Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға

 Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз – қолына уақыт пен кеңістіктің
байланысын ұстаған АЛЫП, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен
ақылды, талантты ашқан КОЛУМБ, барлық күрделі нәрсені қарапайым
тілмен жеткізе білетін ДАНАГӨЙ, жалынды сөздері мен жастарды ерлікке
жетелейтін ШЕШЕН, дүниенің жанды сұлулығын көрсететін СУРЕТШІ,
жан-дүниесінің бүкіл болмысын көре білетін АДАМ.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті,
шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін
мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден,
адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс
болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем,
үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді
мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен білім
беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне
шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.Ол нағыз
ұстаздың ғана қолынан келеді.Ұстаз атана білу, оны қадір тұтып,
қастерлеу,арыңдай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген
қызығушылық пен сүйіспеншілік ғана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді,
іске батыл кірісуге септігін тигізеді.
Білім беру жүйесінің мамандарының кәсіби икемділік пен ұтқырлықты,
сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас
буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев : «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер,

өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», -
деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық
шеберлік қажет. Педагогикалық шеберлік – дарынды талант емес, үйрену,
іздену нәтижесі. Мұғалімнің шеберлігі жөнінде жазылған қағида жоқ.
Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық
ар-ожданың, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл
мұғалімнің дүниетанымы мен үлкен жүрегінен шығады. ХХІ ғасыр ұлттық
бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі
экономикалық реформаларымен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай
интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге
сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім
барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.Мұғалімнің негізгі
басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды
қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор,
бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,
зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін,
жанашыл болуы керек.Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін- өзі
тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту. Мұғалімнің өзі
жеке тұлғаға көтерілмей, ондай зор мақсатқа жету мүмкін емес.
Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық
қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибиесінің
дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің
негізі, біріншіден мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан-жақты,
терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына әдеп, әдет, дағды сияқты
жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.Үшіншіден оқыту
мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерді міндетті түрде меңгеруі. Күнделікті іс-
тәжірибиеде мұғалімнің кәсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай
жасау керек, ол үшін мектепте ғылыми әдістемелік кеңес пен бірлестіктермен
және зертханалардың жұмыс істеуі тиіс.Бүгінгі өмір талабына сай
ұстаздардың білімділігі мен біліктілігін шыңдап отыратын жоғарыда
атапкеткен мәселелермен қатар, әр мектепте интернет жүйесі барлық
сыныптарға қосылып жұмыс істеуі тиіс.
Жаңа тұрпатты ұстаз тұлғасы мен іс-әрекетін жүйелі ұғыну үшін оған
жаңа теориялық методологияның негізінде талап қойылуы тиіс. Мұғалімнің
кәсіптік мәдениетінің өрістеуіне жан-жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай
жасауын ескерген жөн. Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби
деңгейі жоғары , интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол
оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне
шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп
есептеледі. Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың
мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге
саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін мақсаты
осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салу
керек». Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет әлем есігіне еркін

енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, тіл мәдениетін құрметтей білетін,
рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, жан-жақты
ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу, ұстаз
атана білу – әр мөңалімнің борышы.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған,
зерделі, дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен
шығармағанымыз жөн.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған
шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми
зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім»
түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған.
Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп
отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби
сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша
пайдаланатын құзыретті тұлға.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына
әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа
тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында да білімі мен білігі
жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел
қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа
формация мұғалімінің еншісіне тиері хақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?