Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео)

Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео)

Қасиетті Рамазан айының басталуына бір ай уақыт қалды. Еліміздің мұсылмандары да осы айда ауыз бекітіп, құдайға құлшылық етеді. Осы ретте «Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?» деген оқырмандардың сауалына дінтанушы жауап берді деп жазады baq.kz.

Бұл сұраққа Мысыр елінің әл-Азһар университетінен шақыртылған дінтанушы, шейх Мұхаммед Һашим Жамалуддин жауап берген екен.

«Намаз бен ораза өз алдына бөлек құлшылық-ғибадат болып есептеледі. Кімде-кім намаз оқымайтын болса, бірақ ораза ұстаса, ол намаз оқымағаны үшін күнә табады, ал ораза ұстағаны үшін сауап алады. Екеуі екі бөлек ғибадат. Намаз оқымаса, ораза ұстай алмайды деп бірде-бір ғұлама ғалым айтқан емес. Сондықтан біздің айтарымыз, оразаны ұстап қана қоймай, намазға да көңіл бөлу керек. Оның ешқандай қиындығы жоқ», - дейді Мұхаммед Һашим Жамалуддин.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Рамазан айы 27 мамырда басталады. (Ораза кестесі мында)
[media=https://youtu.be/8t9nmg7x6SI]

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Айгерим Сыздык
    Айгерим Сыздык 23.05.2017 10:39
    0 + 1 -
    Құдай өаласа ұстауға тырысамын.Алла қалап бес уақыт намазда үццренгім келеді.