Тәуелсіз Қазақстан!

 Тәуелсіз Қазақстан!

Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп-интернаты
8-сынып оқушысы Болатбек Арнұр
Жетекшісі Каражигитова Орын Бериковна 1-санатты тәрбиеші
«Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 26 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!
Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 161



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!