Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

 Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Шеберлік сағатының тақырыбы : «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру . Туған жер » бағдарламасы негізінде « Күй құдыретінің ұрпақтар арасындағы сабақтастығы
 
Шеберлік сағатының мақсаты: Саз мектебі оқытушыларына аспапты меңгертуде ұсынылатын әдістер мен тәсілдерді үйрету.
 
-Елбасы Н.Назарбаевтің мақаласынан . Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
 
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
 
Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады – дегендей осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатым .
 

  • Күйлерді аңызымен тыңдауға , орындауға баулу .
 
Шеберлік сағатының әдісі :
 
  • Тәжірибе жүзінде орындау,
  • Болжау . 
  • Топтық
 
Шеберлік сағатының түрі :
 
  • Өткен тақырыппен байланыстыра отырып жаңа шығарманы меңгерту. 
  • Елбасы мақаласының тәжірибе жүзінде әр ұстаздың жұмыс жоспарына енуіне ұсынба . 
  • Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды./ Н.Назарбаев/
Күтілетін нәтиже :
 
  • Өткен шығарманы ойнап , шығу тарихын білу арқылы жаңа шығармамен танысу.
-Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
 
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
 
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
 
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
 
Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.
 
Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.
 
Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.
 
Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.
 
Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.
 
Пәнаралық байланыс ;  Қазақ тілі , Қазақстан тарихы , Сольфеджио .
 
Психологиялық ақуал;
 
  • Аудиториямен сәлемдесу . 
  • Тыңдаушыларды топқа бөлу . 
  • «Мен.....» тренингі арқылы танысу .
 
Жаңа сабақты түсіну үшін өткен тақырыптармен жұмыс жасау .
 
Топтардың аты ; «Буын »- қазақ тілі пәні бойынша .
 
  • Өлке » - қазақстан тарихы пәні бойынша «Ырғақ» - сольфеджио пәні бойынша
Әр топқа тапсырма . 
1.«Күй мен күйші » тақырыбын қорғау .
2. Халық композиторларының күйлерінің ішінен буыны мен ырғағы сәйкес келетін күйлерді ойнау немесе шығу тарихы күйдің ырғағымен сәйкес келетін күйлерді орындау .
 
Әр топ өз өздері қалаған шығармаларын ойнап талдайды . Берілген плакатқа топтық тапсырмаларын жазбаша қорғайды .
 
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

 
Құрманғазы «Аман бол шешем ,Аман бол». Даулеткерей «Салық өлген». Құрманғазы «Кісен ашқан»
 
Буын тобы: Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол » күйінің шығу тарихымен баяндап , орындап , талдап береді .
 
Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол » күйінің ырғағы буын-буынмен сөйлеп тұрады . Бір тактіде сегіз сегіздік нота бар .Күйдің тақырыбы да сегіз буыннан тұрады .
 
 П Ү П     П Ү   П    Ү П
  
А-ман-бол ше-шем а-ман бол.
  
Өлке тобы: Даулеткерейдің «Салық өлген » күйінің шығу тарихымен баяндап , орындап , талдап береді . Екі такті кіріспеден соң негізігі әуенге
 
көшеді . Бір тактіде Үш сегіздік , бір төрттік нота бар . П Ү П       П
 
 
Са-лық өл- ген
 
Қазақтың ғалымы Салық Бабажановтың қазасына шағарған Даулеткерейдің күйі бастан аяқ солай сөйлеп тұрады .
 
Ырғақ тобы - Құрманғазының «Кісен ашқан » күйінің шығу тарихын баяндап , күйді талдап , орындап береді .Күй – зарлы . Аяғында бірнеше салмақты кісен темір, шаршап- шалдығып түрмеден қашқан Құрманғазының жүрісі . Бір тактіде үш төрттік нота . П П Ү - қағыспен , ырғақпен
 

 

 

Шеберлік сағатын өткізушінің осы тапсырмалар бойынша іс – әрекеті .
 
Күй- зат есім , дерексіз / көзбен көріп , қолмен ұстауға болмайтын /
 
Күйші- зат есім. Ші – жұрнағы жалғану арқылы күй сөзінен туған туынды зат есім .
 
«Күй мен күйші» атты шеберлік сағатының тақырыбы осы мағынада. Бір- бірін толықтырып тұрады . Егер күй болмаса орындаушыны күйші деп атамас еді . Егер күйші болмаса күй құлаққа жетпес еді . Бұл егіз ұғым .
 
Келесі, буыны мен ырғағы , немесе шығу тарихы мен ырғағы сәйкес келетін күйге мен Динаның күйі «Әсем қоңырды» таңдадым .
 
«Әсем қоңыр»
 
Қандай ана болмасын, өзі күйші болса балаларына күй арнмауы мүмкін емес. «Әсем қоңыр» күйі көптеген деректерді шешеміздің Адматыға келгеннен
 
кейінгі, шаттық өмірді көргеннен кейін, совет жастарының алаңсыз өміріне арнап шығарғын күйі деп жазады.
 
