Зерттеу жұмысының бағдарламасы.
Жұмыстың мақсаты: Қаратау етегіндегі ұмытылып бара жатқан көне тарихи орындардың бірі
Қатынқамал үңгірін зерттей отырып, бүгінгі ұрпақтың санасын қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Оқушыда мектеп қабырғасында жүріп-ақ қазақ елінің,
жерінің,соның ішінде өзіміз туып өскен Сыр елінің құндылықтары жайлы білімі сол құндылықтарды сақтап,
қорғай білетін тұлға қалыптасады.
Зерттеу жұмысының теориялық мәнділігі: Оқушы Қаратау етегіндегі, өзіміздің ауыл төбесінде
орналасқан Қатынқамал тарихымен, қыр-сырымен терең танысып, өзіне материал жинап, жүйелеуге
қалыптасты. Тарих пәніне, тарихи орындарды зерттеуге, білуге, тануға қызығушылығы артты.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті, Республикалық «Дала мен
қала» газеті тілшілерімен, Қатынқамал қазіргі егесі Р.Құтыбаевпен сұхбат жүргізді.
Зерттеудің дербестік нәтижелілігі: Қатынқамал үңгірінің қазақ халқына, соның ішінде қыз-
келіншектерге қиын-қыстау заманда пана, қорған болғандығын, соған орай үңгір атының қалыптасқанын,
ғасырлар бойы жинақталған аңыздарды үлгі ету. Жас ұрпақты ғасырлар бойы сақталып келе жатқан осындай
тарихи орындардың ұрпақтан - ұрпаққа сақталып жеткендігін, оның бұқара халқы үшін тиімді болғанын іздеп,
зерттеу арқылы есте сақтау болып табылады.
Жұмыстың орындалу әдістері: Қаратау етегінде сан ғасырлық тарихы бар Қатынқамал үңгірін
зерттеп, пікірлесу, қорыту, жүйелеу, ой түю немесе тұжырымдау.
І.Кіріспе
Әлемдегі үңгірлер.
«Атың бар да жер таны ,желіп жүріп» деп, атамыз қазақ айтпақшы, мүмкіндік
болса, жұмыр жердің әр тұсында, әр заманда қабырғасы қаланған, тарихы тереңнен сыр
шертетін көне жәдігер ғимарат-нысандарды, пирамидаларды одан қалса, тарихи мәні
үлкен аймақтарды аралап көргенге не жетсін!
Жұрт қызыға көруге ұмтылатын ондай мекендері көп мемлекеттер бүгінде сол
байлығын бұлдап көрсетіп, қырғын пайда тауып отырғаны да белгілі. Мұны заманауи тілмен
2
айтсақ- «туризм» дейді. Ал осы туризмнің бір бөлігі, яғни бір саласы болатын спелеотуризм.
Спелеология - (грекше:speIaion-үңгір және logos-ілім) үңгірлердің шығу төркінін зерттейтін
ғылым. Онда үңгірлердің пайда болуы, морфологиясы, микроклиматы, суы, өсімдігі, ежелгі
қолданысы мен бүгінгі жағдайы қамтылады. Спелеология ХІХ ғасырдың екінші жартысында
француз Э.Мартельдің ұйытқы болуымен қалыптасты. Спелеология ТМД-да тек Кавказда
ғана қолға алынған. Ал қазақ даласында да қилы тарихтан сыр суыртпақтайтын, ертегі-
аңыздарға арқау болған қаншама үңгірлер бар. Бірақ бізде осы үңгірлерді зерттейтін
спелеология ілімі жоқ. Егерде кенже қалған осы саланы қолға алатын ілім дамитын болса,
үңгірдің қыр-сырына қызығатын талай жұрт біздің елге қарай ағылар еді. Бұл-біріншіден,
еліміздің өзге әлемге паш етіп, танытатын болса, екіншіден қып-қызыл пайданың көзі.
Бүгінде өркениетті елдер жер бетіндегі тарихи орындармен қатар, жер астындағы
үңгірлерін де қорғауға алып, көненің көзі ретінде жұртқа көрсетіп, көл-көсір пайда тауып
отырғаны анық. Қазақ даласында талай қызықты, шым-шытырық әңгімеге арқау болған
үңгірлер жеткілікті. Мәселен, соның бір-екеуін ғана атай кетейік. Қартаудағы
«Қатынқамал», Шығыс Қазақстандағы «Ақ бауыр», Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» (Қоңыр
әулие атты үңгір Баянауыл аймағында да бар), «Бектауата» және т.б. Бұлардың қай-
қайсысы да өткеннен сыр шертері анық. Мәселен, Қаратаудағы «Қатынқамал» үңгірі жайлы
түрлі аңыз көп.
Соның бірі Жоңғар шапқыншылығында Ақүйік өзені бойындағы Қаратаудың ұшар
басында осы үңгірге қырық қыз-келіншек паналанған. Үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек
жоңғар шапқыншылығы аяқталғанша, сонда өмір сүрген. Азық-түлігін оқта-текте
түнделетіп ер-азаматтар жасырын жол арқылы тасыған. Бұл үңгір төменгі өзен бойынан,
еңістен қарағанда көзге шалына бермейді. Өйткені маңайындағы қалың бұта мен қоқыс
тастар үңгірдің аузын көрсетпей жауып тастаған. Оған таудың етегінен өрмелеп шығып,
одан қия-қия соқпақтар арқылы төмен түсетін болған. Жол жобасын білетін ауыл адамдары
болмаса, сырттан келген адамдар үңгірге жете алмаған. Міне, осы үңгірді паналаған қырық
қыз-келіншек жоңғардың ажалына ілінбей қалған, кейін еліне қосылған. Содан бері бұл үңгір
«Қатынқамал» аталады. «Бектауата» үңгіріне ежелден бала көтермеген әйелдер, ауырған
адамдар түнеп, қасиеті мол үңгірден өздеріне күш-қуат, денсаулық және бала тілеген. Жеті
мың жылдық тарихы бар «Ақбауыр» үңгірі де құпияға толы. Әсіресе, онда ертедегі
адамдардың тасқа ойып салған суреттері, таңбалары жеткілікті. Өткеннің тірі куәсі деуге
болатын жер. Ал, Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» үңгірі жөніндегі де қызықты әңгімелер –
аңыздар көп. Соның бірі-жарты әлемді басып алып, ұлы империя құрған, шығыстан шыққан
3
Ұлы қаған Шыңғыс ханның мүрдесінің осы жерде жатуы жайында. Аңыз солай дейді.
Үңгірдің түбінде тұнып жатқан тағы көлдің тұңғиығында үлкен қара сандық бар, оның
ішінде Шыңғыс ханның гауһар тастары мен алтындары, яғни қазынасы осында сақтаулы. Ал
қара сандықты ешкім ашып, ішіндегі қазынаны алмауы үшін, сандыққа ешуақытта
өлмейтін өте улы қара қоңыздар салынған дейді аңыз. Қалай айтсақ та, аңыздың өзегінде
қаншалықты шындық барын кім білсін, әйтеуір, «Қоңыр әулие» үңгірінің құпиясы әлі ашыла
қойған жоқ. Әрине, қазақ даласында жүздеген үңгір бар. Сол үңгірлерге байланысты
жергілікті мекендерде көптеген аңыз-әңгімелер жеткілікті. Бірақ оны ешкім зерттеп
жатқан жоқ. Осы орайда айтарымыз, елімізде спелеология ілімін дамытатын кез жетті.
Егерде бұл сала жолға қойылса, спелетуризм өз-өзінен өркендер еді. Жалпы, қазақ даласы
көненің көзі болып саналатын, өткеннің айғағы болатын шежірелі орындарға өте бай. Бәрін
тізбелемей, әлемдік тарихтан ойып тұрып орын алатын Ұлы қолбасшы, Алтын орданың
негізін қалаған, Ұлытауда тұрған Жошының мазары, Алаша ханның мазары, ұлы жиһангер
Ақсақ Темірдің Алтын Орданы шабуға бара жатып, Ұлытауда екі жүз мың әскеріне тас
жинатып,тау көтерген жері,оған қашап жазу жазып кетуінің өзі бөтен жұртты
таңқалдыратын, қызыға көретін мекенге жара еді. Бұдан қала берсе, ерте және орта
ғасырларда қабырғасы қаланып, бүгінде тек сұлбасы қалған Сыр бойында жатқан қырық
кенттің де орны туристердің ат басын тірер мекенге айналдыруға әбден болар еді. Бұдан
өзге, үш жүз алпыс екі әулие мекен еткен, киелі Маңғыстауда қаншама тарихи орындар
жеткілікті. Амал қанша, осыншама киелі де қастерлі жерлерге ие бола отырып, әлі күнге
өзгеге мақтаныш ретінде көрсете алмай отырмыз. Мұның бірі иісі қазақ жұрты мекен
еткен ұлы далада талай іргелі қағанаттар, ұлыстар, мемлекеттер бой көтергенінен, тек
көшпелі өмірмен тіреліп қалмай, шаһарлар салып, гүлденген мәдени орталықтар болғанынан
хабарлар берер еді-ау. Жұмыр жердің бетінде жұртты таңқалдырған үңгірлер өте көп.
Соның бірі және бірегейі - АҚШ-тың Кентуки штатындағы Флинт-Мамонтов үңгірі. Оның
ұзындығы – 288 шақырым (кей деректерде 500 шақырым дегенді келтіреді). Оның бір
шетінен кіріп,екінші шетіне шығу үшін туристерге қанша уақыт кететінін есептей беріңіз.
Ұзындығы жағынан екінші орында-гипстен тұратын Украинадағы «Оптимис» деп
аталатын үңгір. Оның ұзындығы-144 шақырым. Бұлардан кейін Швейцариядағы «Хеллох»
және Украинадағы «Озерная» деп аталатын үңгірлер. Олардың ұзындығы 130 және 104
шақырымнан. Ал ең терең үңгір ол-Испания мен Францияны бөліп жатқан Пиреней
тауындағы «Пьер-Сен-Мартен». Оның тереңдігі 1332метр. Енді түсіп көр оған! Қап
тауындағы «Қарлы» деп аталатын үңгір одан 1320 метрге «таяз». Одан кейінгі орында-Альп
тауындағы «Берже» және «Жан-Бернар» үңгірдің бірі-Гренландияда. Тереңдігі 60метр.
4
Әлемде су астында жатқан ең үлкен үңгір Мексиканың Юкатан жарты аралындағы
«Үлкен»үңгір. Оған 13 су асты үңгірі мен дәліздері кіреді. Бір қызығы,ол кейінен су басып
кеткен баяғы үндістердің өркениетке қол жеткізген мая тайпасының бір қаласының орны
екен. Ал ең ұзын жерасты жолы Одесса қаласында. Оның ұзындығы-2500 шақырым. Туннель
көптеген залдардан тұрады. Кейбірі кейіннен жасалып, табиғи үңгірмен жалғастырылған.
Бұл жер асты жолдары Ұлы Отан соғысы жылдары жауып тұрған оқтан қорғану үшін
кеңес және неміс солдаттарына да көп қызмет атқарғаны тарихтан белгілі. Ал Римдегі
жерасты жолдары 800, Париждегі жерасты жолы 300 шақырымға созылып жатыр.
Акустикасы ең жоғары үңгірге Сицилиядағы Сиракузы қаласының маңындағы «Дионис
құлағы» деп аталатын үңгір жатады. Мұнда жай сыбырлап сөйлескеннің өзі әр бұрышқа
жаңғырып естіліп жатады. Ал айқай салсаң, дауысың зеңбіректің атқанындай дауыс
шығарады екен. Сондай-ақ дауысты ұлғайтып шығаратын үңгірлер әлемде жеткілікті
көрінеді. Ал ең кең үңгірге АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы «Карлсбадск» үңгірі
жатады. Оның ұзындығы -1300 метр, ені-200, биіктігі-100метр. Ең түбінде кеңдігі-400
метр болатын алаңы бар. [2]
ІІ .Негізі бөлім.
Қатынқамал үңгірінің пайда болуы
Ұлан-байтақ даланың оңтүстік өңірінде ұзыннан ұзақ созылып жатқан қарт Қаратау
қойнауында қаншама құпия бар. Көне дәуірді көзі көрген Қаратаудың әрбір тасының тілін
түсінсек, бүгінгі ұрпаққа беймәлім көптеген жайдың кілтін табар едік-ау. Қатынқамал
Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылынан 20 шақырымға жуық қашықтықта жатыр.
Қаратаудың етегінде ағып жатқан Ақүйік өзенінен 500 метрдей биіктікте орын тепкен.
Үңгірдің пайда болуы жөнінде мынадай деректер айтылады. Геологиялық тұрғыдан
жобаланғанда таудың күнгей бетінде үлкен терең жарылыстың ізі бар. Ғалымдардың
айтуынша, девон дәуірінде бұл өңірде қатты жер қозғалысы болған. Ол жердің қақ
айрырылуына алып келген. Таудың биік жағы бірден төмен түсіп кеткен көрінеді. Сол кезде
жарықтан жер дұрыс қабыспай қалған. Әрине, бұл деректер тек болжам ғана. Біз, қазақ
халқы,көп қуғын сүргінді көргенбіз. «Біз тәуелсіздікті аңсап,зарығып жеттік». Енді сол
тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Бүгінгі біздің әңгімеміздің желісі
жоғарыда аталған өзендердің бірі-Ақүйік өзені бойындағы көне мәдениет ескерткіштерінің
зерттелу тарихы жайында болмақ. Шындығында да Қаратау даласы археологиялық
ескерткіштерге өте бай. Осылай бола тұра бұл өңір зерттелмеген. Қатынқамал үңгірі
5
Ақүйік өзенінің орта тұсында өзеннің шығыс жақ беткейінде 500метрдей биіктегі үңгір.
Ескі аңыз бойынша жаугершілік заманында ерлер қалмақтармен соғыста, ал әйелдер мен
бала-шағасы осы үңгір қамалға тығылған жан сауғалаған. Үңгір қамал аузы елеусіз,тар да
іші 7-8 метрдей кең қазылған. Ұзындығы 11-13 км-дей болады. Қазіргі бүгінгі ұрпақтың тау
беткейіндегі бірден – бір таңдай қағысатын орны. Бұл біздің өлкеге келген шетелдік
туристерге де көрсетуге тұрарлық көне мұра,көне тарих шежіресі болады.[4]
Қатынқамал деп неге аталған?
Қатынқамал Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылыннан 20 шақырымға жуық
қашықтықта жатыр. Қаратаудың етегінде ағып жатқан Ақүйік өзенінен 500 метрдей
биіктікте орын тепкен. Үңгірдің пайда болуы жөнінде мынадай деректер айтылады.
Геологиялық тұрғыдан жобаланғанда таудың күнгей бетінде үлкен терең жарылыстың ізі
бар. Ғалымдардың айтуынша, девон дәуіріндегі бұл өңірде қатты жер қозғалысы болған. Ол
жердің қақ айырылуына алып келген. Баудың биік жағы бірден төмен түсіп кеткен көрінеді.
Сол кезде жарықтан жер дұрыс қабыспай қалған. Әрине, бұл деректер тек болжам ғана.
Елдің арасына аңыз болып тараған мынадай әңгіме де бар. Қаратаудың ұшар басындағы осы
үңгірге жоңғар шапқыншылығы тұсында қырық қыз-келіншек пен балалар паналаған екен.
Олар соғыс аяқталғанша сонда өмір сүрген. Ас-ауқатты ер-азаматтар түнге қарай
жеткізіп тұрған. Үңгір сол себепті Қатынқамал аталып кеткенге ұқсайды. Ылдидан қараған
адамға үңгір көзге шалына қоймайды. Ақүйік өзені таудың осы тұсында ағып жатыр.
Аталмыш өзеннің екі жағынан құз-жартастар жалғаса береді. Олар аяқталар тұста үңгір
орналасқан. Жан-жағы биік. Өзі тар қуыста орын тепкен. Мұндайда жатқан қоқыс тастар
мен топ шеңгелдер үңгірді бүркемелеп тұр. Оның аузын көрсетпейді. Таудың етегінен
көтеріліп, өрмелеп шығу мүмкін емес. Айналма жолдар арқылы таудың басына шығуға
болады. Содан кейін қия-қия соқпақтар арқылы адамдар үңгірге төмен түседі. Жолдың
жайын білетін жергілікті тұрғындар болмаса,оған көп адам бара алмайды. Жаңақорғандық
журналист Құдайберген Ертасов 1975жылы аталмыш үңгірдің ішін көрген. Бұл жайында ол
аудандық газетке мақала жазды. Ол кісінің айтуынша, үңгірдің ауызы өте тар. Адам еңкейіп
зорға кіреді. Әйтсе де,ары қарай жол кеңейе түседі. Үңгірдің ауасы өкпе қысарлықтай емес.
Таза екені тыныс алғанда бірден білінеді. Түкпіргі бөлігінде жел соғып тұратын саңылау бар
секілді. Үңгірде он-он бес қадамдай әрірек жүргенде жарық сөніп қала беріпті. Үңгірдің
табанында ұлпа тәріздес ақ ұлпа шөгіп қалған. Тас үйдің іші дымқыл тартып тұрады.
Төбесінен су тамшылайды. Үңгірде адам түрегеп жүре алатындай жағдай бар. Ішінде сәл
ғана дауыстың өзі жаңғырып естіледі. Халық арасында үңгірдің өте ұзын екені жиі
6
айтылады. Оның екінші басы Талап елді мекені тұсындағы Талдысу өзеніне дейін жететін
көрінеді. Көне заманда осы екі аралықта адамдар қатынаған болуы әбден мүмкін. Бүгінгі
күндері бұл аралықта ешкім жүріп көрмеген. Екі аралықта ұзындығы 18-20 шақырымға
жуықтайды. Үңгірдегі әрбір дыбыстың жаңғырып естілуіне қарағанда ауасы тар еместігін
аңғару қиынға соға қоймас -, дейді Құдайберген аға. [5]
- Қатынқамал
Алматы қаласынан арнайы зерттеуге келген Сапарбай Парманқұлов жолдас
Қыраш елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп «Нұр Отан» ХДП Жаңақорған аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сүлеймен Садыбай, фотограф әрі оператор
Ислам мырзамен бірге әңгімешіл Мырзахметов Қасымдарды ертіп Қаратаудың Қатынқамал
үңгіріне бет алған.
Шіркін, Қаратаудың да өз сұлулығы тұнған сыр дерсіз. Арқа тұсыңнан соққан самал
лебі терге көмілген өң бойыңды аймалайды. Ентіккен күйі деміңді басу қиын. Қайта
бұрылып, ілгері жылжисың. Қия беттегі сүрлеудің әрбір тасын санамалағандай ақырын аяқ
басасың. Табан жолды қиыршық басып қалған,байқамасаң тайып кетесің. Шың
алқымындағы қос тасты діттеп келемін,соған жетсем бағытқа алған Қатынқамал үңгірінің
аузы үңірейе қарсылардай көрінеді. Демімді алуға тағы аялдадым. Әр қадам басқан сайын
аяғым салдырап қалды. Тістеніп ілгері кейін басамын. Маңдайымдағы тер моншақтады,
еңкейген күйі қой тасқа қарай жылжи түстім. Әупірім дегенде армандай болған, көз
алдыңда бұлдырап тұрып алған қой тастың біріне шынтағым ілінді. Шіркін, Қаратау ...
Көне кіндік Қаратаудың әр жер-әр жерде еңсе көтерген шоқ-шоқ құздардың керемет
келбетіне қызыға қараған сәтте, қайдан екені белгісіз, ғайыптан естілген сәби үні мына
ғажайып өлкені өзгеше ырғағымен тербетіп тұр ма дерсіз, жылаған баланың құмыққан
дауысы бүткіл атырапты селт еткізгендей, содан сәл уақыт өтпей өзінен өзі тау-тасқа
сіңіп жоғалатыны несі-аңғардың арғы бетіндегі жартасқа иек артқан алау күннің алқызыл
шуағы аймалайды...
Тасқа сүйеніп тұрып, тыныс алдым. Сәлден соң ғана жан-жағыма анықтай қарадым.
Асу басында тұрғандай сезінесің, құздан төмен құлаған сүрлеу сұлбасы жарқабақтың
беткейімен сәл төмен түскен бойы сусыған қалың тастың арасымен ілгері озады екен. Қия
беткей қаланып бітпей қалған тас қабырғалар секілденіп көрінеді. Сүлеймен бастап әңгімені
Қасым қостаған үшеу біраз жүріп барып қия беткейдің арасынан әлдене іздегендей үңілді.
7
Алдыңнан самал еседі,сүрлеу жиегін басқан қалың қияқ тербеледі. Мен де ілгері жылжыдым.
Аяқ астындағы тас сусиды. Ақырын ептеп басқан күйі жүріп келемін,қара саным талып
қалғандай салдырап көрсетпейді. Құжыр тастың әрқайсысынан сүйеу іздегендей бір ұстап
ғана алға жылжимын. Тым төменде ирелеңдеген өзен сарыны да өзіне еріксіз назар
аудартады. Тас қабырғалары көлбеу күйінде бірінен соң бірі өріліп тауды құрап тұрғандай,
шын мәнінде төменнен жоғарыға қарасаң қабағы түскен құз жартас, ал жоғарыдан
төменге қарасаң ғана аңғарар едіңіз,мың сан тас қабырғалар арасынан үңгір аузы үңірейіп
көрінеді. Үш достың қызықтай қарап тұрғаны сол екен. Қатынқамал үңгірінің аузы.. Тас
астаудың бір жақ қабырғасы секілденген бөгеттен асып түссеңіз,кішкентай тесіктен ішке
енесіз. Үңгір аузы тар көрінгенімен,тас қабырғаның арғы жағы ғаламат әлемге енгендей
боласыз, алдымен еңбектей бастап,артынан бойымызды ақырын тіктедік. Теп-тегіс
еденнің әдемілігі таңдай қақтырады. Тізе бүгіп отырдық. Айналамызды қолмен сипалап
қоямыз. Үңгір аузынан саулап нұр құйылады. Жарықтық тас үңгір үйдің кейпіне келеді.
Қоңыр салқын лепті сезінемін. Қараңғылыққа көз үйретейін дедік. Тым-тырыс үнсіздік,тау
қойнауындағы өзгеше бір тылсым дүние, қолымыздағы жарықты жағып, қарсы бетіміздегі
қабырғадан бастап қарадым. Құжыр тас төне түскендей. Алты қанат киіз үйдің
аумағындай жер, тек бір бұрылыстағы іргеден кішкене тесік көрінеді. Қасым әңгімешіл
тізерлеген күйі сол жақтан көз алмады.
- Қатынқамалдың кіре беріс дәлізі осы енді. Мына тесіктің арғы жағында үлкен
үңгірдің өзі,- деп бір қойды. Жаудан үріккен қырық қыз-келіншек тас еденге етпеттей түсе
еңбектеп құйтақандай тесіктен өтті-ау... Тұғиық ой мазалап, біз де әлгі үңірейген тесіктен
тас шығарып көрдік. Алғашқыда епетейсіз қозғалдық па, екі иығымыз жақтауға кептелді де
қалды. Сосын артқа шегініп,қолымыздағы шамды ыңғайлап қайта бас сұқтық. Шамның
әлсіз жарығы тас қабырғаның әр жер-әр жерінде ойнақ салды. Түпсіз қараңғылықтың бітер
жері жоқтай,қолымдағы жарық жұтылып кетті дерсіз. Құжыр-құжыр жартас тынысты
тарылта түскендей, сұсты кейпімен еңсені басады. Қою түнек қаусырлаған үңгірдің ұшы-
қыры жоқтай көрінеді. Әлде бір дауыс жаңғырықты, күмбір-күмбір бір үн құлақ тұсында
тұрып алды. Кейін шегініп,басымды көтергенімде байқадым, фотограф Ислам дәл жанымда
тізерлеп отыр екен. - Бұл үңгір ұзына бойына ары қарай кете береді, бала кезде қызығып
біраз жерге дейін барғанбыз. Ары қарай жүре беруге дәтіміз шыдамады, қолдағы шырақ,
неге екенін белгісіз өшіп қала береді. Содан қорықтық та кері қайтып кеткенбіз. Көп
кісіден естідім, шам жанбай өшіп қала береді. Бәлкім, оның да бір құпиясы бар шығар, -
мойнындағы фотоаппаратын ыңғайлап жатып, бір иығын көтеріп қойды. Қатынқамал ...
8
Құж-құж тасқа телміре қараған сәт ойға ел арасында айтылатын аңыздың тағы бір
нұсқасы өзіне еліктіре түседі: - Ауылға жау жақындай түскенде сарбаздар әйелдер мен
балаларды аман алып қалу үшін тау басындағы үңгірге ертіп әкеліп жасырады,ал өздері із
жасыру мақсатында қаша жүріп соғысады. Құз жартастардың арасындағы аңғарларды
айнала шайқасып жүргенде жылаған сәбидің үні тау-тасты жаңғыртады. Сәбидің
тосыннан естілген үні жаудың да өн бойын дір еткізіп, бәрі қалт тұра қалады. Беймәлім
дауыс жаңғырығы құз басынан естіледі. Өре тұрып тау беткейіне ентелей жүгірген жау
үңгірі аузын тауып алады. Аллатағаланың күші ме,әйтеуір үңгірдің аузын тез арада өрмекші
өрмек тоқып тастаған деседі. Сөйтіп, жау бұл жерде ештеңе жоқ деп кейін шегінген екен -,
дейді. Көне кіндік Қаратаудың әр жер-әр жерде еңсе көтерген шоқ-шоқ құздардың керемет

дауысы бүткіл атырапты селт еткізгендей, содан сәл уақыт өтпей өзінен-өзі тау-тасқа
сіңіп жоғалатыны несі-аспанға қарасақ, қос қыран құс қанатын жайып құздың құздың
ұшар басын айнала ұшып жүр. Күн ұясына ілінгенде Қаратаудың аңғарына шығып
алыстағы ауылға беттедік. Көз ұшында көкжиекке ілінген болар болмас ай сұлбасы көрінеді.
Жарықтық жаңа ай туыпты. [1]
Қатынқамал үңгірінің тарихы.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін сұлтандар мен феодалдар, шонжарлар арасында
билікке талас күшейе түсті, қазақ жүздері бір-бірінен ажырап, бөлшектене бастады. Бұл
жағдайды пайдаланған жоңғарлар үздіксіз шабуыл жасап, әсіресе отырықшы өңірге
шабуылын жиілетті. Жоңғар мемлекеті қазақ еліне үнемі көз алартып өзінің саяси
экономикалық және идеологиялық шабуылын толассыз жүргізді. Жоңғар мемлектінің негізгі
мақсаты-қазақ елінің тәуелсіздігін айырып ұлан – байтақ жерді өзіне қарату. Сондай
аласапыран оқиғалардың бірі-ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде қонтайшы Цэван Рабданның баласы
Қалдан Церен бастаған жоңғарлардың тосын шабуылы болды. Жер қайысқан қалың қолмен
Шығыстан Қаратауды бетке алып,жоңғарлардың бұл жасаған жан түршігерлік толассыз
шабуылы мал жайылымы ыңғайынан көшіп жүрген қазақтардың тез қосып
ұйымдастыруына үлгертпеді. Ел басына ауыр күн туды, жазықсыз жандардың қаны төгілді,
мал-мүліктері таланды. Ер азаматтар сүйем жер үшін қасық қаны қалғанша жаумен
айқасып жатты. Алысқа қашып үлгере алмағандар қатын-қалаш, бала-шаға тау –тасты
паналады. Ел басына қара бұлт болып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723ж)
басталды. Міне, осындай ауыр зұлматты күндерде тау өңірі мекендеген ауылдың қыз-
9
кліншектеріне пана болған, оларды сеңдей қаптап келген қара жүрек жоңғарлардың қанды
шеңгелінен аман алып қалған Қаратау басындағы «Қатынқамал» үңгірі еді. Үңгірді паналаған
қырық қыз-келіншек жоңғар шапқыншылығы аяқталғанша сонда өмір сүрген. Азық-түлігін
оқта –текте түнделетіп ер азаматтар жасырын жол арқылы тасыған. Бұл үңгір төменгі
өзен бойынан,еңістен қарағанда көзге шалына бермейді. Өйткені маңайына қалың бұтамен
қоқыс тастар үңгірдің аузын көрсетпей жауып тастаған. Оған таудың етегінен өрмелеп
шығып, одан қия-қия соқпақтар арқылы төмен түсетін болған. Ел арасына тараған көнекөз
қариялардан бізге жеткен аңыз әңгімелер Жау бұл өңірге шығыстан келді. Жау тым көп еді.
Соңғы айқаста Толғанбай жасағы қарақұрым шегірткедей боп, құмырсқа қаптаған қалың
қолға төтеп бере алмай шұғыл шегініп кетті. Жау еркін қозғалды. Екінші күні қаннен-
қаперсіз келе жатып, аумақты, биіктеу жерді тұтас басқан бұталы топ шеңгелді биікті
айналып өтпек болғанда, жау Толғанбай мен Тарланбектің жасырынып жатқан жасағын
ойда-жоқта жіберді. Екінші топпен екі күн, екі түн айқасты. Түнде жан-жақтан шеңгелге
от қойып, айдай жарықта соғысты. Бұл топ бірігуге жақындаған кезде соңғы кезекті тобы
келіп айқасқа түсті. Қырғын қайта өршіді. Кезек-кезек келгенде төтеп бере алмай
Толғанбайдың қалған тобы Қаратауға, оның Түркістан қаласына асатын белгісі асуына
шегінді. Жолда Баба ата, Шолақ, Жаңақорған, Ортақорған бекіністері бар еді. Бұларға
жеткен бойда тауға елді тас жарған табиғи паналарға көшірілді де өздері осы төрт
бекініске бөлінді. Толғанбай өзі туып-өскен Жаңақорған бекінісіне тоқтады. Бұлар бұлақ
басында отырған ауылына келді, Ақкенжемен кездесті. Толғанбай жарын құшып, жаны
жай тауып, ұрыста шеккен жапасын ұмытты. Ертеңіне ұрыстан күйеулері қайтыс болған
жетім - жесірлермен Қаратау асып кетті. Ақкенже: «Осы біз қайда, кімге, қай
нағашымызға бара жатырмыз», - деп ойлады да, асудың ем қысымшақ, жолдың екі
жағынан бірдей жартас төніп тұрған жеріне жетті де құздың көлеңкесіне дамылдады.
Шаршаған, шөлдеген топ бұлақтан су ішіп үн-түнсіз көп отырды. Құздың сұп-сұрқай,
тарғыл тастары біреудің үрейін туғызды. – Ақкенже жеңеше, мынау отырған жеріміз
сұмдық қой. Қараңызшы түрі қандай суық! - деді. Ол басын көтеріп жоғары қарады. Айтса
айтқандай,төбеден төніп тұрған құз жартасының қабағы қатаң, түсі суық, бетіне қан
шашырап кеткендей айғыз-айғыз, тарғыл-тарғыл екен. Мұның басына неше түрлі үрейлі
ойлар келгенмен, онысын көпке сездірмеді. Қимылсыз, салқын отырған күймен жайлап қана,
асықпай сөйледі. Ақкенже қалың топты жон үстінде қуып жетті. Жондағы тыныстау
кезінде артта қалған туған жерін, кешегі Жалғанбай мен Ойбай шеңгелде өткен жойқын
соғыста қаза тапқан боздақтарын, жалғанын жарып,жақынын жоқтаған жан
түршіктірер жоқтау мұң мен зарға толы дауыстар естілді. Биікте, тау басындағы дауыс
10
қандай ашық, қандай таза болады десейші. Желпінткіш таза ауамен қатар тау-тас
жаңғырығы қосылып, үнді көтере түседі ғой. Соның өзінде әркім өз көкейіндегі жатқан
мұңын айтқан көп дауыс,сан үннің арасынан «Қаратаудың басынан көш келеді,көшкен сайын
бір тайлақ бос келеді» деген зар толқынға түсіп-шығып, батып-көтеріліп, үзіле-жалғана
қайта шығып жатты:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.
Әлден уақытта осы бір аса зарлы әуен осындағы шұбырылған қауымның жан сыры, жан
дауысындай болып, бір-біріне ұласып кетті. Ақкенже де қосылды. Қайта-қайта айтылды.
Содан кейін барып, көпшілік жоннан көтерілді. Бірақ, амал не, кім бастады, кім
айтты,шығарған кім екенін білмей аттанды. Білудің де қажеті жоқ еді. Кім де болса көптің
көкейінде шемен болып қатқан мұңды айтты және дәл айтты... Жетім –жесірлер тобының
алдыңғы жағында, салы суға кеткендей жүнжіп келе жатқан Ақкенже: - Үрей туғанда,
біреу-екеу, екеу-он болып көрінеді. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осыдан қалған. Асығып-
үсігіп кімге барамыз? Бізді күтіп отырған кім бар? Түнде не болса да осында түнеп
шығамыз. Қалғанын таң атқанда көреміз! - деді. Аттар босатылып,түйе шөгерілді. От
жақты. Қазан асылды. Жесірлер мен босқындар ақіреттің қыл көпіріндей қысылшаң, құпия
санға түнеп қалды...
- Біз таудың күнгей бетіндеміз жүрер жол қалған жоқ. Мына құздың басына шығу үшін
кемінде бір – екі күндік жол шегеміз: Айналып алысқан шығамыз. Менімен кімде- кім
боламын десе қалсын. Қазір көшеміз. Тауға енеміз. Жартасты паналап, биікті мекендейміз
Ақкенжемен бірге қырық жесір қалды. Бұлар жедел көтеріліп,тауға сүңгіп кетті... Ақкенже
бірге қырық жесір қалды. Бұлар жедел көтеріліп,тауға сүңгіп кетті ... Жау ендігі жерде
Түркістаннан шығып, Жаңақорғанға беттеді. Елді қырып, мал-мүліктерді тонады, осы
кезде ауыл адамдарына пана болған Қатынқамал үңгірі еді. Өркеш-өркеш болып, түйедей
шөгіп жатқан қартпалы қарт Қаратаудың басынан не өтпейді?! Заманалар тылсымына
еніп кеткен,малын жайғап, бейбіт өмір сүріп жатқан қарапайым халықтың басына зарын
төккен талай-талай аласапыран оқиғалардың куәсі болған – бұл Қаратау! Ауылдың мал-
11
мүлкін талап, ауылдың тоз-тозын шығарып, елді – елдігінен айыра жаздаған жаугершілік
заманда талай жандардың панасы болған - бұл Қаратау! [3]
Қаратау басындағы Қатынқамал – мәдени мұрамыз.
2004 жылы 4 сәуірде Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын
жария етті. Бұл жолдауда Елбасы ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған
негізгі бағыттарында мәдениет, білім беру мен руханият салаларын дамытудың мәселелері
қарастырылды. Соның ішінде екінші тарауында 2,3 тармағында мәдени-тарихи мұраны
сақтауда былай деп көрсетілген. Руханият пен білім беру салаларын дамытудың аса
маңызды құрамдас бөлігі ретінде бір қатар ауқымды жобалардың басын қосатын мәдени
мұра арнаулы орта мерзімді бағдарламасын әзірлеп іске асырды. Оның мақсаты: Ұлттық
тарих ішінде ерекше маңызы бар елеулі мәдени тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына
келтіруді қамтамасыз ету туралы айтылған. Соның ішіндегі Қаратау басында Қатынқамал
үңгірі. [4]
ІІІ. Қорытынды.
Қаратаудың баурайы тылсым неткен!
Туризм саласына ерекше мән беретін өркениетті елдерде мұндай орындар көзден таса
қалып қоймас еді. Өкінішке қарай,біздің елімізде әлі күнге дейін осындай жерлерге мән
берілмей келе жатқаны жасырын емес. Қатынқамал үңгірі талай шетелдіктің таңдай
қағатын мекеніне айналары даусыз. Алайда кенже қалған туризм саласының мұндай
арманымызды жуық арада асыратын түрі жоқ. Қаратау беткейіндегі Бірлік ауылының
азаматы Құтыбаев Рахымбаба Байбосынұлы 1953жылы 15 шілдеде туылған. 1960-1970
жылдары №55 «Бірлік» орта мектебін бітірген. 1975-1978жылдары Қаз ГОССХИ-дің
механика факультетін үздік белгімен бітірген. 1975-1978жылдары Түркістан қаласындағы
индустриялды педагогикалық техникумында мұғалім болып жұмыс істеген. Бірлік ауылында
1978-1980 жылдары бас инженер-механик, 1993-1995жылдары Жаңақорған аудандық
топырақты құнарландыру мекемесінде басқарушы болып жұмыс жасаған. 1 наурыз 1995
жылдан «Ынтымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігні құрып, оның құрылтайшысы
әрі директоры болып жұмыс жасап келеді. «Ынтымақ» ЖШС-і асыл тұқымды қаражал
қойын өсірумен айналысады және ауыспалы егіс танабын сақтай отырып күріш өсірумен
айналысады. «Ынтымақ» ЖШС-інің меншігінде 4500гектар жайылымдық 750 гектар
12
егістік жерлер бар. Оның ішінде Ақүйік өзенінің бойындағы «Қатынқамал» үңгіріндегі 100
гектар жер біздің меншігімізде, - деді өз сөзінде Құтыбаев Рахымбаба. «Ынтымақ»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Құтыбаев Рахымбаба Байбосынұлы ол
жерге келешекте демалыс орнын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Қазір бұл жерлер
жергілікті кәсіпкер Рахымбаба Құтыбаевтың меншігіне қарайтын алқап болып саналады.
Ескінің көзіндей үңгірдің сақталуына қолдан келгенше қамқорлық танытып жүрген азамат
«келешекте бұл араны аяғы үзілмейтін орынға айналдырсам» дейді. Осы маңнан адамдар
сейілдейтін демалыс орнын салсам деп жоспарлап жүр. Қазақтың жері көптеген қызыққа
толы.Ол жайлы айтылар хикметтер де жетерлік. Десек де, ерекше өлкелеріміздің барлығы
бірдей ғылыми тұрғыда таразыға тартыла қойған жоқ. Бұл орындарды халықтың қажетіне
жаратуға да ешікм көңіл бөлер емес.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?