Жаз мезгілінде тұмауды қалай емдейміз?
Жылдың кез келген мезгілінде суық тиіп қалуы мүмкін. Әсіресе, далада ыстық болып тұрған кезде ауырғымыз келмейді. Жылы ауа-райында суық тигеннен қалай емделеміз?
Аурудан жылдам құтылу үшін бір уақытта түрлі ауру белгілерімен күресу қажет:
– Тамағыңыз ауырса, спрей қолданып, аузыңызды шайыңыз. Ауыз шаюға мына ерітіндіні қолдануға болады: 1 стақан жылы суға 2 тамшы йод тамызып, 1 шай қасық ас содасын салыңыз. Барлығын араластырып, дайын ерітіндімен аузыңызды шайыңыз. Бұл процедураны күніне 3-4 рет қайталаған жөн.
– Мұрын бітелу кезінде спреймен қоса, дәріханада сатылатын мұрын шаюға арналған кез келген құралды алып, қолданыңыз. Мұрын шаюға тиімді болып теңіз тұзы ерітіндісі жатады. Ол гайморит секілді ауруларға апармаудың алдын алады.
– Жұмысқа (немесе сабаққа) бармай, төсекте жатып, демалыңыз.
– Үйдің ауасын тазартып, уақытылы желдетіп тұрыңыз, бірақ жылы киініңіз.
– Тұмауды емдеу үшін сұйықтықты көп ішу керек. Ыстық күндері жидек морсы, лимон қосылған су, цитрусты жемістерден жаңадан сығылған шырын, жидектері немесе лимоны бар көк шай көмекке келеді. Сұйықты мол ішу — ағзадан токсиндерді шығарып, тұмаумен күресуге көмектеседі.
– Бұл шақта ыстық сусындарды ішу де маңызды. Оларды ұйықтар алдында ішіңіз. Мысалы: ыстық сүт, таңқурай немесе бал қосылған қара шай.
– Ауа ылғалдандырғыш қолданыңыз. Олар үй жағдайында суықтан жылдам жазылуға көмектеседі. Оның көмегімен жазды күндері тыныс алу жеңілге түседі. Егер арнайы ауа ылғалдандыратын құрал болмаса, сепкіші бар ыдысқа қарапайым су құйып, оны ауаға уақытылы шашып тұрыңыз.
Жаз мезгілінде суық тигенде не істеуге болмайды?
Ыстық күндері тамыр тарылтқыш (сосудосуживающий) тамшылар қолданбауға тырысыңыз. Себебі олар тамырларға және жүрекке қосымша күш түсіреді. Ол далада күн ыстық болып тұрған кезде өте қауіпті.
Жазда суық тиюдің алдын алу
Жаз мезгілінде суық тигізіп алмас үшін мұз болып жатқан немесе тоңазытқыштан жаңа шыққан сусындардан бас тартыңыз. Егер шөліңізді қандырғыңыз келсе, бөлме температурасында тұрған суға, көк шайға немесе лимонадқа бір текше мұз ғана салып ішіңіз. Сонымен қатар, жел соғатын жерге және салқындатқыштың (кондиционер) дәл жанына отырмаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?