Қазақ әдебиеті | Жанайдар Орынбайұлы

Қазақ әдебиеті | Жанайдар Орынбайұлы

Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, Ұлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген. Жанатай осы жорықта қаза табады. Кенесары мен Наурызбайдан айырылып, көтеріліс тығырыққа тірелген тұста Жанайдар амалсыздан ат басын Арқадағы еліне бұрады. Ұлытаудағы ата қонысын бағаналы найман елінен қайтаруды талап етіп, Санкт-Петербургке барады. Көтеріліске қатысқанына Ресей патшасы кешірім жасағаннан кейін Жанайдар Терісаққан өз. бойы мен Арғанаты тауының етегіне қоныстанады. Жанайдар 1868 жылы қазақтың игі жақсыларымен бірге князь Владимирдің Омбыға келген құрметіне жасалған салтанатқа қатысады. Қажылық сапардан қайтып келе жатып жолда қайтыс болған. Баласы Мейрам Қайрақты деген жерде ат шаптырып ас берген. Жанайдарды "Баласы Орынбайдың Жанайдарды, Адасқан жөнге салған талайларды”, "Төртуылда Жанайдар жиҝан асқан ер еді” деп ақын-жыраулар жырға қосып, Сарамен айтысында Біржан да: "Кім жетер Жанайдарға Алтайдағы, Алты жүз жас бота мен тайлағы бар” деп, байлығын, парасаттылығын тілге тиек еткен. Көрнектi жазушы I.Есенберлиннiң "Қаһар" романында Жанайдардың Ақмола дуанының аға сұлтаны Қоңырқұлжаның ауылын шапқанда оны ажалдан қалай алып қаламын деп, "Ақ жол" атты қазақы ем-дом жасататыны жан-жақты баяндалған. Сол оқиға негiзiнде ел есiнде сақталған мынандай өлең де бар: Жанайдар артық туды жатырынан, 'Оқ тидi Жанайдардың балтырынан. Бiр айла өлмес жанға бола ма деп, Аттайтын қатын iздедi ата ұлынан. Аттайтын бiр де қатын табылмады, Төрелер тұңiлiп тұр қатынынан!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?