Бақытты елдің ұланымыз!

 Бақытты елдің ұланымыз!

Бүгінгі таңда әрбір мектеп есі­гін ашқан бүлдіршін өзінің әй­бат Әліппесімен бірге Ел­ба­сымыздың осынау әкелік ме­йі­рім­ге толы ақ батасын арқалап алаң­сыз, білім атты үлкен өмір­дің табалдырығын именбей ат­тай­ды. Білім алу тегін әрі әр ба­ланың абыройлы міндеті. Оқу­лық мәселесі де мемлекет мой­нында. Тек ерінбей ең­бек­те­ніп, талмай ізденіп, аяулы ұс­таз­дардың жалықпай үйреткен бі­лі­мін жүрекке сіңіру ғана біздің бо­рыш.

Баласы мектеп жасына тол­ған ата-ана ешқандай ма­те­риалдық тәуелділіксіз өзінің сүп-сүйкімді ұлын немесе тұ­лым­шағына ақ бантик байлаған қы­зын 1-қыркүйекте алаңсыз мек­тепке қарай жетелеп келе жа­тады. Шаттықтан бал-бұл жан­ған сәби жүзі құшағындағы ал­қызыл шоқ гүлдей жайнап ана­сы­ның қолынан ұстап немесе әке­сінің мойнына мініп еңселі Бі­лім ордасына қарай адымдап ба­рады. Бұл не деген ұмытылмас ба­қытты шақ. Осындай қай­та­ланбас сәтті басымыздан ке­шу­ге жағдай жасап отырған мем­лекетіміз не деген қамқор, не деген мейірімді.

Мен биыл Алматы қа­ла­сындағы Ма­ман­дан­ды­рыл­ған ер балаларға арналған Қазақ-тү­рік лицейін бітіруші түлекпін. Осы­дан 11 жыл бұрын анамның же­тегінде құшағыма бір шоқ ал­қызыл раушан гүлдерін қы­сып, әйбат Әліппемді арқалап мек­теп табалдырығын аттаған едім. Алғаш рет мектеп пар­та­сына отырып, алғашқы ұс­тазым Шақабаева Әлия Қы­рық­бай­қызына құшағымдағы шоқ гүл­ді ұяла тұрып ұсынғаным әлі есімде. Бүгінде сүйікті мек­те­бім­ді бітіргелі отырмын. ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ Ұлттық Уни­верситетінің журналистика фа­культетіне түсу арманым.

Таяуда бір журналдан Се­рік­бол Хасан деген журналист да­­йындаған «Ерте солған ба­ла­лық» атты материалына көзім түс­ті. Материалда келтірілген, «рес­ми мәлімет бойынша ин­дуст­риясы дамыған елдердің өзін­де 15 жасқа дейінгі 2,5 млн. ба­ла жұмысқа жегілген» деген ақ­парат кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Сөзім дәйекті бо­лу үшін материалдан сөзбе-сөз үзінділер келтіре кетейін:

«Бангладеште балалар таң­ғы сағат 5-тен бастап базарға ағы­лады» делінген. Крокон есім­ді бүлдіршінге әрқайсысы 10-20 келі тартатын балық са­лын­ған қораптарды көтерме ба­зардан бөлшек базарға та­су міндеттелген. Сол еңбегі үшін қаршадай бала 0,01484 дол­лар(біздің ақшамен 2-3теңге бо­лар) табыс табады екен. Мөл­шер­мен күндік азығын айыру үшін Крокон күніне осындай қо­рап­тың 12-сін тасуға мәжбүр.

Қытайда мектеп жа­сын­дағы балалар шахта ең­бе­гі­не мәжбүрленіп барады. 14 сағат тоқтаусыз еңбек етіп күніне бір рет болар-бол­мас тамақтанып отырған. Қо­жа­йындары соққыға жығып, ауы­рып жұмысқа шамасы жет­пеген сәбилерді тірідей кө­міп тастағаны анықталған. Ал, қашуға тырысқандардың аяқ­та­рын сындырып, арқаларын ыс­тық кірпішке күйдірген. Ал, кейбір балалар ұзақ уақыт жуын­бағандықтан тері ауруына ұшы­раған.

Ауғанстанда орташа өмір жа­сы 40 жыл. Бүлдіршіндердің 26 пайызы 5 жасқа толмай қыр­шынынан қиылады екен. Ел­дің 70 пайызға жуығы аштық құр­сауында, ал 13 пайызы ауыз­су­сыз отыр.

Бізге іргелес Өзбек елінде де тұрмыс төмен. Мектеп жа­сын­дағы жеткіншектер қара жұ­мысқа жалданып ақша та­бу­дың көзін іздейді. Осындай адам жаны түршігетін мә­лі­мет­терді оқи отыра сүйікті «Пре­зидент және Халық» га­зе­ті арқылы мемлекетіміздегі бей­біт те бақытты балалық ша­ғымызды қамтамасыз етіп отыр­ған Елбасымызға, ол кі­сі­ге көмектесіп, жұмысына жәр­дем беріп жүрген Үкімет ба­сында отырған ағалар мен апай­ларға барша Қазақстанның бүл­діршіндері атынан сәбилік жү­рек­жарды алғысымды білдіргім ке­леді.

Ал, республикамыздың бар­­лық бақытты балаларын Ба­ла­ларды қорғау күнімен шын жү­рек­тен құттықтаймын. Еліміздің бо­лашағы бүлдіршіндеріміздің был­дырлаған бал тілі мен сың­ғыр­лаған күлкісі үзілмесін!

Әрбір мектеп бітіруші тү­лек­терге ҰБТ-ны ойдағыдай тап­сырып, жоғары балл иеленіп, қа­лаған оқуларына түсулеріне жә­не өздері таңдаған мамандық ая­сында сүйікті Отанымыздың бұ­дан әрі гүлденуіне елеулі үлес­терін қосуына тілектеспін. Ота­ны­мыздың патриоты болайық, дос­тар!

Селеубай СЕРІКБОЛ,
Қазақ-түрік лицейінің 11 «ж» сынып оқушысы
Алматы қаласы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?