Қазақстандықтарға жинаған зейнетақысын ертерек алуға рұқсат беруі мүмкін

Қазақстандықтарға жинаған зейнетақысын ертерек алуға рұқсат беруі мүмкін

«БЖЗҚ» басшысының орынбасары Сәуле Егеубаева зейнетақы заңына өзгеріс енетін болса, қазақстандықтар зейнетақыны мерзімінен бұрын алып, оны оқуға, ипотекаға және еміне жұмсай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәуле Егеубаеваның айтуынша, ел заңнамасына өзгеріс енгізілген жағдайда еліміздің азаматтары жиналған зейнетақысын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне ие болады.

Ол зейнеткерлік жасқа келген азаматтардан бөлек зейнетақыны алуға келесі адамдардың құқы барын алға тартты:

- мерзімсіз мүгедектікке ие болған І және ІІ топ мүгедектері;

- Қазақстаннан өзге елге көшіп жатқан шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар;

- айрыма төлемге құқы бар азаматтың қазасынан кейін оның мұрагеріне Азаматтық кодекстегі тәртіп бойынша төлем жасалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?