушілерінің құлағына жетіпті. Әміршінің алдына Күркебайды әкелгенде сағы сынбай, сұс көрсетіпті. Жандарал оқ жетер жердегі шаруаны көрсетіп, қолына мылтық бергізеді. «Көздемей атып, сонау шаруаның басындағы бөркін атып, өзін аман қалдырсаң басыңа бостандық берем»,-депті. Батыр әміршінің талабын мүлтіксіз орындап басына бостандық алыпты. Еліне келген Күркебай 1916 жылы дүниеден қайтты. Зираты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды аулының жанында.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?