Анама хат

 Анама хат

Ана туралы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана- кімнің де болса өміріндегі ең жақын адам. Мен бақыттымын, себебі анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды » деген сөздің мәнін терең ұғынып келе жатқандаймын. Анаң бар кезде , қай жаста болсаң да анаң үшін сәби болып қала береді екенсің… Кейде анасы жоқ балаларды көргенде көңілім бір түрлі құлазып қалады. Кез – келген адамның жан дүниесі алдымен ана жүрегінің жылуынан басталмай ма ?! Бойымыздағы жақсы қасиеттер де алдымен анамыздың ыстық құшағынан, жұмсақ аялы алақанынан таралмай ма ?! Аналық махаббат пен жан жылуын сезінбей өскен балалардың қатал тағдырына кейде аяушылықпен қараймын. Олардың қасында өзімді бақытты сезінемін. Өмірде ана алақанының жылуы мен әкенің мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды емес пе?!
Ана! Сіз мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлғасыз. Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзеймін. Өзіңізбен бір күн сырласпасам, бала жүрегім сізді сағынып тұрады. Еркелеткеніңіз, құшақтап сүйгеніңіз, кейде ренжіп ұрысқаныңыз — бәрі де маған деген аналық ыстық махаббатыңыз екенін түсінемін. Сіз – менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз. Жетістіктеріме қуанасыз, қателік жасасам, жөн сілтейсіз. Сүрінсем, жұбатып жігерлендіре түсесіз.
Рас, кейде сіздің маған уақытыңыз жетпейтін кездер де болады. Мен оған ренжімеймін. Сіздің маған деген махаббатыңыз шексіз екенін білемін. Себебі, сіздің бізден басқа да қаншама ұл – қыздың тәрбиесіне жауапты екеніңізді мен жақсы түсінемін. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы»,- деп Абай атамыз айтқандай, бала жанының бағбаны, мұғалім болу да кез – келген адамның қолынан келе бермес ерлік деп білемін. Мен сіздің өлшеусіз еңбегіңізді түсінемін. Сіз — менің мақтанышымсыз.
Ана ! Балапан жүрек балаңыздың көңіл тебіренісін өзіңізге деген алғысы деп біліңіз.
«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған »,- деп өлең жолдары жырлағандай , балалардың бақыты үшін бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен аналарымыз аман болғай.

Мұратбек Аминат Мақсатқызы
Шымкент қаласы №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп – лицейі 7 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі : Тажибекова Диляра Дауренбекқызы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі