Батыр бабаларымыздың ерлігі

 Батыр бабаларымыздың ерлігі

Мақтарал ауданы Мырзакент кенті
«А.Пушкин атындағы ЖОМ» КММ-нің
7 сынып оқушысы Ятимов Жахонгир
Жетекшісі: Мутаева Жадыра Сабитовна
Басынан көне тарих төмен құлдап,
Тағдырын туған елдің келем жырлап.
Өзегім талып жеткен Тәуелсіздік,
Өмірде не бар екен сенен қымбат?

Мен 7 сынып оқушысы Ятимов Жахонгир. Ұлтым тәжік. Соған қарамастан мен өзімді қазақ халқының перзентімін деп мақтанышпен айтамын. Себебі мен осында, кең-байтақ, азат елде дүниеге келдім. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрпын, ақындары мен жазушыларының көркем шығармаларымен мектеп табалдырығында оқып, үйренудемін. Ал қазақ тілінде сөйлеу мен үшін үлкен абырой. Мен қазақ тілінде өз ойымды еркін жеткізуге тырысамын. Ұлты қазақ құрбыларым өте көп. Бірақ бұның бәрі мен үшін аздық етеді. Өйткені мен қазақ елінің перзентімін, сол себепті қазақ елінің тарихын, ұлы тұлғаларын, бостандық үшін күрескен батырлардың ерлігін, хандар мен билердің ұлы саясаттарын толық білуім керек деп есептеймін. Сол мақсатпен мен сабақтан тыс көптеген тарихи шығармаларды оқып, елемнің тарих бетінде қалған ұлы тұлғалардың есімімен танысудамын.

Қазақтың арғы-бергі тарихында ауыз толтырып айтарлықтай аңғалда да қайсар, халық қамын көздеген қаһарман, азаттық үшін алысқан батырлар аз емес. «Ереулі атқа ер салап, егеулі найза қолға алып» қылыш сермеген, елінің азаттығы жолында құрбан болған батыр бабаларымыз ел есінде мәңгі қалмақ.

ХҮ ғасырдың орта кезінде өз алдына отау тігіп, өзге жұрттардан бөлініп шыққан кезден бастап қазақ халқы жүздеген жылдарға созылған жаугершілік заманды басынан кешірді. Жері мен елінің бостандығы үшін жан берісіп, жан алысқан ұрыстар барысында әлемнің бірде-бір халқында жоқ батырлар институты қалыптасты. Жан-жағынан анталаған жауларға қарсы тұруда қазақтар отбасы, ошақ қасында қалмай, ту астында жинала білді. Ұранға шықпай, өз үйінде қалу қазақ үшін өлімге теңелді.

Жәнібекпен Керей сұлтандардың бөлініп, «қазақ деген елміз»- деп ұрандатып, ту көтеруінің өзі ерлік. Олар алда қаншама қиындық пен шайқастар күтіп тұрғандарын біліп, сезсе де артқа қайтпай алға, жарқын келешекке ұмтылды.

Басында қазақ елінің бірігуіне көптеген кедергілер болды. Қаншама қилы кезеңдерді бастан кешірді. Бірақ соған қарамастан туларын биікке көтерді. Тарихта қалмақтармен болған қанда соғыс «Ақтабан шұбырынды» деген атпен есте қалған бұл қырғын шайқаста да қаншама батырлар елім, жерім деп құрбан болды. Бұл соғыста ұлы батыр бабаларымыз жеңіске жетті.

Абылай хан, Тәуке хан, Есім хан, Тәуекел хан тағы басқа хандардың қасында жүрген, ерліктерін көрсеткен, жерлерін түрлі жаулардан қорғаған Наурызбай, Жалаңтөс, Бөгенбай, Қамбар сияқты қаншама батырлар болды. Олардың барлығы ел бірлігі мен тәуелсіздігін қорғауда болды.

Бірақ кейін келе саясат пен өмір талабының өзгеруіне байланысты қазақ елі Ресей империясына бағынуға мәжбүр келді.

Бұл кезде де қазақ елі басынан қаншама қиын кезеңдерді өткізді. Құнарлы жерлерінен, төрт-түлігінен айырылуы, қаршадай ұлдарын ауыр тыл жұмыстарына әкетуі, ол аз болғандай Ресей империясы қазақ азаматтарын алдағы әскер қатарына қойып соғасқа аттандыруы тағы сол сияқты қанаушылық саясат қазақ халқын тығырыққа тіреді. Сол арада Махамбет, Амангелді, Исатай сияқты тағы басқа батырларымыз қолдарына қару алып, ереуілдерге шықты. Бірақ бұл кезде қазақ елінде күш те, билік те болмады. Сол себепті олар әрдайым жеңілетін. Бірақ күшінің аздығына қарамастан олар бір жағадан бас қосып қайта ел мүддесін қорғауға шығатын.

Тәуелсіздік қарсаңында болған Желтоқсан көтерілісі де қазақ ұлдарының батыр екенінің бір куәсі. Қазақ жастары жас болса да, елін өзге ұлт өкілі Колбинге қазақ елінің билігін бермеу үшін қанды ереуілге шықты. Сол кезде де Ләззат, Қайрат, Ербол, Сабира, Түгелбай сияқты жастар қаршадай жас кезінде құрбан болды. Бірақ бұл көтерілістің соңы еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына көп әсерін тигізді.

Мен қазақ елінің тарихын қазақ тілі сияқты қызығып оқимын. Бұл шығармамда мен белгілі бір батырға, не ханға, не басқа да бір ірі тұлғаға тоқталмады. Себебі тарихты оқыған сайын қазақ халқының қаншама батыр перзенттерімен танысамын. Олардың ерліктерін оқып, олармен танысу мен үшін үлкен қуаныш. Сондықтан да мен қазақ халқының әрбір азаматы батыр, тарихи ірі тұлға деп санаймын. Қаншама қилы заманды бастан кешірген, сол кездегі қиындықтарға төтеп берген қарапайым халықтың өзі батыр емеспе.

Келешекте осындай қазақ халқының қамын, тағдырын ойлайтын қазақ елінің перзенті бола аламын деп айтамын.

Елім деп соғар жүрегім,

Кеудемнен жаным кеткенше.

Ел қамын ойлап жүргеймін,

Елімді ешкімге бермеймін.

Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, Қазақстанда тұратын әрбір азамат қазақтың батыр бабалары сияқты отаншыл болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 765



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?