Баянның ең жақын құрбысы Есентаевтар отбасы туралы өз ойын ашық айтты

Баянның ең жақын құрбысы Есентаевтар отбасы туралы өз ойын ашық айтты

Баян Есентаеваның ең жақын құрбысы, танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева продюсердің жаңа кітабы туралы өз пікірін білдірді. Ол құрбысының елге таныстырған туындысын оқу өзі үшін өте ауыр болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің Instagram парақшасында өз ойын ашық айтты.

"Алдымда жатқан кiтап туралы жазу маған оңай емес... Өте қиын. Ойым шатасып отыр... Бiрақ тiс жармай отыру да құқым жоқ шығар. Баян Мұхитденовамен танысқанда жасым 17-де болатын. Қазiр 42-демiн. Өмiрдiң көбi кетiп, азы қалды. Бақытбек пен Баянның отбасы - мен үшiн ерекше ыстық, жақын, бауыр басып қалған, үлгi алатын жанұя болатын.

Баян мен Бақытбек танысқан кезде мен сол сәттiң күәсi болғам. Бахамен Баянның тойында мен қыз жолдас болдым, Айсәулеге кiндiк шеше атандым, содан берi жиырма бес жыл зуылдап өте шығыпты...

Баянның ең жақын құрбысы Есентаевтар отбасы туралы өз ойын ашық айтты

Бiр жыл бұрын барша елге мәлiм болған қайғылы оқиға төбеме жай түскен оқиғалардың бiрi болды. Сырт көзге мiнсiз, махаббат пен берекеге толы семьяның шаңырағы қақ жарылды. Бұл жерде маған бiрнәрсе айту, сараптау өте қиын, расымды айтсам. Баян бала кезiмнен келе жатқан құрбым. Баха - құрбымның жиырма екi жыл бойы отасып келген жан жары, қыздарының сүйiктi әкесi.



Ешқашан Баханың жаманшылығын, көрген емеспiн. Ауыр сөзiн естiген емеспiн. Баянға деген шексiз махаббатының күәсi болдым. Бiрақ, Баянның жүрегiнде махаббат деген сезiмнiң орны бос болған екен... Оның толыққанды жай жапсарын кiтаптан оқып бiлдiм...

Бұл отбасының тағдыры осылай қайғылы аяқталғанына мен үшiн ауыр. Бұл кiтап - Баянның жанайқайы деп бiлемiн. Толассыз талқыға түскен оқиғаға қойған нүктесi.

Баянға бар тiлерiм - кездестiрген махаббатың үмiтiңдi ақтасын. Ал Бақытбек аман-есен шығып, өзiн шынайы сүйетiн қызды жолықтырсын. Ол оған лайықты азамат...", - деп жазды ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?