Тасмағамбетовтің қызы Алматыда 1200 орындық мектеп - гимназия ашты

Тасмағамбетовтің қызы Алматыда 1200 орындық мектеп - гимназия ашты

Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әсел Тасмағамбетова Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы Ақжар ауылында 1200 балаға арналған мектеп ашты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы желідегі парақшасында отандық кәсіпкер Бейбіт Әлібеков жазды.

"Осындай тамаша мерекеде досым Әсел мен оның «Сәби» қоры Ақжар ауылының 1200 баласының арманын орындады. Мемлекеттен бір тиын алмай, ол 1200 балаға аумағы 11 625 шаршы метр, 10 блоктан тұратын мектеп- гимназиясын тұрғызды.

Тасмағамбетовтің қызы Алматыда 1200 орындық мектеп - гимназия ашты

Әсел мен достары мектепті ауылдың барлық тұрғындарына арнайды және Әкімдік балансына өткізеді. Әсел біздің балаларымыз үшін замануи мектеп тұрғызамын деп барлық процесске баса мән берді",- деп жазды ол.

Бизнесмен Әселдің мектепті өз қаржысына салғанын атай келе, оны нағыз халықтың қызы деп атады.

"Сондай-ақ, Әсел өз халқының нағыз қызы. Осындай адамдар көп болса, бізге 100 мектеп ме емхана деген бағдарламалар статусы керек емес. Олардың барлығы жинаған дүниелерін өздерімен алып кетпейтінін түсінеді және сол үшін бар күштерін салуда. Бұл мысал көпшілікке үлгі болсын!", - деп жазды ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі