Алматылық бойжеткен халал жезөкшеліктен қалай қашып құтылғанын айтып берді
Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны халал жезөкшеліктен қашып құтылып, қазір психологиялық қолдау орталығын паналап жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бұл туралы «Родник» қоғамдық қорының директоры Нина Балабаева айтып берді.
«Адам сату және құлдық қамытынан құтылған азаматтарға арналған біздің жасырын үйіміз бар. Осы баспанаға 30 жастағы Алматылық бойжеткен тамыз айының соңында келіп түсті. Жоғарғы білімді азаматша әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен танысқан. Таныстықтың арты сезімге ұласып, екеуі кездесіп, үйленуге бел буады. Н. есімді бойжеткенді жігіті жұмыстан қолы тимейтінін сылтау етіп сендіріп, оңтүстік өңірге шақырып, пойызға билетін алып, жолына ақша да салған. Бойжеткен үйленбес бұрын алдымен туыстарының рұқсатын алып, жігітті танып-білу үшін жолға шығып, уағдаласқан уақытта болашақ күйеуінің туған жеріне жетеді.
Басы махаббатпен басталып, екі жас мешітте шариғат бойынша некелерін де қидырады.
Себебі, ер азамат өзінің намазхан екенін айтып, бірге тұру үшін некенің маңыздылығын түсіндірген. Алайда, араға апта салмай жатып жігіт бойжеткеннің бар құжаты мен телефонын тартып алып, «сен менікісің» деп үйіне қамап қояды. Он күн өткенде бойжеткен жатын бөлмеде отырып, азаматтық некедегі күйеуінің телефондағы әңгімесінен шошып кеткен. Ол өзінің намазхан досына алған әйелін «талақ» айтқан соң сыйға тартатынын және осылайша өзге де достары мен бауырларының «халал жезөкшелікке» дайындап жатқанын ашық айтқан. Осы сөзден соң Н. күйеуі үйде болмаған кезде есікті бұзып, қашып кеткен. Көшедегі бейтаныс адамдардан көмек сұраған. Ол ұялы телефон арқылы туған әпкесіне болған жайды айтып, ебін тауып Алматыға оралады.
Бірақ намазхан жігіт қашып кеткен бойжеткенді біраз уақытқа дейін сыртынан аңдып, «сен менің некелі жарымсың, менімен қайтпасаң өлтіремін» деп қорқытқан соң біздің баспанаға келіп тығылды. Құжаттарын қалпына келтіріп, барлық желідегі мекен-жай және басқа да ақпараттар өшірілді. Бұл оқиға жайлы Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына да хабарлап қойдық. Алайда заңгерлер ниеті бұзық азаматтың кінәсын дәлелдеп, жазаға тарту қиын екенін айтып отыр. Тағы бір айтары бойжеткенді арбауына түсірген жігіттың сырт келбеті өте сұлу. Тіпті әдемілеп қойған сақалы да өзіне жарасымды болып, аузынан құдайын тастамағаннан болар, бойжеткен үш ай таныстықтан соң өмірлік жарымды кездестірдім деп ойлаған»,- деді Нина Балабаева.
Психологтың сөзінше, Алматыдағы «Родник» қоғамдық қорына қарасты баспанада қазір осындай адам саудасына тап болған 9 азамат емделіп жатыр. Олармен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуде.
Ішкі істер министрлігінің берген мәліметінше жыл сайын Қазақстанда 300-350 азамат адам саудасы және құлдықтың құрбан болғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданады екен. Оның ішінде сексуалдық қызмет пен еркінен тыс жұмысқа жегіліп жүргендер өте көп.
Өмірін адам саудасына қарсы күреске арнаған Нина Николаевна соңғы 12 жылда бас бостандығынан айрылып, құл болған 280 отандасымызды құтқарып, аяғынан тұрғызыпты.
Адам саудасы және басқада оқиғаларға қатысты мына телефонға хабарласуға болады.
«Родник» қоғамдық қоры 8/727/3961938

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?