Жоғарыда келтірген бұрмалану деген осы болса керек. Дина Нұрпейісованың
Қоңыр қызынан көрінген Бағила Бищаеваның осы ғылыми жобаның
жетекшісімен кездесуінде
былай деген:
 
-Тағдырдың жазғаны, міне өздеріңіз бұрын естіп білсеңіздер, бүгін көріп отырсыздар, менің қос жанарым туғаннан су қараңғы. Мен нағашы шешем Динаның Қоңыр қызынан туғанмын. Анамның аты Қожа екен. Шешеміз еркелетіп Қоңыр атанып кеткен. Нұралыдан туған менің анам нағашы шешміз Астраханьға көшпес бұрын осы жақта тұрмыстанып қалған. Алғашқы жұбайы дүние салып, екінші жолдасы Қайыржаннан төрт перзент сүйген. Әжәйіп есімді ағам 1943 соғысқа кетіп оралмады. Әтима атты әпкем Маңғышлаққа тұмыстанып, сол жақта. Соңғы кезде хабарсызбын. Сұлтан деген бауырым Казталовка ауданы, Қараоба ауылында тұрады. Бекболат атты баласы бар. 1944 жылы әкеміз өмірден өткенде мен іште жатқан бала екенмін. Анамның Дина шешемізбен тағдырлас дейтінім осы. Жолдасы өмірден өткенде екеуінде де құрсақта сәби қалған. Менің жанарсыз туғанымды естіп, қатты қайғырып, жесір қалғаның аздай, сәбиіңнің денсаулығы саған қиын болды-ау деп, осы «Әсем қоңыр» күйін арнаған екен. Анам 1967 жылы дүние салған соң, менде екі қыс үйімізге қыстап, осы Орал қаласында соқырлар қоғамы бар екенін естіп, келдім. Себебі анам жоқ, менің өмірім басқа адамдарға кедергі болмауы керек. Міне Динаның «Әсем қоңыр» күйінің шығу тарихы осы. Әрі қарай күйді тыңдап, талдап көрелік.
Күйдің аты : «Әсем қоңыр»
Екпіні: Орташа, терең сезіммен.
Өлшемі: 2/4, 5/8
Лады : минорлы
Тональдығы: Ми минор
Қағыстары: ПППП/ППҮ/ПҮҮ/ лига.
Қайталау белгілері: сеню, фонарь.
Кездейсоқ альтерация белгісі: Фа бекар
Динамикалық белгілері: f. ff. mf .__
 
Түйін : Жаңақала өлкесінің тумасы , талант иесі Дина шешемізбен елі мақтанады .Жаңақала ауданы , Бекетай құмында дүниеге келген деген сөздің өзі сол жер тұрғындарының мерейін асқақтатады.


Туған ел, Туған жердің құдыреттілігі табиғатына байланысты болмақ. Жаңақаланы Күйдің Астанасы деп бағалаған абыз Әбіш ағамыз тектен – тек айтпаған . Дина шешеміздің өмірін , өнерін , ұрпақтарын зерттеу барысында бірнеше экспедициялар жасап , нәтижесі жаман болмады . Батыс Қазақстан облысы , Казьалов ауданына ұзатылған қызы Әсемқоңырдың қызы Бағила апамызбен кездесіп , өз жанынан шығарған екі күйін жазып алдым . Алғаш жарияланып отыр .
 
Күйлердің шығу тарихы мен авторы жайында мәлімет.
Бищаева Бағила – 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
 
12 - ауыл, Аманкелді колхозында дүниеге келген. Әкесі–Қайыржан , анасы – Қоңыр. Отбасында Әтима апасы, қазір Ақтауда тұрады, ағасы Әжәйіп – Ұлы Отан соғысынан оралмады, ағасы – Сұлтан, 2013 жылы дүниеден өтті.
 
Жасынан жанарсыз болып туылған қызының тағдыры анасы Қоңырды қатты алаңдатады. Мұны естіген нағашы әжесі, Дина шешеміздің өзі қатты қайғырады. Хат танитын балаларына, немерелеріне елге хат жазғызып, балаларының амандық - саулығын білдіріп отырған. Бағила жиенін көргісі келген Дина шешеміз қызы Қоңырға арнап «Әсем Қоңыр» күйін шығарған. Күй домбыраның бас буынындағы қоңыр дыбыстардан басталып, әрі қарай негізгі, ортаңғы буындарда ақсақ ырғақпен әуендерді өрбітеді. Нүктелі нота арқылы қайталанытын әуен көзі көрмеген, кібіртіктеген, анда – мында соғылған жас сәбидің жүрісін бейнелегендей әсерді білдіреді. Бұл күй осы күнге шейін жеке де , оркестрлік нұсқада да жиі орындалып келеді .
Қоңыр анасы Бағила қызының тағдырын ойлап, көп қиналады. 1968 жылы ананың ауруы жазылмастай дертке айналады. « Анам, Қоңыр төсек тартып, жатып қалды. Қасында отырып түрлі ойға шомамын. Домбырамды алып, құлағыма келген иірімдерді шерте бастадым.
 
Жанымда отырған ағам, бұл қылығыма таң қалып «Мәмен күйшінің күйлеріне ұқсайма ?» деді. Мен оқымаған надандаумын, Мәменді қайдан білейін. Ағамның осы сөзі жаныма батып кетті. Ағамның көзінше домбыраны енді ұстамастай болдым. Дегенмен , иірімдер есмінен кетпеді. Анам дүниеден өткен соң Орал қаласына келіп, соқырлар қоғамына жолығып
 
  • жатақханаға орналасып, сауат ашып, еңбек еттім. Бищаев Исламғали есімді азаматпен тұрмыс құрдым. Сонымен өмір жалғасты. Бірақ күй сазы құлағымда қалды » - деп Бағила апамыз «Анама » күйінің шығу тарихын баяндап, орындап берген болатын .
 
Домбыраны тартысы бөлек. Саусақтары жымдасып, домбыра мойнын қуалап, пернеден көтермей, сырғытып әдемі ойнайды. Қағыстары да нақты. Бейне таспаға түсіріп отырып, қазақтың «қанына тартып тумауы мүмкін емес
 
– ау» , «жиеннің жақсылығы нағашыдан» деген нақылдар орала бастады . Әңгімесін жалғай отырып екінші күйін орындамас бұрын шығу тарихын баяндап берді. «Жолдасым Исламғали, үйден шығып бара жатып домбыраны ұсынды да , «маған арнап күй шығаршы» деді. Мен «орыс жерінің қазағы күйді түсінесіңбе?» дедім. «Әрине түсінемін. Ауырыңқырап жүрмін. Сенен бұрын, сенің алдыңда о дүниелік болсам жәрәр еді. Ұрпақ ба, дегенмен артыңда қалсам жағдайым не болмақ? Сен болмасаң мен қайтем ?» - деді .
 
Менде ойға кеттім. Апырмай, мен сеннен бұрын дүниеден өтсем, сенің шамалы болса да көз жанарың бар , аяқ жолыңды көресің. Сен болмасаң мен қайтемін дедім. Сол бір- бірімізге деген жұбату сөздерімізден осы күй туды .»
 
Міне екі адамның жүрек қалауымен, бірі- біріне деген сыйластығынан «Сен болмасаң мен қайтем ? » деген сағыныш, қимастық сазы төгілген күй өмірге келді.
 
Екі күйді де орындай отырып тарихын айта отырып, Бағила апамыз өткен күндеріне сағынышпен оралды. Дина шешеміздің жиеніне республикадан, облыстан хабарласып, шараларға шақырып, құрметтеп келеді екен. Дегенмен күй тартыңыз деп қолқа салғандардан тартыншақтап жүретін Бағила апамыз осы күйлерін нотаға түсіруді, орындауды маған аманаттаған болатын. Апайдың өзі орындаған, таспаға жазылған бейне баянда осы жинақпен бірге жарық көреді. Бұл «Анама», «Сен болмасаң мен қайтем ?» күйлерінің екеуіде алғаш орындалып, алғаш жарияланып отыр .
 
«Сен болмасаң мен қайтем ?» күйін талдасақ жоғарыдағы күйлер тәрізді буын- буынмен сөйлеп тұрады . Үш такт күйдің атын сөйлетеді ;
П П   Ү Ү         / П П Ү Ү П Ү П
 
Мен    бол- ма- сам ,        Сен бол-ма-саң  мен қай- тем?
Күй бастан аяқ осылай сөйлеп тұрады .
Мастер кластан ұсынба
 
Әр ұстаз өзі үйрететін шығарманың шығу тарихын , теориялық талдауын өте жетік білуі тиіс . Ол үшін ұстазға әдебиеттерді көп оқуға , теориялық білімді тереңдетуге тура келеді .

 

 


Ұстаздарға ұсынба : Елбасының мақаласы көптеген ой салды .Әр ұстаз «Туған ел » бағдарламасына сай өз үлесін қосса болады . Ол үшін өз пәні бойынша жоспар жасап , оқушыларына ғылыми жоба түрлерін жаздырып , шығармалардың шығу тарихымен танысып , жинақ жасаса.
 
Мен өз тәжірибемнен «Күй анасы » атты саз мектебінің ұстаздарына арналған әдістемелік оқулық жаздым . Туған жерімізден шыққан Дина нұрпейісова туралы жинақтаған өз материалдарым . Жергілікті жердегі , туған жеріндегі ұрпақтары , күйлерінің шығу тарихы туралы жаздым. Оқулықты оқи отырып өз туған өлкеміздің тұлғалы жандарын болашақ ұрпаққа жеткізу
 
 
Қорытынды:
 
  1. Нені білемін
  2. Нені білдім
  3. Нені білгім келеді
 
Алматы қаласы 2017 жыл 10 мамыр
 
«Жаңартылған  өнер білімі » 1- Республикалық
 
семинар – тренингі . Саз мектебінің ұстаздарына арналған мастер класс . 
 
Тақырыбы : «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру . Туған жер » бағдарламасы негізінде « Күй құдыретінің ұрпақтар арасындағы сабақтастығы » 
 
Батыс Қазақстан облысы , Жаңақала ауданы , Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі , домбыра сыныбының жоғарғы санатты оқытушысы -
Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы .


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі