Бақытты отбасы болудың құпиялары

Бақытты отбасы болудың құпиялары

"Бүгінгі қоғам қарбалас өмірдің жетегінде жүріп, отбасы құндылықтарына аса көңіл бөлмейтін жағдайға кетіп бара жатқандай көрініп тұрады. Тұрмысбастылыққа салынып, отбасында ата-ана қарым-қатынасы, бала тәрбиесі өзіндік даму дәрежесіне кетіп, оның арты отбасылардың бір-біріне суып кетуі сынды жайттарға әкеліп соғатыны белгілі. Отбасы болған соң оның бақытты да, бақытсыз да болуы екі адамға бірдей. Оған ер азамат қалай жауапты болса, әйел адам да сондай жауапты". Мұндай пікірді "Бақытты отбасы болудың құпиясы" кітабының авторы Жанар Сейсенбаева айтып отыр.

Бақытты отбасы болудың құпиялары

Ендеше сіздерге төрт баланың анасының бақытты отбасы құрудың құпиясы жайлы айтқан кеңестерін ұсынамыз:
1. Ерлі-зайыпты бір-бірін тыңдауы керек. Олардың арасында диалог болуы қажет. Күйеуіңіз жұмыстан шаршап келеді, өзінің жұмыстағы проблемасын да үйге әкеледі. Сол кезде оның көңіл-күйсіз отыруына ненің себеп болғанын сұрау. Сол кезде диалог пайда болып, жолдасыңыз сырың айта бастайды.
2. Әйел адам өзінің орнын біліп, ер адамды пір тұтуы керек. Отбасында барлығы әйелдің қолында. Әйел үнемі ізденісте болуы керек. Кітап оқыңыз, шығармалар оқыңыз.
3. Әйелдің қаруы - оның көз-жасы, оның нәзіктігі, өзін қорғансыз етіп көрсетуі. Бұл табиғаттың жаратылысы. Мұны әрбір әйел дұрыс пайдалана білуі керек.
4. Отбасында үнемі себеппен күресу керек. Салдармен емес, себеппен. Осылай отбасыны сақтап қалуға болады. Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу керек.
5. Отбасында әйел адам мен ер адам жамандықты біреуден емес, өзінен іздеуі керек. Әйел адамдар шүкіршілік айтып үйренуі керек. Пайдалы іске өмірімізді арнау керек.
6. Сабыр және өкпе-ренішсіз өмір сүруге бейімделу керек. Жағымсыз эмоциялардан аулақ болу керек.
7. Әйел өзін бағалауы керек. Адам ішкі-жан дүниесіндегі мейірімділікті бағалау керек. Жақсы ой болуы керек. Сенімсіздіктен аулақ болу керек. танымдағы оймен, санамен жұмыс істеу керек.
Сондай-ақ, Жанар Сейсенбаева осыған дейін де Instagram желісіндегі парақшасында бірқатар ақыл-кеңестер берген.


Оның айтуынша, отбасында ер азаматтар төмендегідей қағиданы естен шығармау керек:
1. Отбасы құрғаннан кейін жарыңның көзқарасымен де санаса білу керек.
2. Әйел адамдар көңіл бөлгенді қатты жақсы көретіндер. Сондықтан, оның сіз үшін жасаған еңбегіне көңіл бөліп, анда-санда болса да мадақтап қоюды ұмытпаңыздар.
3. Әйелдер сыйлық алғанды ұнататын xалық. Шамаңызға қарай, бір тал гүл болса да, бір орамал болса да орайы келгенде сыйлап тұрыңыз.
4. Сіз отбасында соңғы шешімге нүкте қоярлықтай пікір айтып, сол заң болатындай заңдылық орнатыңыз
5. Әйеліңібен ешқашан салғыласып ұрыспаңыздар. Еркекке салғыласып тұрған жараспайды біріншіден, екіншіден, салғыласып тұрған еркектің беделі әйелінің де, балаларының да алдында түсіп кететінін естен шығармаңыздар.
6. Әйеліңіздің дұрыс еместігіне көзқарасыңызды қабағыңызбен білдіріп, қабақпен жөндейтін азамат бола біліңіз.
7. Үйдің тірлігінде әйелге қатысты жұмыстарға араласпаңыз.


Сонымен қатар, ол парақшасында өзінің өмірлік қағидасын бөліседі. "Әркім өз өмірінің қожайыны. Мүмкін сіздердің жолдастарыңыз басқаша түсінікте де шығар? Бірақ, менің ізденісімде зерттеп білгенімде, көп жағдайда, еркектерді аялап, қәдірлей отырып, өз дегеніңді жасататын, өз қалауыңдай өмір сүретін отанасына айналатыныңа көз жеткіздім. Бірақ оған үлкен төзім, асқан сабыр керек. Күйеуіңізді пірім деп аялай отырып, сізді асыл жарым деп айтар жолға жетелейсіз. Оның тамағын дәмділей беріп, жағдайын жасау арқылы, сізді отбасымның берекесін кіргізіп отырған берекелі қосағым деген ой қалыптастырасыз. Оның проблемасын тыңдау арқылы, отбасына асығатын сырлас іздеген жан досына, ақыл айтар ақылшысына айналасыз. Тағы солай солай... Міне, сіз оның жағдайын жасау арқылы, өз өміріңізді жандандыру ісін жасаудасыз. (...) қыздар қылықты болайық, отбасымыздың бақытты болуына ізденейік, еңбек етейік! Бақытты отбасы болуда біздің үлесіміз жоғары екенін ұмытпайық!", - деп жазған Жанар Сейсенбаева.


Дайындаған: Мөлдір Қалықова, дереккөз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі