Қазақща эссе: Өз-өзіңді қалай түсінуге болады?

Қазақща эссе: Өз-өзіңді қалай түсінуге болады?

Өмірдің белгілі бір сәттерінде адамдар әдетте қалай өмір сүріп жатқандығын, қандай қателіктер мен неге қол жеткізу керектігін ойланады. Әрбір адамның өмірінде өз-өзін түсіну қиынға соғатын кезеңдер жиі кездеседі. Мұндай өмірлік кезеңдерде, әдетте біздің серігіміз ретінде жан қолайсыздығы болады. Бірақ, өзіңді түсіну мен өз қалауыңды ажырата білу – маңызды. Біріншіден, үйлесімділікке қол жеткізу үшін. Екіншіден, өзіңді тануды сәтті іске асыру үшін. Өзіңді түсінуді қалай үйренуге болады? Бұл жағдайда көмектесетін бірнеше кеңестерді қарастырайық.
Өз эмоцияңызды бақылаңыз. Біздің сезіміміз өмірде болып жатқан құбылыстарға бейсаналық реакциясы болып табылады. Бүгінде біздің сезімімізге көптеген факторлар әсер етеді. Өзіне қандай да бір пайда әкелу мақсатында БАҚ-ның барлық жүйесі біздің сезімімізге ықпал ету үшін және оларды осындай арнаға бағыттау үшін жасалған. Сондықтан, өз сезіміңізге ұқыпты болу өте маңызды. Егер сіз өз реакцияларыңызды ұстай білсеңіз, сіз өзіңізді, өмірлік позицияңызды түсіне аласыз, қажет болған жағдайда, өзіңізге қолайсыздық тудыратын жағдайларды өзгерте аласыз.
Адамдар үйлесімділікте өмір сүру үшін жаратылған, бірақ егерде ол өз жүрек қалауымен жүрмесе, өзін түсінбесе, онда бұл іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан, ең маңыздысы сізге бағыт-бағдар беретін сезіміңізді қадағалаңыз. Бұдан басқа, сезім сізге неден бас тарту керек екендігін міндетті түрде көрсетеді. Бұл – сезім сіздің өміріңізді басқарады деген сөз емес. Бұл сіздің сезіміңіз өзіңізбен келісім таппайтын кезеңдерді ашып көрсетеді дегенді білдіреді.
Тыныштық сәттері. Бұл сәттер эмоция секілді өзіңізде сабырлық пен тыныштықты ұғынуға көмектеседі. Жалғыздық сәттерін де бағалаңыз, өйткені олар әлемдегі жалықтыратын дауыстардан қоршануға, өзіңді естуге көмектеседі. Өзіңізбен жеке қалуға, өзіңіз, өміріңіз туралы ойға шомуға мүмкіндік табыңыз. Әдетте мұндай уақыттарда нұрға бөленуді, сана-сезімді кеңейтуді бастан кешіруге болады. Егер сіз үнемі қарбаласта немесе асығыста жүрсеңіз, сіз өзіңізді түсіне алмайсыз, шынайы қалауыңыз бен қажеттіліктеріңізді біле алмайсыз. Сондықтан, өзіңіз жақсы деп білетін адамдармен өткізуге уақыт тапқаныңыз дұрыс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі