Қазақстанда мемлекет есебінен үй алатындардың тізімі өзгерді
Қазақстан елордасында баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін тіркелу мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, ал”толық емес отбасы” ұғымына тек жесірлер мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу ұсынылуда.
“Кезектің ұзаруын тежеуге бағытталған қосымша шектеу шараларын енгізу үшін басқарма тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Elorda.info.
Ұсыныстар баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін елордада тұрақты тұру мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, әлеуметтік тұрғыдан осал топ категориясына қолданылатын кірісті шектеу талаптарын өзгертуді, ал кезекке тұруға құқық беретін мәртебеге ие болу жолында жасалатын жалған ажырасуларды болдырмау үшін”толық емес отбасы” ұғымын нақтылауды қарастырады. Аталған категорияға жесір әйел мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу қажет”, — деді қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.
Ахметовтың айтуынша, әкімдік баспана алу кезегінде тұрған азаматтардың тізіміне инвентаризация жүргізіп жатыр. 2016 жылы елордада кезекте тұрғандарға 93 пәтер берілді. Биылғы жылдың сәуір айында тұрғын үй комиссиясының отырысына 260 пәтер ұсынылды. Олар төрт соғыс ардагеріне, 49 жетім балаға, әлеуметтік осал топ категориясына жататын 137 отбасына берілді.
Бұған дейін хабарланғандай, таяуда елорда басшылығы Қазақстанға кірерде баспана алуға ақшалай өтемақы алған репатрианттарды мемлекеттік қор баспанасы кезегінен алып тастауды ұсынған болатын. Сондай-ақ, баспана кезегінен әскери қызметшілерді алып тастау мәселесі де тұр. Олар бөлек тізімге тұрғызылады және несиелеудің жеңілдік шарттары ойластырылады. Осылайша, басқарма мамандары кезекте тұрғандар санын екі есе азайтпақ. Бүгінгі күні 45 516 адам коммуналды тұрғын үй қоры баспанасына зәру.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?