Махамбет Өтемісұлы (Жалғыздық + видео)

 Махамбет Өтемісұлы (Жалғыздық + видео)

Бұл дүниенің жүзінде
Айдан көркем нәрсе жоқ -
Түнде бар да күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ -
Күндіз бар да түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ?
Тілде бар да дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ?
Бірде бар да бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ?
Еріскен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды -
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та бірін айт -
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да менде жоқ.
Менің атым - Махамбет
Менің атым - Махамбет
,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса-дерт.
Атасы өткен Айшуақ -
Соның көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік -
Екеуіміз жүргенде,
Бір-бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік -
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік -
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік -
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Талма талтүс шағында
Тай жеген тарлан бөрі едік...
Біздің жайды сұрасаң,
Ерте көшіп, кеш қонған
Санаулы сәнді орданың бірі едік!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Асет Аділбеков
    Асет Аділбеков 21.01.2017 05:46
    0 + 0 -
    Калай сонда акесінің аты отеміс емеспе а неге бул оленде менің атам отеміс Елдің камын жеді ғо деп жазылған? Бирак кушти олен екен
  2. Диана Жумагалиева
    0 + 0 -
    Инкар,маганда унады өтте жақсы өлең жолдары.
  3. Инкар Койлыбай
    Инкар Койлыбай 25.04.2015 10:52
    0 + 0 -
    маган унады
  4. Инкар Койлыбай
    Инкар Койлыбай 25.04.2015 10:52
    0 + 0 -
    маган унады
  5. Zeinep Zhagalbaeva
    Zeinep Zhagalbaeva 30.09.2014 21:06
    0 + 0 -
    осы өленнің негізгі ойые идеясын жазып бериндерш