Мезгілсіз өмірден өткен Батырхан Шүкеновтың жаңа әні жарыққа шықты

Мезгілсіз өмірден өткен Батырхан Шүкеновтың жаңа әні жарыққа шықты

Батырхан Шүкеновтың көпшілікке ұсынып үлгермеген жаңа әнін жолдастары жарыққа шығарды. «Нас исцеляет любовь» атты туынды әншінің мезгілсіз қазасына байланысты аяқсыз қалған болатын, деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші аяқтай алмай кеткен әнді соңына дейін жеткізген жолдастары бейнебаянын да жасап беріпті. Басты рөлде – Батырханның өзі. Өмірден өткен әншіні бейнебаян түсіргендер ерекше етіп, құммен көрсеткен.

Клипте композитор киіз үй мен табиғаттың аясында жүр.

«Нас исцеляет любовь» әнін жарыққа шығаруға марқұмның Ресейдегі таныстары да атсалысыпты.

Тірі болғанда, әнші Батыр алдағы 18 мамырда 55 жасқа толар еді. Достары енді осы күнге орай музыканттың әндер жинағын да жарыққа шығармақшы.

"Жаңа альбомның мұқабасын дайындап жатырмыз. Қосымша қаражат тапқан күні әндерді жаза бастаймыз. Батырдың тірі кезіндегі арманын қалай да орындауымыз керек", - дейді Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі